Қоғам • Кеше

Қажетті ұсыныстар айтылды

10 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Мәжіліс депутаттарының өңірлерге жоспарланған жұмыс сапарлары әлі жалғасын тауып келеді. Бұл жолы депутаттар Абай, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Ұлытау облыстары мен Алматы және Шымкент қалаларында болып, жергілікті жұртшылықпен кездесті.

Қажетті ұсыныстар айтылды

Сурет: turkystan.kz

Мәжіліс депутаты, «Amanat» партиясы фракциясының мүшесі Нұртай Сабильянов Үржар ауданына жұмыс сапары барысында әлеу­меттік және инфрақұры­лым­дық жоба­­лардың іске асырылу барысы­мен та­нысты, шалғай­дағы елді мекен­дердің тұрғындарымен кездесті.

Депутат алдымен Лайбұлақ ауы­лын­­дағы медициналық пунктке ба­рып, одан кейін 2 700-ге жуық адам тұ­ратын Таскескен ауылын­дағы спорт мо­дулінің жұмысымен танысты.

Жұмыс сапарының соңында депутат Таскескен, Лайбұлақ, Алтын­шоқы және Жаңатілек ауыл­дарының тұрғындарымен кездесу­лер өткізді. Н.Сабильянов кез­де­с­уде ауылдың дамуы Мем­л­е­кет басшысы белгілеген негізгі міндеттердің бірі екенін атап өтті.

Қарағанды облысына барған Мәжіліс депутаттары, «Amanat» пар­тиясы фракциясының мүше­лері Бауыржан Смағұлов, Асхат Айма­ғамбетов, Тілектес Адам­беков, Құдай­берген Бексұл­танов, Арман Қалықов, Үнзила Шапақ және Никита Шаталов Саран қаласының индус­т­риалды аймағында болат түзу тігісті құ­бырлар шығаратын TEMPO Kazakhstan зауытының іске қосылу бары­сымен танысты. Кәсіпорын тұр­ғын үй-коммуналдық шаруа­шы­­лық­қа, құрылысқа және жылу желі­леріне арналған құбыр түр­лерін шы­ғаруды көздепті. Қазірдің өзінде қосу жұмыстары жүргізіліп, тиіс­ті ке­лі­сім­шартқа сәйкес құбыр түр­лері өн­діріле бастаған. Ал толық өнді­ріс циклінің алғаш­қы кезеңін ал­да­ғы ма­мыр айында іске қосу жоспарланған. Артынша өнім желісі кезең-кезеңімен кеңейе бермек. Мәжіліс депутаты Бауыржан Сма­ғұлов атап өткен­дей, мұндай өнді­ріс­ті іске қосу тек өңір үшін ғана емес, бүкіл ел үшін стратегиялық маңызға ие.

Батыс Қазақстан облысында болған Мәжіліс депутаты, «Amanat» фракциясының мүшесі Снежанна Имашева Орал қаласында Batys Hub иннова­циялық орталығының ұжымы­мен кездесіп, цифрлан­дырудың өңірдің дамуына тигізер ықпа­лын талқылады. Кездесу барысында депутат орталықтың қызметімен жан-жақты танысып, цифрландырудың өңір дамуына тигізер ықпалына ерекше тоқталды. Ол Batys Hub базасында жүзеге асырылып жатқан жобалардың аймақ экономикасын әртараптандыру­ға, жастардың заманауи цифр­лық дағдыларды меңгеруіне және инновациялық бастамалардың кеңінен қолдау табуына ықпал ететінін атап өтті.

Мәжіліс депутаты, Қазақстан Халық партиясы фракциясының мүшесі Ислам Сұңқар өңірлерге жұмыс сапары аясында Шымкент қаласына ат басын бұрып, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетіне барды. Универ­ситеттің профессор-оқытушы­лар құрамымен және студенттері­мен ашық форматта өткен кездесуде жоғары білім беру мен ғылым саласындағы өзекті мәселелер жан-жақты талқыланды. Университет ұжымы мен білім алушылар Мә­жіліс депутатына өздерін толған­дыр­ған сұрақ­тарын қойып, жоғары білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған нақты ұсыныстарын ортаға салды.

Мәжіліс депутаттарының Жез­қазған тұрғындарымен кезде­суінде балалар спортын қолдау мәселелері сөз болды. «Amanat» партиясы фракциясының мүше­лері Ерболат Сатыбалды мен Аманжол Әлтай Жезқазған қала­сын­дағы заманауи CK-NAMYS спорт академия­сына барып, жас спортшыларды даярлау барысы­мен танысты.  «CK-NAMYS» спорт академиясы «Amanat» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында салынға­нын атап өткен жөн. Жобаға шама­мен 4 млрд теңге инвестиция са­лын­ды. 10–16 жас аралығындағы 200-ге жуық баланы даярлауға арналған ака­демияда қазіргі таңда 152 жас спортшы білім алып жатыр.

Мәжіліс депутаттары, «Amanat» партиясы фракция­сының мүше­лері Айгүл Құспан, Сергей Пономарев және Айдос Сарым Алматы қа­ласы­ның тұрғын­дарымен кезде­сіп, мегапо­листегі бірқатар ұйым­дар мен мекемелерді, оның ішін­де әлеу­меттік инфрақұрылым және мәдениет нысандарын аралады. Азамат­тарды жеке қабыл­­дау барысында Мәжі­ліс депу­таты Айдос Сарым тұрғын­дар­­дың өтініш-тілектерін тыңдап, бірқа­тар мәселелер бойынша қолда­ныс­­­тағы заңнама аясында түсіндір­ме­лер берді. Ал кейбір өтініштер қосым­ша зерделеу үшін жұмысқа алынды.

Мәжіліс депутаты Сергей Поно­марев Алматыдағы Мұхтар Әуезов атындағы Мемлекеттік акаде­мия­лық драма театрының ғима­рат­ына, ал Айгүл Құспан Алматы облысында орналасқан Ұлт­­тық қауіп­сіздік комитеті Шекара қыз­метінің техникалық және кәсіптік білім беру бөлім­шесіне барды.

Сонымен қатар депутаттар Наурызбай ауданындағы Шұғыла шағын ауданында салынып жат­қан II типті өрт сөндіру депосының құрылысымен танысты. Бұл нысан «Amanat» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатыр. 

Соңғы жаңалықтар