Заң • 02 Қазан, 2024
Министрлер тұрғын үйін жалға бере алады
Үкімет мүшелері тұрғын үйін жалға беріп, одан табыс түсіруі мүмкін. Тиісті түзетуді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңға енгізу ұсынылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 02 Қазан, 2024
3 қазаннан бастап Ұлттық банк интернет-дүкенінде «SHAŃYRAǴYŃYZ SHATTYQQA TOLSYN» атты жаңа монеталар айналысқа шығарылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 01 Қазан, 2024
Астанада ұлы жазушы Мұхтар Әуезов ескерткішінің салтанатты ашылу рәсімі болды. Іс-шараға Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, руханият саласының өкілдері қатысты.
Көрме • 01 Қазан, 2024
Белгілі қылқалам шебері әрі мүсінші Тілеужан Батановтың шығармашылығы өнерсүйер қауымға жақсы таныс. Оның кенептегі кеңістігінде отбасы құндылығы, ғашықтық ғаламаты, ұлт мұраты сынды құнды тақырыптар көрініс табады. Туындыларын көзбен көріп, көңілмен сезіну үшін автордың «Сезім» атты көрмесі Астана қаласындағы Ұлттық музейде ел назарына ұсынылды.
Таным • 28 Қыркүйек, 2024
Ғалам ғажаптары: Зағиптарға арналған аппарат
Әгараки комикс қаһарманы Бэтмен жарғанатқа костюмімен ғана емес, түнде көре алатын қабілетімен де ұқсағысы келсе, ол міндетті түрде Ғалымжан Ғабдырашовтың өнертабысын қолданатын еді. Отандық ғалымның бұл аппараты зағип жандардың өмірін әп-сәтте жеңілдете алады.
Әдебиет • 28 Қыркүйек, 2024
Адамзаттық деңгейдегі ақыл-ой алыптары ұлт шекарасына сыймайды. Олар қара түннің шымылдығын дар айырып, шолпанды жыққан күн секілді арайын алысқа да, жақынға да шашады. Алақандай Бөріліде дүниеге келіп, Еуразия кеңістігінің ерен тұлғасына айналған жан – Мұхтар Әуезов.
Сұхбат • 27 Қыркүйек, 2024
Кеңшілік Тиышханұлы: Сенім сетінемеу керек
Қазір Абай мен Шәкәрімнің діни көзқарасы хақында сауал аз емес. Осы орайда белгілі дінтанушы, философия ғылымдарының кандидаты Кеңшілік Тиышханұлымен бабаларымыздың діннің кейбір доктриналарына көзқарасы, дінаралық диалог, оның біріктірушілік қасиеті және дербес тұлғаның діни құндылықтарды қабылдау кезіндегі ұстанымы тақырыбында әңгіме өрбіттік.
Байқау • 24 Қыркүйек, 2024
Алматы облысында республикалық «SportArtFest» байқауының финалы өтті. Іс-шара Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Ules» жобасы аясында ұйымдастырылды.
Қоғам • 23 Қыркүйек, 2024
Елорданың Ұлттық академиялық кітапханасында «KitapTime – 2024» жалпы республикалық кітап фестивалі өтті. Оқуды кеңінен насихаттау, интеллектуалды жастарды ынталандыруды мақсат еткен жаназық жәрмеңкесі мемлекетіміздің көпшілік кітапханаларының қолдауымен еліміздің әр өңірінде ұйымдастырылды. Айта кетейік, игілікті жоба Мәдениет және ақпарат министрлігінің ыждағатымен биыл үшінші рет өткізіліп тұр.
Әдебиет • 20 Қыркүйек, 2024
Тентектіктің теориясы жоқ. Жүре келе жұғатын емес, туа сала тұнатын бұл мінезді ақын қауымының арқалап жүретіні бар. Буырқанып, бұрсанған бойындағы бұла күш ақылдың арнасына түссе, қаламынан күркіреген жыр туады. Алайда ақын өлеңді ешкімге де соқтықпай, момын қалпында жазса да болады емес пе? Орыс ақыны Сергей Есенин бұған былай деп жауап береді: «Жасырмаймын, тентек болған шығармын, жарқынырақ жану үшін мен, бәлкім». Қазақтың да Есенин секілді ақ сары жүзді ақыны бар. Ол өзінің асаулығын былай деп түсіндіреді: «Пәтуалы ақсақалы аз елде, мен еріксіз «Сары тентек» атандым». Біздің бүгінгі әңгімеміз қазақтың «сары тентегі» – ақын Қуаныш Мақсұтов хақында болмақ.