Taza.kz
Дана МЫРЗАҚАДІР
Дана МЫРЗАҚАДІР«Egemen Qazaqstan»
4986 материал табылды

Оқиға • 28 Қараша, 2025

Байқоңырда «Союз МС-28» зымыранын ұшыру кезінде аса қауіпті жағдай тіркелді

«Байқоңыр» ғарыш айлағында апат болды. Кеше Астана уақытымен сағат 14:27-де ұшырылған зымыран-тасығыштың бір бөлігі Ұлытау облысынан табылды. «Роскосмос» зымыран ғарыш станциясымен сәтті түйіскенімен, зақымданған бөліктер бар екенін растап отыр, деп жазады Egemen.kz.

Заң • 28 Қараша, 2025

Зейнеткердің 13 млн теңгесін алып кеткен ерлі-зайыпты алаяқтар ұсталды

Петропавлда ерлі-зайыпты  79 жастағы қала тұрғынының 13 миллион теңгесін қолды етті. Олар зейнеткерге қызының жол-көлік оқиғасына кінәлі екенін, істі жабу үшін қомақты қаржы қажет екенін айтқан. Айтылған мәліметтің рас-өтірігін тексермеген петропавлдық қаржыны курьер-дропперлердің қолына ұстатқан, деп жазады Egemen.kz.

Спорт • 28 Қараша, 2025

Жаңа жылдан бастап «Келешек мектептерінің» бағдарламасына дзюдо үйірмесі енгізіледі

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Азия дзюдо одағы президентінің кеңесшісі Айдар Махметов пен «Жеңіс» спорт клубының бас директоры Тимур Тұрсынбаевты қабылдады. Кездесуде тараптар «Келешек мектептерінің» бағдарламасына дзюдо үйірмесін қанатқақты жоба ретінде енгізу мәселесін талқылады, деп жазады Egemen.kz.

Заң • 28 Қараша, 2025

Астанада дүкеннен 156 млн теңге ұрлап кеткен әйел Стамбұлда қолға түсті

Айыпталушы 2021-2022 жылдар аралығында Астанадағы зергерлік бұйымдарын саудалайтын дүкенде сатушы болып қызмет істеген. 33 жастағы әйел аталған дүкеннен құны 156 млн теңгеден асатын бұйымдарды қолды еткен, деп жазады Egemen.kz.

Заң • 28 Қараша, 2025

Банк шотын есірткі сатушыларға берген 10 дропперге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Биылғы 16 қыркүйектен бастап банк шотын бөгде адамдарға пайдалану үшін бергендерді қылмыстық жауапкершілікке тарту бойынша арнайы бап күшіне енген еді. ІІМ жаңа норма енгеннен бері дропперлікке қатысты 10 қылмыстық іс тіркелгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Елорда • 28 Қараша, 2025

«Заң және тәртіп баланың көзімен». Қалалық сурет байқауының жеңімпаздары анықталды

Өскелең ұрпаққа «Заң және тәртіп» қағидатын ұғындыруды көздеген сурет байқауын Астана қаласының прокуратурасы мен әкімдігі бірлесе ұйымдастырған. Ерекше байқауда елордалық 5-7 сынып оқушылары бағын сынап көрді, деп жазады Egemen.kz.

Оқиға • 28 Қараша, 2025

Байқоңырдан ұшырылған зымыранның бір бөлігі Ұлытауға құлаған

27 қараша күні Астана уақытымен сағат 14:27-де «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшқыштар басқарған «Союз МС-28» зымыран-тасығышы ұшырылған. Аталған зымыран-тасығыштың бір бөлігі Ұлытау облысының елсіз аумағынан табылды, деп жазады Egemen.kz.

Спорт • 27 Қараша, 2025

Күрес түрлері бойынша құрама қайта жасақталады

1–6 желтоқсан аралығында Алматыдағы «Almaty Arena» спорт кешенінде ересектер арасында грек-рим, еркін күрес және әйелдер күресінен ел чемпионаты өтеді. Жарыс қорытындысы бойынша ұлттық құрама жасақталады, деп жазады Egemen.kz.

Елорда • 27 Қараша, 2025

Астанадағы Кирпичный елді мекеніне газ берілді

Елорданың Байқоңыр ауданында орналасқан Кирпичный елді мекені табиғи газбен қамтылды. Енді бұл аумақтағы тағы 255 үй табиғи газды тұтынады. Газ беру рәсіміне Байқоңыр ауданының әкімі Талғат Рахманберді, «QazaqGaz» ұлттық компаниясының өкілдері мен тұрғындар қатысты, деп жазады Egemen.kz. 

Спорт • 27 Қараша, 2025

«Копенгаген» құрамасының өкілдері қазақстандық жанкүйерлерге кәдесый таратты

Чемпиондар лигасының бесінші туры аясында күні кеше «Копенгаген» – «Қайрат» матчы өткен болатын. Матч алдында «Копенгаген» құрамасының өкілдері «Қайрат» жанкүйерлеріне құрмет көрсетті. Ал сырт алаңдағы кездесуде алматылық клуб 3:2 есебімен жеңілді, деп жазады Egemen.kz.

Яндекс.Метрика