Taza.kz
Дана МЫРЗАҚАДІР
Дана МЫРЗАҚАДІР«Egemen Qazaqstan»
4965 материал табылды

Саясат • 08 Қаңтар, 2026

Елімізге шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібі өзгерді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Үкіметтің 2025 жылғы желтоқсанда қабылдаған 2030 жылға дейінгі Көші-қон саясаты тұжырымдамасының негізгі ережелерін түсіндірді, деп жазады Egemen.kz.

Экономика • 08 Қаңтар, 2026

78 мыңнан аса бала «Ұлттық қордан» түскен қаржыға оқу ақысын төлеген

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының осы жылғы 1 қаңтардағы дерегінше, 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап «Ұлттық қордан» түскен қаржыны алу өтініші бойынша 31,61 миллион АҚШ долларынан астам қаражат уәкілетті операторларға аударылған, деп жазады Egemen.kz.

Білім • 08 Қаңтар, 2026

13 жастағы оқушы информатикадан республикалық олимпиаданың жеңімпазы атанды

Павлодарлық 7-сынып оқушысы Имран Кусанов бастауыш сыныптан-ақ компьютерлік бағдарламалауға, математикалық есептерге жүйріктігімен көзге түсіп келеді. Биыл ол республикалық Ауыл олимпиадасында 9-сынып оқушыларымен бір деңгейде сынға түскен. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Оқиға • 08 Қаңтар, 2026

Алматыда ер адам мешітте намаз уақытында ұрлық жасаған

Алматы қаласына қарасты Алатау аудандық полиция басқармасының қызметкерлері қала аумағындағы мешіттерде жасалған бірқатар ұрлық дерегін әшкереледі. Күдікті ретінде ер адам ұсталып, оның намаз уақытында ұялы телефон, әмиян және өзге де жеке заттарды жасырын түрде ұрлағаны анықталды, деп жазады Egemen.kz.

Аймақтар • 08 Қаңтар, 2026

Шымкентте үшем дүниеге келді

Мегаполисте 1 ай бұрын дүниеге келген үшем 6 қаңтар күні үйіне шығарылды. Нәрестелер Шымкенттегі қалалық перзентханада 39 күн бойы патология бөлімінде ем қабылдаған, деп жазады Egemen.kz.

Заң мен Тәртіп • 08 Қаңтар, 2026

Ұлттық қауіпсіздік комитеті жемқорлыққа оқталған 895 адамды ұстады

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2025 жылы атқарылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл нәтижелерін жариялады. Былтыр комитет қызметкерлері 895 адамның заңсыз әрекетінің жолын кескен, деп жазады Egemen.kz.

Медицина • 08 Қаңтар, 2026

Биыл медицина қызметкерлерінің еңбекақысы өседі

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Денсаулық сақтау министрлігі ем алушыға бағдарланған, медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған саланы жаңғырту және дамыту жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асырып жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Елорда • 08 Қаңтар, 2026

Астана тұрғындары аулаларын жаңартуға өтінім бере алады

Елордада 2026 жылы «Халық қатысатын бюджет» жобасын іске асыру жалғасып жатыр. Аталған жоба аясында тұрғындар өз аулаларын абаттандырып, жаңартуға өтінім бере алады. Қала әкімдігі өтінімдерді қабылдау басталғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Футбол • 08 Қаңтар, 2026

Офри Арад «Қайраттан» кетті

27 жастағы израильдік жартылай қорғаушы алматылық Офри Арад «Қайрат» клубындағы мансабын келісімшарт мерзімінің бітуіне байланысты аяқтады. Ол «Қайрат» сапына 2023 жылы қосылып, бастапқыда орталық қорғаушы ретінде команда намысын қорғады, деп жазады Egemen.kz.

Оқиға • 08 Қаңтар, 2026

Алматыда қойма өртенді

Өткен түні Алматы қаласындағы Солтүстік айналым тасжолында орналасқан қоймадан ірі өрт шықты. Бірінші өрт сөндіру жасақтары келгенде қойманың ашық жалынмен жанып жатқаны анықталған, деп жазады Egemen.kz.

Яндекс.Метрика