Әлем • 29 Желтоқсан, 2025
Тайвань айналасы қоршауға алынады: Қытай ертең әскери дайындықты бастайды
Қытай Тайвань аралының айналысында бес бірдей аймақты қоршап, ауқымды әскери дайындығын бастайтынын жариялады. 30 желтоқсанға жоспарланған бұл шараға құрлық, теңіз, әуе және зымыран әскерлерінің бөлімшелері қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 29 Желтоқсан, 2025
Елдегі кәсіпкерлер салыққа бола шетелге көшіп жатыр ма? Қаржы министрі жауап берді
Қаржы министрі Мәди Тәкиев жаңа Салық кодексінің қабылдануына байланысты Қазақстан кәсіпкерлерінің өзге елдерге жаппай қоныс аударып жатқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 29 Желтоқсан, 2025
Реформа бизнеске тірек пе, әлде кедергі ме?
Ел экономикасын жаңғыртуға бағытталған реформалар бизнеске тірек болуы тиіс. Алайда дайындықсыз енгізілген шешімдер керісінше, кәсіпкерге қосымша салмақ салуы мүмкін. Осы түйткілдер «AMANAT» партиясының Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Республикалық үйлестіру кеңесінің алғашқы отырысында ашық талқыланды. Партия Хатшысы Елдар Жұмағазиев пен Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин тең төрағалық еткен кеңесте өндіруші, саудагер, фермер мен өңдеуші сала өкілдері мемлекеттік саясаттағы нақты мәселелерді көтеріп, оларды шешудің жолдарын ұсынды, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 29 Желтоқсан, 2025
Мексикада пойыз рельстен шығып кетті: 13 адам қаза тапты
Мексикада пойыздың рельстен шығуы салдарынан 13 адам қаза тауып, 98 адам жарақат алған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 26 Желтоқсан, 2025
Астанада банк қызметкері клиенттің шотынан 34 млн теңгесін жымқырған
Елордалық банк қызметкері шетелде жүрген клиенттің сеніміне кіріп, жұбайы екеуінің шотынан ақша жымқырған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 26 Желтоқсан, 2025
Түркістанда екі бала пиротехникадан зардап шекті
Түркістан облысында отшашу атпақ болған екі жасөспірім ауруханаға түсті. Оқиға балалардың пиротехниканы үлкендердің қарауынсыз қолдануы салдарынан болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 26 Желтоқсан, 2025
Мюнхеннен Бейжіңге бағыт алған ұшақ Алматыға шұғыл қонды
Мюнхен – Бейжің бағытындағы Lufthansa авиакомпаниясының рейсінде жолаушы көз жұмды. Осы оқиғаға байланысты әуе кемесі Алматы халықаралық әуежайына шұғыл қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Желтоқсан, 2025
Құжаттар мен лицензиялардың мерзімін қалай уақытында ұзартып отыруға болады?
eLicense.kz порталында рұқсат беру құжаттары мен лицензиялардың мерзімі аяқталуға жақындағанын алдын ала ескертетін жаңа SMS-хабарлама қызметі іске қосылды. Жүйе құжаттың қолданылу мерзімі бітуіне 30 күн қалғанда пайдаланушыға автоматты түрде хабарлама жібереді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 26 Желтоқсан, 2025
Балқаш әуежайының модернизациясы қашан аяқталады?
Балқаш қаласының әуежайында жүріп жатқан ауқымды реконструкция жұмыстары биыл жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарланған. Келесі жылдан бастап әуе айлағы күн сайын 8-9 ұшақты қабылдауға дайын болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 26 Желтоқсан, 2025
Солтүстік Корея алғашқы атомдық сүңгуір қайығын таныстырды
ҚХДР басшысы Ким Чен Ын стратегиялық маңызы бар, су сыйымдылығы 8 700 тонна болатын жаңа атомдық сүңгуір қайықтың құрылыс барысымен танысты. Бұл жоба Пхеньянның қорғаныс қабілетін арттырудағы бес негізгі міндеттің бірі ретінде бекітілген, деп хабарлайды Egemen.kz.