Аймақтар • 20 Маусым, 2024
Маңғыстау облысындағы ауызсу тапшылығы мәселесі қалай шешіліп жатыр?
Маңғыстау облысында тұщы су мәселесі өте өзекті.
Есірткі • 18 Маусым, 2024
Есірткі саудасы қашан тыйылады?
«Солтүстік Қазақстан облысында есірткі таратумен айналысқан 23 жастағы жігіт 15 жылға сотталуы мүмкін». Жуырда осындай ақпаратты Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсындағы жаңалықтан оқып қалдық. Өмірдің қызығын енді көре бастаған өрімдей жастың алдағы 15 жылы темір тордың арғы жағындағы түнекте өтетінін елестетсең, жүрекке әжептәуір салмақ түседі. Ішті күйдіретіні сол, бұл жігіт оңай олжаға кенелем деген «кәсібімен» небәрі бір-ақ апта ғана айналысып үлгеріпті.
Экономика • 15 Маусым, 2024
Біздің ел құрлықтан мұхитқа шығар төте жолы болмағандықтан, сыртқы елдермен арғы-бергі алыс-беріске, сауда-саттық қатынасқа қара жол мен әуе және темір жол тасымалын пайдаланады. Еуразияның жүрегіндегі ұлан-ғайыр даламыз кезінде Шығыс пен Батысты жалғаған Ұлы жібек жолының қай тармағына болса да жайлы әрі тиімді болған. Бүгінде экономикаға иек артқан еліміз кейінгі жылдары транспорт және логистика саласында да айтарлықтай жетістікке жетіп келеді. Әсіресе Ресей санкцияның қыспағына қалғалы солтүстік көршіден шығатын да, ол елге жеткізілетін де тауарлардың дені Ұлы дала арқылы кіріп-шығып жатыр.
Құқық • 14 Маусым, 2024
Әлемге танылған соттар тәжірибесі
«Астана» халықаралық қаржы орталығында осы орталық Сотының төрағасы Мэлдон лорд Бернетт пен АХҚО Халықаралық арбитраж орталығының төрағасы Томас Крюммельдің қатысуымен пікірталас сессиясы өтті. Кездесуге АХҚО сотының тіркеушісі және Халықаралық арбитраж орталығының аппарат жетекшісі Кристофер Кэмпбелл-Холт модераторлық етті.
Үкімет • 13 Маусым, 2024
Тұрғын үймен қамтамасыз етудің тиімділігі артады
Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен палатаның жалпы отырысы өтіп, күн тәртібінде негізінен әлеуметтік, құқықтық мәселелерді қарастырған заң жобалары талқыланды. Сондай-ақ бірқатар халықаралық келісімді ратификациялауға бағытталған заңдар қабылданды. Сонымен қатар Мәжіліс комитеттері жаңа заң жобаларын жұмысқа алды.
Отбасы • 12 Маусым, 2024
Отбасы қауіпсіздігі – ортақ мәселе
Мемлекетіміздің басты байлығы, қымбат қазынасы – адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары екені Ата заңымызда анық жазылған. Сондықтан құқықтық мемлекетте адамның денсаулығына, өміріне қауіп төндіруге, қорлауға, ұрып-соғуға, қысым көрсетуге жол жоқ. Президент ана мен бала құқығын қорғауды, тұрмыстық зорлық-зомбылықты реттейтін жаңа заңға қол қойғанына да көп уақыт өте қойған жоқ.
Қоғам • 12 Маусым, 2024
V Халықаралық жастар театры фестивалі мәресіне жетті
Алматыда Достастық елдеріне кіретін тоғыз мемлекет кәсіби мамандар мен мәртебелі көрерменнің талқысына өз театрларының жас режиссерлерінің туындыларын ұсынды. Қазылар алқасы үміткерлердің ішінен үздіктерін анықтаса, ауқымды мәдени іс-шараға қатысушылар уақытты текке кетірмей, жұмысын барынша көрсетіп қалуға әрі өздеріне керекті рухани азық алып кетуге тырысып бақты.
Саясат • 11 Маусым, 2024
Қазақ-корей байланысының жаңа кезеңі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 11-13 маусым күндері Оңтүстік Корея Президенті Юн Сок Ёльдің елімізге мемлекеттік сапары өтеді. Сапар барысында екі ел басшыларының келіссөзі және қазақ-корей бизнес-форумы жоспарланған. Сонымен қатар келіссөз аясында екі елдің ынтымақтастығын нығайту мақсатындағы құжаттарға қол қойылады.
Қоғам • 07 Маусым, 2024
Биылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 5 926 этностық қазақ тарихи Отанымен табысып, қандас мәртебесін алыпты. Ал жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 134,3 мың этностық қазақ оралған. Бұл жөнінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 07 Маусым, 2024
Сыртқы істер министрлігінде Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің қатысуымен «Қазақстанның Ізгі ниет елшілері» жобасын іске асыруға арналған ресми рәсім өтті. Бұл жобаның Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей бастамасымен жүзеге асырылып жатқанын айта кеткен жөн.