Жасұлан СЕЙІЛХАН
Жасұлан СЕЙІЛХАН«Egemen Qazaqstan»
253 материал табылды

Үкімет • 22 Мамыр, 2025

Медициналық көмектің бірыңғай пакеті енгізілмек

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен палатаның жалпы отырысы өтіп, Мәжіліс комитеттері жаңа заң жобаларын жұмысқа қабылдады. Атап айтсақ, дамушы елдерді ерекше ескере отырып, ең төмен жалақыны белгілеу туралы конвенцияны, Қазақстан мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобалары талқыланды. Сондай-ақ күн тәртібінде инновациялық қызмет саласын мемлекеттік қолдау мәселелерін қарастыратын заң жобасы екінші оқылымда қаралды.

Экономика • 16 Мамыр, 2025

«Каспий» биржасында битум саудасы 23 мамырда басталады

«Каспий» тауар биржасы» АҚ БНД 70/100 маркалы мұнай жол битумының ұйымдастырылған биржалық саудасы басталғаны туралы хабарлайды. Алғашқы сауда 2025 жылдың 23 мамырында өтеді.

Әйел әлемі • 16 Мамыр, 2025

Астанада репродуктивті денсаулық мәселелеріне арналған дөңгелек үстел отырысы өтті

15 мамырда Астанада Репродуктивті денсаулық апталығы аясында дәрігерлер, сала мамандары, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері мен журналистердің қатысуымен дөңгелек үстел отырысы өтті.

Әскер • 07 Мамыр, 2025

Айбыны асқақ армия

Жеңістің 80 жылдығы құрметіне Астана қаласында дәл бүгін – Отан қорғаушы күнінде үлкен ауқымдағы парад ұйымдастырылатыны күн ілгері белгілі болған. Әскери шерудің дайындық барысын тамашалап қайтқан тілшіміз бұл салтанатты іс-шарада Екінші дүниежүзілік соғыс жеңісінің рәміздерінің біріне айналып, жұлдызы болып жарқыраған «Т-34» танкісінен бастап, бүгінгі заманауи әскери дрондардың да сап түзейтінін біліп қайтқан-ды.

Экономика • 06 Мамыр, 2025

Биржалық саудадағы қазақ тілі – құқық па, әлде ерекшелік пе?

Қазақстан азаматтары биржа саудасына орыс тілін білмей қатыса ала ма? Қазақстанда қанша тауар биржасы қазақ тілінде сауда жүргізуге мүмкіндік береді? «Каспий» тауар биржасы» АҚ заң бөлімінің бастығы Әділбек Ахметов биржаның ішінде жүріп өзінің байқаған нәрселері жайлы ой бөлісіп, жүйелі өзгерістерді ұсындады.

Өшпес даңқ • 03 Мамыр, 2025

«Батырларға тағзым» порталы күн сайын толығып келеді

Елімізде «Батырларға тағзым» порталы іске қосылған алғашқы күндері-ақ өңірлердің белсенділігі байқалды. Дегенмен ақпараттар әр өңірден әркелкі келді. Порталға келген анкеталардың саны күн сайын артып келеді. Мәселен, алғашқы айда Қарағанды облысы мен Алматы қаласы тұрғындары белсенділік танытқан. Бұл өңірлер – соғысқа қатысқан отандастарымыздың ең көп шоғырланған аймақтарының бірі.

Экономика • 01 Мамыр, 2025

 «Каспий» биржасында ұйымдастырылған күкірт саудасы басталды

«Каспий» тауар биржасында агроөнеркәсіптік және химиялық секторлар үшін стратегиялық маңызды өнім — техникалық түйіршіктелген күкірттің саудасы ұйымдастырылды.

Мереке • 01 Мамыр, 2025

Елдіктің берік тұғыры

Ынтымағы жарасқан елдің ғана ризығына бақ бұйыратыны Төле бидің әкесінен көрген тәрбиеге толы тәмсілінде тауып айтылған. Әлібек бидің бала Төлені сынап көрген бір бума шыбық сындыру тәжірибесі күні бүгінге дейін өзектілігін жойған жоқ. Жастайынан талай атақты абыздың алдынан өтіп, солардың батасымен бағы жанған төбе бидің тәмсілі әлі талай елдік мәселемізге жарар. Ынтымақ-бірлігімізді бекемдеуде таптырмас құрал болар.

Білім • 29 Сәуір, 2025

 «ЖИ – көшіруге болатын жүйе емес, көмекші»: Алматыда білім беруді цифрлы трансформациялау жөнінде уоркшоп өтті

25 сәуірде Алматы гуманитарлық-экономикалық университетінің (АГЭУ) базасында Teachers’ Summit «Мастер-ұстаз: цифрлы трансформация және жасанды интеллект» атты практикалық уоркшоп өтті. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген педагогтер ChatGPT-ден Perplexity және TikTok-қа дейінгі жаңа технологиялардың оқыту форматын қалай өзгертетінін және білім беруді дербестендіруге қандай мүмкіндіктер ашатынын талқылады.

Қоғам • 26 Сәуір, 2025

Ел дамуына үлес қосқан тұлғалар мерекелік медальмен марапатталды

Биыл – Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл. Осы жылдар ішінде еліміздегі жүзден астам ұлт бір шаңырақтың астында «бір ел, бір халық, бір тағдыр» қағидасымен өмір сүріп келеді.