Абзал МАҚАШ
Абзал МАҚАШ«Egemen Qazaqstan»
365 материал табылды

Мәдениет • 03 Тамыз, 2024

Маэстро Микеланджело

1508 жылдың көкек айында Папа Юлий Микеланджелоны Римге шақырады. Дінбасы оған шіркеуге күрделі әрі таңғажайып фрес­ка салуды ұсынады. Микеланджело одан бас тартпақ болады. Себебі оған Құдайдың әлемді жарату кезеңін бейнелеу керек-тұғын. Адам ақылы жетпейтін әрі тәңірлік тылсымға толы дүние болған соң мүсінші жүрексінеді. Бірақ Юлий «Әгараки бас тартсаң, туған қалаң Флоренцияға әскер жіберемін», деп доқ көрсетеді. Амалы қалмаған Микеланджело «Сикстин капелласының» төбесін безендіруге кіріседі.

Мәдениет • 01 Тамыз, 2024

Шолпы сыңғыры

Астана қаласынан бес шақырым жерде орналасқан Бозоқ археологиялық ескерткішінің аумағында «Бозоқ аруының шашбауы» атты республикалық этнографиялық фестиваль өтті. Салтанатты іс-шара аясында «Шолпы тағу» рәсімі көрсетілді.

Ең қысқа әңгіме • 31 Шілде, 2024

Өзім деп кімді айтамыз?

Өзіңді жақсы көру керек деп өзеуреп жатамыз. Осы ойды басшылыққа алып, қалағанымызша жүрсек, тойғанымызша жесек дейміз. Бірақ өзіңді сүймесең өмірдің өзі болмас еді ғой. Біз өзіміз деп кеудеміздегі құдайлық рухты айтамыз ба, жоқ нәпсімізді ме?

Ғылым • 30 Шілде, 2024

Көмірсутек бейтараптануын кеңейтетін жоба

Назарбаев университетінің жас ғалым­дары көмірсутекті бейтараптандыру саласында серпінді жоба дайындап жатыр. Мұнай өн­діре бастаған жүз жыл­дың бедерінде ел аума­ғында көптеген жерасты қуысы пайда болған. Аталған оқу ордасындағы тау-кен ісі және жер туралы ғылымдар мектебінің магистр­лері мен докторанттар тобы бұларды ел эконо­микасына тиімді пайдалануға болады деп есеп­тейді. Мәселен, көмірқышқыл газын сақтау үшін. Ғылыми жобаның сәтті жүзеге асуы мемлекеттің бір­ден екі мәселесін шешуге жол ашады. Бі­ріншіден, ауа құрамы зиян­ды қалдық­тардан тазартылса, екіншіден, қар­қын­ды мұнай өндіру аумағында пайда болатын жер астындағы бос кеңістіктер толтырылады.

Әдебиет • 30 Шілде, 2024

Әділ Ботпанов әлемі

Әулиелер мен хакімдерден кейін пайғамбарлық аманатты арқа­лайтын – ақындар. Тілім-тілім жүрегінен шашыраған Тәңірінің сәулесін жаһанға жаятын осы санат сарбаздары. Ол дүниеге келген кезде аспанның алты қабатындағы мәликелер мейрам етіп, бақиға бет түзегенде, көзінің жасын әбден бұлайды. Ал Тәңірлік әлемнің табалдырығын ашық-әшкере аттамай, жоқтыққа шым батып кеткен қалам иелерінің тағдыр таланын қай өлшемге сала аламыз? Замандастары бес күн жалғанға екі-ақ күн түнеген Әділ Ботпановтың да ләмәканға сіңіп жоғалғанына әлі сенбейді. Құдды қасы­мызда жүргендей, күндердің күні күлімсіреп алдымыздан шығатындай күтеді. Ал кей достары оны өлеңнің қандай болу керектігін көрсетті де, ғайып-ерен қырық шілтеннің артына ілесіп кете барды дейді.

Таным • 27 Шілде, 2024

«Жеңімпаз» синдромы

Өмір бойы аңсаған арманыма қол жеткіздім. Тәубе, ал әрі қарай не істеу керек? Енді не нәрсеге ұмтылып өмір сүремін? Бұл – чемпиондық тұғырды бағындырғаннан кейін көптеген спортшының бас ауруына айналатын сұрақтар. Өкінішке қарай, көбі бұларға жауап таппай, өмірден баз кешіп кетеді.

Ең қысқа әңгіме • 26 Шілде, 2024

Әуселесін ә дегеннен білген

1972 жылы өткен Мюнхен олимпиадасы Вильфрид Дитрихтің жеңісімен тарихта қалды. Сол жолы 118 кг салмақта күрескен неміс палуаны 201 килолық Крис Тейлорды шалқасынан түсірді. Жиырма бірдегі америкалықтың отыз тоғыздағы әккі немістің әдісіне түсіп қалғанын әлеуметтік желіде әлі күнге дейін жарыса жазып жатады.

Көрме • 23 Шілде, 2024

Кенептегі дала дидары

Елорда төріндегі Ұлт­тық музей биыл 10 жыл­­дық мерейтойын атап өтіп жа­тыр. Со­ған орай «Да­ла кес­кін­демесі: рәміз­дер, бояу­лар, бейне­лер» атты көрме мен оның аясында шық­қан каталогтың тұсау­кесер рәсімі өтті.

Мирас • 20 Шілде, 2024

Сандықтауға қашалған бейне

Ақмола облысынан тарихи ар­тефакт табылды. Оны Сан­дықтау ауданындағы өрт сөн­дірушілер ормандағы рейд кезін­де аңғарған. Жаңалықты Ақ­мола облысының Төтенше жағ­­­дайлар департаменті мен та­рихи-өлкетану мұражайына хабарлаған. Бұдан соң жәдігерге астаналық ғалымдардан бөлек шет­ел­дік ғалымдардың да қызы­ғу­шылық тудырғаны белгілі болды.

Қоғам • 18 Шілде, 2024

Шахмат тастарының атауы қайдан шықты

Шахмат ойыны мың жарым ғасыр бұрын Үндістанда «чатуранга» атауымен пайда болған. Кейін ол парсылардың сүйікті ойынына айналып, жер-жаһанға таралған.