Өнер • 01 Маусым, 2023
Қазақ ән өнерінде айшықты қолтаңбасы бар ақын, әнші, композитор Ақан сері Қорамсаұлының 180 жылдығына орай Екібастұзда «Арқадан ән оздырған Ақан сері» атты дәстүрлі әншілер кеші өтті.
Отбасы • 31 Мамыр, 2023
Отбасының берекесін алып, жанжал шығаруға бейім тұратын ер-азаматтардың мәселесі кейінгі жылдары қоғамда жиі талқыланатын болған. Жыл басынан өңірде отбасындағы зорлық-зомбылыққа қатысты 30 жағдай тіркеліп, оның 4-еуі зардап шегушінің өлімімен аяқталыпты. Қылмыстық кодекске енгізілген соңғы өзгерістер енді жанжалқой еркектерді өтініш түспестен жазалауға мүмкіндік береді делініп отыр.
Театр • 30 Мамыр, 2023
Жүсіпбек Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыка-драма театры биылғы маусымдағы соңғы премьерасын ұсынды. Жергілікті көрермен керекулік театрдан көптен бері бұлайша күлкіге қарық болып қайтпапты. «Ұрылар» комедиясы бір сәтке күйбең тіршілікті ұмыттырып, әзіл әлеміне кенелтті.
Мәселе • 30 Мамыр, 2023
Сәтбаев су арнасының жағдайы мүшкіл
Еліміздің орталық бөлігі мен елорда халқын тіршілік нәрімен қамтамасыз етіп отырған Қ.Сәтбаев атындағы су арнасының жағдайы жыл санап кері кетіп барады. «Қазсушар» РМК құрамына енгелі мекеме қызметкерлерінің кадрлық және әлеуметтік әлеуеті төмендеп қана қоймай, стратегиялық нысанның технологиясын жаңартуда елеулі кемшіліктер пайда болған. Мәжіліс депутаттары мекемеге дербес заңды тұлға мәртебесін қайтарып беруді сұрап отыр.
Аймақтар • 29 Мамыр, 2023
Өрт сөндіруші батырдың бейнесі
Жамбыл облысындағы оқ-дәрілер қоймасында отпен арпалысып қаза тапқан өрт сөндіруші, Халық Қаһарманы Мейіржан Аймановтың Павлодарда муралы салынды. Керекулік өрт сөндірушілер батыр әріптесін еске алып, рухына құрмет көрсетті.
Құрылыс • 28 Мамыр, 2023
Керекудегі құрылыс саласында жүйесіздік шашетектен. Бақылаусыздықтың салдарынан заңсыз салынған тұрғын үйлер көбейген. Көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары үсті-үстіне тарылып, балалар ойнайтын, көлік қоятын бос орын қалмай барады. Құрылыс компаниялары аулалар мен көше қалтарыстарында тұрған сүйемдей бос жер көрсе, сүлікше жабысып, құрылыс құжатын алуға асығады.
Аймақтар • 24 Мамыр, 2023
Қара шіркей қаптаса, инелікпен жылап көрісесің
Керекуде сары масаны жоюға бағытталған биологиялық және химиялық өңдеу шаралары нәтижесін бергені байқалады. Биыл айтарлықтай дүрбелең жоқ. Мамыр айының әдеттегіден салқын болып тұрғаны әрі Ертіс өзені жайылмаларына судың аз жайылғаны да өңдеу жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігердің «айын оңынан тудырып» тұрған сыңайлы.
Музей • 23 Мамыр, 2023
Көне тарихтың шырақшысы болу оңай шаруа емес. Жергілікті жердің мәдениеті мен руханиятын қолайы келген жерде паш етіп, көпшілікке тарих қойнауындағы жақұттарымыздан там-тұмдап болса да пайдалы ақпарат жеткізе білсе, музей қызметкері үшін сол – бақыт. Кез келген музейде көрмеге жарқыратып қойған жәдігерлерден бөлек, қордағы заттарды, ескі қолжазбалар мен бұйымдарды сақтаудың машақаты мол екенін былайғы жұрт қайдан білсін.
Кәсіпкер • 21 Мамыр, 2023
Биыл өңірде 157 жас кәсіпкер төмен пайызбен несие алып, өздерінің бизнес идеяларын іске асырудың мүмкіндігін иеленіп отыр. Пайызы төмен несие отыз бес жасқа дейінгі кәсіпкерлерге жеті жыл мерзімге берілмек.
Мектеп • 21 Мамыр, 2023
Керекудегі балалар техникалық мектебі – еліміз бойынша ұзақ жылдар үзбей жұмыс істеп тұрған қосымша білім беру ұйымының бірі. Құрылғанына биыл 63 жыл толған оқу мекемесі оқушыларды техникалық бағытта дайындап, болашақ мамандығын ерте бастан айқындауға мүмкіндік беріп отыр.