
Әлем • 20 Қыркүйек, 2024
Цифрландыру саласындағы тарихи жетістік
Еліміз цифрлық басқару саласында жаһандық аренадағы деңгейін нығайтып келеді. 2024 жылғы UN E-Government Survey есебіне сәйкес, еліміз электронды үкіметті дамыту бойынша әлемдік рейтингте 24-орынға көтеріліп, бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда позициясын 4 сатыға жақсартты.
Аймақтар • 20 Қыркүйек, 2024
Халық штабы Атырау ғалымдарымен кездесті
АЭС салуды қолдау жөніндегі Халық штабы еліміздің мұнайлы астанасы Атырау қаласында болды. Мұнда ғылыми қауымдастықпен, қалалық жылу электр орталығы қызметкерлерімен, өндірушілермен, мұнай-газ және химия өнеркәсібінің өкілдерімен бірқатар кездесу өтті.
Құқық • 18 Қыркүйек, 2024
Адам саудасына қарсы күрес күшейе береді
Биыл елімізде адам саудасымен күрес мәселесін реттейтін алғаш рет дербес заң пайда болды. Наурыз айында Мәжіліс «Қазақстан Республикасындағы адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасы мен оған ілеспе түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдап, маусым айындағы екінші оқылымда қабылдаған. Заң жобалары Мемлекет басшысының 2022 жылғы 13 сәуірдегі «Адам құқықтарын қорғау саласындағы одан әрі шаралар туралы» Жарлығын іске асыру мақсатында әзірленген. Аталған заңдарға түзетулер мен толықтырулар енгізген жаңа заңға Президент 5 шілдеде қол қойып, қолданысқа жіберді. Осылайша адам құқықтарын бұзудың ең қатыгез түріне жататын адам саудасына қарсы күрес елімізде басталып кетті.
Білім • 17 Қыркүйек, 2024
Студенттерді жігерлендірген жүздесу
Елімізге ресми сапармен келген Германияның Федералдық канцлері Олаф Шольц Астана қаласындағы Maqsut Narikbayev University студенттерімен кездесті. Кездесуде канцлер студенттердің түрлі бағыттағы сұрақтарына жауап беріп, еркін форматта әңгімелесті.
Саясат • 17 Қыркүйек, 2024
Қазақстан-Германия: Еларалық ынтымақтастықтың жаңа белесі
Германияның Федералдық канцлері Олаф Шольц Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен елімізге ресми сапармен келді. «Ақорда» резиденциясында Олаф Шольцті салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.
Мәселе • 13 Қыркүйек, 2024
Қылмыстық кодекстегі қисынсыз бап немесе киік мүйізінің әуресі
Мәжілістің осы аптадағы жалпы отырысында төменгі палатаның Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі, депутат Абзал Құспан еліміздің Бас прокуроры Берік Асыловқа депутаттық сауал жолдап, онда киіктің мүйізіне бола әділетсіз сотталып кетіп жатқан отандастарымыздың жанайқайын жеткізді. Сондай-ақ депутат еліміздің батыс өңіріндегі киікке қатысты, сол киіктің шамадан тыс көбеюі салдарынан туындаған жергілікті шаруалар мәселесін былтырдан бері тұрақты түрде көтеріп келе жатқанын, алайда Үкімет бұл мәселелерді шешуде қауқарсыздық танытып отырғанын айтты.
Үкімет • 12 Қыркүйек, 2024
Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен палатаның жалпы отырысы өтіп, оның күн тәртібінде негізінен әлеуметтік, құқықтық мәселелерді қарастырған заң жобалары қаралды. Сондай-ақ бірқатар халықаралық келісімді ратификациялауға бағытталған заңдар қабылданды. Сонымен қатар Мәжіліс комитеттері жаңа заң жобаларын жұмысқа алды.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 10 Қыркүйек, 2024
Бес құрлықтың басын қосқан бәсеке
Қай мағынасында айтсақ та, Астанада күн өткен сайын көшпелілердің дүбірі мен думаны, спортшыларды қолдаушы қауымның қиқуы қатты естіле бастады. Қазір елордада үшінші күн өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарында 89 елден 2500-ге жуық қатысушы далалықтарға тән 21 спорт түрінен 97 медальды сарапқа салып жатыр. Ал Астананың әр тұсынан мейманына қақпасын айқара ашқан этноауылдар тойға келген қалың қауымға қызмет етіп, қаланың әр тұсы нағыз думанға айналған.
Қоғам • 07 Қыркүйек, 2024
Халықаралық арбитраж саласындағы әйелдер мәртебесі
Халықаралық төрелік орталығы жұмысының жеңіл емес екені анық. Себебі орталық негізінен жер қойнауын пайдалану, сауда, мұнай-газ секторы, құрылыс, энергетика, ислам қаржысы, банкинг, зияткерлік құқық пен коммерциялық және азаматтық құқықтың басқа да салаларында төрелік қызмет көрсетеді. Ал мұндай жауапты істің басында аталған орталықтың көпжылдық тәжірибесі бар жетекші халықаралық төрешілері жүреді. Соңғы жылдары осы арбитраж саласында да әйел төрешілердің қатары артып келе жатқаны байқалады. Бұл үрдістен Қазақстан да қалыс қалып отырған жоқ. Бұған Халықаралық төрелік орталығы (ХТО) мен Arbitral Women ұйымымен бірлесе елімізде тұңғыш рет өткізген «ХТО: Арбитраж саласындағы әйелдер күні» іс-шарасында көз жеткіздік.
ЖОЛДАУ • 06 Қыркүйек, 2024
Астана қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері бас қосып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты халыққа арнаған Жолдауына қатысты пікір алмасып, ортақ мүдделер төңірегінде ой бөлісті.