Шаруашылық • 31 Қаңтар, 2026
«Greenhouse-Qaztomat» жылыжай кешені – Орталық Азиядағы ең ірі әрі өңірдегі ауқымды жобаның бірі. Мұнда жыл сайын шамамен 15 мың тонна қызанақ пен қияр өсіріліп, өнім ішкі нарыққа да, экспортқа да жөнелтіледі.
Медицина • 30 Қаңтар, 2026
Павлодарда донорлық ағзаларды ажыратып алуға қатысты бірегей операция жасалды. Сөйтіп, 39 жастағы әйелдің ағза мүшелері 4 адамның өмірін сақтап қалуға себепші болды.
Тағзым • 29 Қаңтар, 2026
Баянауылда Арқаның дәстүрлі ән мектебінің айтулы өкілі Жарылғапберді Жұмабайұлының 175 жылдығына орай дүбірлі концерт өтті.
Аймақтар • 24 Қаңтар, 2026
Б.Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1 стансасында құны 29,1 млрд теңгеге жаңа түтін мұржасын салу бойынша ірі инвестициялық жоба жүзеге аса бастады. Аталған кәсіпорын отандық энергия өндірісінің бестен бірін беріп отыр.
Медицина • 24 Қаңтар, 2026
30 емдеу мекемесі іске қосылды
«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Павлодар өңірінің шалғай елді мекендерінде медициналық инфрақұрылым жаңарып келеді. Жақында осы жоба аясында Тереңкөл ауданына қарасты Ивановка ауылында заманауи талапқа сай медициналық пункт бой көтеріп, ел игілігіне берілді.
Аймақтар • 23 Қаңтар, 2026
Екібастұз қаласындағы 22-шағын ауданның халқы қою түтіннің арасында күн кешуге мәжбүр. Мыңға тарта тұрғын баспанасын орталық жылу желісіне қосып беруді сұрағалы он жылдай уақыт өткен. Өкінішке қарай, жұрттың бұл арманы әзірге орындалмайтындай.
Білім • 23 Қаңтар, 2026
Павлодарда «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында заманға сай білім ұясы есігін айқара ашты. Мектеп іші алғашқы күннен-ақ оқушыларға лық толып, жас ұрпақтың қажеттілігіне сай білім беруді бастап кетті.
Экономика • 22 Қаңтар, 2026
Экспорт пен импорт: Бәсекелестік әділ болуы керек
Газетімізде жақында «Шаруаларды алаңдатқан ахуал» тақырыбында (14 қаңтар, 2026 жыл) мақала жарық көріп, онда өңірлердегі шаруалардың тап болып отырған қиындықтары мен өнімдерін өткізудегі кедергілері жөнінде жазған болатынбыз. Экспортқа байланысты кейбір шектеулер отандық фермерлердің «қолын байлап», олар орасан зор шығынға бататынын да жеткіздік. Ұлттық құрылтайда Президент осы мәселеге де ерекше ден қойып, еліміздің ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласы орынсыз қысымға ұшырап отырғанын қалыпты жағдай деуге болмайтынын атап айтты.
Талбесік • 21 Қаңтар, 2026
Торайғыр көліндегі қысқы керемет
Әлеуметтік желіде Торайғыр көлінің қысқы көрінісі туралы бейнежазбалар тарап жатыр. Адамдар табиғаттың әсем қойнауындағы көл үстінде коньки теуіп, алған әсерлерімен бөлісті.
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2026
Павлодарда кальцийленген сода зауыты салынады дегелі жергілікті жұрттан маза қашқан. Технологиясы сонау 1861 жылғы «Сольве әдісіне» бейімделген жоба жүзеге асса, Ертіс таязданып, қауіпті қалдықтар арта түседі, деп есептейді экологтер.