Мұрат ҚАПАНҰЛЫ
Мұрат ҚАПАНҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
422 материал табылды

Шаруашылық • 17 Наурыз, 2023

Кереку қызылшасының бәсі жоғары

2019 жылы Алматыдағы Көксу қант зауытының мамандары Керекудің егіс танаптарында өніп шыққан қант қызылшасының қанттылығы 18-20 пайызды көрсеткенін байқап, таңданыстарын білдіргені есімізде. Сөйтсек, оңтүстікте жиналатын өнімдегі қант деңгейі 15 пайыздан аспайды екен. Бүгінде жергілікті аграрлық ғалымдар мен фермерлер өңірде қызылшадан қант өндіретін зауыттың салынуын асыға күтіп жүр.

Аймақтар • 15 Наурыз, 2023

Кәсіпке бағдарлайтын бірегей жоба

№2 Майқайың орта мектебінде жоғары сынып оқушыларын заманға сай кәсіпке бағдарлауға және білімдерін жетілдіруге арналған «Jaryq foundation» жобасы өрісін жая түсті. Дені SMM, мобилография, киберспорт, роботтехника сияқты сұранысқа ие мамандықтардан тұратын кешенді жобаға өңірдегі кез келген зейінді бала қатыса алады.

Қоғам • 15 Наурыз, 2023

Жылқының атасы

Жер бетіндегі жылқы атаулының алғашқы атасы эогиппус деп аталған. Жануар осыдан 50-60 млн жыл бұрын пайда болыпты. Биіктігі мысықтай ғана, небәрі 30-35 см, ал салмағы 5 кг тартқан. Эогиппустан түрлі тұяқты жануарлар тарады.

Ауыл • 13 Наурыз, 2023

Тұз сасыса, не себеміз? Ауылдар маңындағы экожүйе бұзылып жатыр

Тәуелсіздік алған жылдар ішінде ауылдардағы мал жайылымдары мен шабындықтардың тозу үдерісіне Үкімет жеткілікті көңіл бөлмеді. Бүгінде оның салдары халық мол шоғырланған елді мекен­дер айналасында айқын білініп отыр.

Өнер • 12 Наурыз, 2023

Күмбірлеген күй кеші

Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының концерт залында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Қазақ Ұлттық өнер университетінің профессоры Тұрар Әліпбаевтың «Күй ғұмыр» атты кеші өтті.

Руханият • 06 Наурыз, 2023

Тұлға және тағылым

Биыл Бұқар жырау Қалқаман­ұлының 355 жылдық тойы қазақ жерінде дүркіреп өтпек. Халық тағдыры таразыға түскен қиын-қыстау жылдарда уәжді сөзімен, ерлікті дәріптеген отты жырларымен елді ұйытып, халқымызды топтасуға, атамекенімізді жат­жерлік басқыншылардан қорғауға үндеген тарихи тұлғаны ұлықтау ісі Керекуде басталып кетті.

Футбол • 02 Наурыз, 2023

Жаңарған «Ақсу»

Павлодардың «Ақсу» футбол клубы Қазақстан чемпионатының жаңа маусымына қатысатын өз құрамын жариялады. Биыл командадағы ойыншылар құрамы 60 пайызға жаңарған.

Мектеп • 01 Наурыз, 2023

Жеті мектеп салынады

Урбанизация үдерісінің өсе түсуі Павло­дарда мектеп тапшылығын тудырып отыр. Әсіресе облыс орталығында бұл түйткіл айқын сезіледі. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында өңірде 2025 жылға дейін жеті мектеп салу көзделген.

Құрылыс • 28 Ақпан, 2023

Битум тапшылығы жалғаса ма?

Қазақстанда жол құрылысы саласына қажет битум тапшылығы алдағы жазда да жалғасуы мүмкін. Себебі отандық мұнай-химия зауыттары жол салушылардың сұранысын 60-70 пайызға қанағаттандыруға ғана қауқарлы. Жыл сайын бағасы аспандайтын өнімнің өндірісі биыл Павлодарда құлдырайды деп күтілуде.

Өндіріс • 28 Ақпан, 2023

«Айбарыс»: май шығару – пайдалы іс

Күнбағыс майы – күнделікті тұтынатын азық-түліктердің тізімінен ажырамайтын өнім. Азықтың бұл түрі жергілікті на­рық­қа көбіне Ресей Федерациясынан жеткізіледі. Айма­ғы­мыз­да жыл сайын мыңдаған тонна күнбағыс тұқымы жинал­ға­ны­мен, оны стандартқа сай өңдеу, майын сығып алу ісі мандымай тұр. Бұл кемшілік отандық кәсіпкерлер тарапынан ескерусіз қал­ма­ғанға ұқсайды.