Абзал МАҚАШ
Абзал МАҚАШ«Egemen Qazaqstan»
169 материал табылды

Қоғам • 26 Қыркүйек, 2025

Суицид туралы грек ойшылдары не дейді?

Өз-өзіне қол салу – ежелден-ақ адамзат ойшылдарын толғандырған ауыр тақырып. Грек ойшылдары Платон мен Аристотель бұл мәселеге жай ғана жеке адамның таңдауы ретінде емес, жанның мәңгілігіне, әділет заңына, мемлекет алдындағы жауапкершілікке байланысты қараған. Қадірлі оқырман, адамзат санасына ересен еңбек еткен екі философтың осы мәселе төңірегіндегі салмақты ойларын жинақтап, назарларыңызға ұсындық.

Әдебиет • 26 Қыркүйек, 2025

«Шефтің» шешімі

«Болмысымның бөлекше, тіпті біртүрлі қасиеті бар: бейтаныс адамдар мені жаңа ғана бір жерде көргендей әсерде жүреді». Бұл неміс барлауында жүрген Сергей Исаевтың яки Штирлицтің Юлиан Семенов жазған «Көктемнің он жеті сәті» романындағы лепесі. Расында қылмыс айналасында жүрген адамның қашанда келбеті күңгірт, әрекеті үстірт. Ал ол көркем шығарма кеңістігіне түскен кезде болмысы тіптен күрделеніп, дамыған драматизм арқылы оқырманды оқиға желісіне тартып отырады. Жазушы Алпамыс Бектұрғановтың «Шеф» атты романы да қазақ детектив жанрына қосылған жаңа туынды.

Өнер • 23 Қыркүйек, 2025

Өнерсіз өмір мүмкін бе?

Адам жанының көркем өнімі саналатын өнер атты құбылысқа заман ойшылдары әртүрлі анықтама берген. Аристотель үшін өнер – еліктеу болса, Толстойша, адам өмірінің қажетті шарты. Ал Қорқыт бабамыз ажалды өнер арқылы жеңуге талпынған. Не де болса өнердің өмірімізде алатын орны ерекше. Ол бұрын да солай болған, қазір де сол қалпынан ажыраған жоқ. «Қазір» дегеніңіз  бір қолын өткенге, бір қолын келешекке сүйейтіндіктен, өнердің арғы замандағы маңызы мен келешектегі келбеті хақында танымдық барлау жасау мәдениетті қоғамның мәйекті тақырыбы деп санаймыз.

Ән • 22 Қыркүйек, 2025

«Абай арманы» нотаға түсті

Дүниені танудың тармағы көп, соның бірі – әуен арқылы әлемге үңілу. Хакім Абайдың ғаламшарына бұл жолы музыка кемесінің зерттеушілері келіп қонды. Француздың көрнекті композиторы Пьер Тиллуа «Абай арманы» атты шығарма жазып, ақын әлемінің көркемдік кеңістігіне бойлады. Саз бақшасы мен сөз патшасының үйлесімі «Қазақконцерт» сахнасында көрініс тапты.

Заң мен Тәртіп • 19 Қыркүйек, 2025

Авторлық құқық жүйесі талқыланды

Қазір ақпарат айдынындағы мәтін, фотосурет, бейнематериалдар көз ілеспес жылдамдықпен жаһанға жайылады. Бұл жағдай журналистер мен редакциялардың алдына авторлық құқықты сақтау жауапкершілігін жүктейді. Сондықтан заңгер, PhD Рамазан Көкжал «Қазақ газеттері» серіктестігің шаңырағына келіп «Журналистикадағы авторлық құқық» тақырыбында БАҚ өкілдеріне дәріс оқыды.

Дін • 19 Қыркүйек, 2025

Шейх Әл-иса: Палестиналықтардың тағдырына саясат ықпал етті

Астанада VIII Дүниежүзілік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі өз жұмысын аяқтады. Екі күнге созылған бұл маңызды халықаралық жиында әлемнің түкпір-түкпірінен келген діни қайраткерлер, саясаткерлер мен сарапшылар бейбітшілік, толеранттылық, өзара құрмет және қазіргі заманның ең өзекті мәселелерін талқылады. Форумға қатысқан беделді тұлғалардың бірі - Дүниежүзілік Ислам Лигасының Бас хатшысы, шейх Мұхаммед бен Абдулкарим әл-Иса. Ол съезд аясында қазіргі әлемдегі дін лидерлерінің жауапкершілігі мен бейбітшілікті ілгерілетудегі рөлі туралы өз пікірін білдірді.

Егемен Қазақстан • 18 Қыркүйек, 2025

«Егемен» не деген? 18 қыркүйек, 1990 жыл.

Жасанды интеллектінің кернеуі күннен күнге күшейгенімен, жылдар арасында жылжытып отыратын уақыт машинасы әлі жасалған жоқ. Сондықтан ілгері замандағы ілкімді ізденістер мен өзекті өзгерістерді гаджеттен емес, газеттен қарауға тура келеді. Әсіресе, халықтың дәл сол кездегі хал-ахуалын БАҚ айнасы анық көрсетеді. Хош, осыдан 35 жылға кейін шегініп көрейікші.

Қоғам • 17 Қыркүйек, 2025

Этносаралық журналистика мәселелері талқыланды

«Қазақ газеттері» серіктестігінде Қазақстан халқы ассамблеясы академиясының «Этносауаттылық және этносаралық қатынастарды БАҚ-та жариялау мәселелері» атты оқу модулінің аясында жетекші газет тілшілерімен тәжірибе алмасу жиыны өтті. Серіктестік директоры Дихан Қамзабекұлы модераторлық еткен басқосуға өңірлік ҚХА журналистер клубтарының төрағалары мен мүшелері, «Қоғамдық келісім» мекемесінің баспасөз хатшылары, депутаттар мен ҚХА мүшелері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Digital • 10 Қыркүйек, 2025

Ақылды қала: мүмкіндіктер мен шектеулер

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Алатау қаласын заманауи цифрлы орталыққа айналдыру жөнінде бастама көтерді. Бұл тұжырымдама ғылыми ортада кеңінен талқыланып отырған «смарт қала» моделіне сәйкес келеді. Мұндай шаһарларда жаңа технологиялар көлік жүйесін жеңілдетіп, энергияны үнемдеумен ғана шектелмейді, сонымен бірге адамдардың күнделікті өміріне де ықпал етеді. Айталық қауіпсіздік күшейеді, қызметтер қолжетімді бола түседі. Бірақ бұнымен қатар құпиялылық пен әлеуметтік теңсіздік сияқты жаңа мәселелер де күн тәртібіне көтерілуі мүмкін. Сондықтан цифрлы қаланың шынайы мүмкіндіктерін, оның қоғамға беретін пайдасы мен тудыратын қатерлерін зерделеп көрдік.

Қоғам • 09 Қыркүйек, 2025

Әлеуметтік паразитизм: масылдық мәні неде?

Мемлекет ағзасы – қоғам, ал оның әрбір жасушасы – адам. Сондықтан жеке адамның болмысындағы жақсы-жаман қасиеттер қоғамның да ахуалынан хабар береді. Адам бойындағы жалқаулық, тоғышарлық, масылдық сияқты мінез кеселдері халық санасына да сіңіп, бүгінде рухани дерттің айқын белгілеріне айналып отыр. Ғылым тілінде мұндай құбылыс «әлеуметтік паразитизм» деп аталады.