Экономика • 26 Желтоқсан, 2023
Қарызын 90 күн бойы төлемеген тұлғаларға қайта несие берілмеуі мүмкін
Мәжілісте кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша түзетулер таныстырылды. Жиын Қаржы және бюджет комитетінде вице-спикер Дания Еспаеваның төрағалығымен өтті, деп жазады Egemen.kz.
Бокс • 26 Желтоқсан, 2023
Әлем чемпионы Махмұд Сабырхан жаңа атаққа ие болды
Туризм және спорт министрлігі жылды қорытындылап, үздік спортшыларды марапаттады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 26 Желтоқсан, 2023
Елімізде автогаздың жаңа шекті бағасы бекітілді
Энергетика министрлігінің 2023 жылғы 22 желтоқсандағы бұйрығымен ішкі нарыққа жеткізу жоспары аясында сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің шекті бағалары бекітілді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Желтоқсан, 2023
Қостанайда 10 көлік бір-біріне соқтығысты
Бүгін Қостанайда қатты жел соғып ауа райы қолайсыз болып тұр. Соның салдарынан бір мезетте 10 көлік соқтығысып, ірі жол апаты болды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 26 Желтоқсан, 2023
Асхат Тағыберген бағындырған тарихи жетістік
Қызылорда футболының түлегі Асхат Тағыберген биыл жанкүйерлерді жарқын жетістіктерімен қуантты. Сондай тарихи оқиғалардың бірі оның Ұлттық құрама сапында Дания қақпасына соққан голының Еуропада үздік деп танылуы, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Желтоқсан, 2023
Туған анасына алаяқтық жолмен несие алдырған
Петропавлда колледж студенті туған анасын 1 млн теңгеге алдады деген күдікке ілінді. Өзі алмаған несиені төлеу туралы хабарлама келгенде әйел полицияға жүгінген, деп жазады Egemen.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға • 26 Желтоқсан, 2023
Қызметтік борышын өтеу барысында өрт сөндіруші қаза тапты
Қызметтік борышын атқару кезінде екі қабатты жеке тұрғын үйдің шатырын шарпыған өртті сөндіру барысында өрт сөндіруші қайтыс болды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім қылды, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 25 Желтоқсан, 2023
Ел аумағында қатты жел соғып, қар жауады
«Қазгидромет» РМК 26 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктер ел аумағында циклонның ықпалы сақталатынын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 25 Желтоқсан, 2023
Жылдың үздік ТикТокер мұғалімдері анықталды
Оқу-ағарту министрлігі TikTok платформасымен бірлесе ұйымдастырған «Қазақстан мұғалімдері» байқауының жеңімпаздарын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 25 Желтоқсан, 2023
Артық ақша төлемеу үшін несие алғанда нені ескеру керек? Сарапшы пікірі
2019 жылы Президенттің пәрменімен 507 мың адамның несиесі кешірілген. Былтыр 30 желтоқсан күні белгілі критерийлер бойынша азаматтарды банкрот деп тану туралы заңды мемлекет басшысы мақұлдады. Мұндай шаралар тұтынушылардың төлем қабілетінің төмендеуі сынды мәжбүрліктен туып тұр. Мемлекеттік деңгейде мәселе көтеріліп, шара қабылданып жатқанымен, кәсіптен тапқан нәсібін ай сайын несие жабуға жұмсайтындар саны азаймай тұр. Биыл бұл көрсеткіш Ұлттық банктің сәуір айындағы есебі бойынша 15 триллион теңгеге жеткен. Бұл елдегі 7 939 000 адамның банкке берешегі. Бірі несиені дер кезінде өтесе, бірі қарызынан құтыла алмай «құрықталып жатыр». Соңғыларының несие шырмауынан шыға алмауы түбі түрлі әлеуметтік шиеленіске соқтырады. Ендігі жерде үкімет несие беру тәртібін қайта қарамақ.