Білім • 19 Желтоқсан, 2025
Ақтауда 13-ші мектеп ашылды: Өңірдегі ұлттық жоба сәтті қорытындыланды
Маңғыстау өңірінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Келешек мектептері» ұлттық жобасы жоспарлы түрде толық аяқталды. 18 желтоқсан күні Ақтау қаласының 16 шағынауданында 1500 орындық заманауи №35 жалпы білім беретін мектеп пайдалануға берілді. Бұл облыс бойынша аталған жоба аясында салынған соңғы, яғни он үшінші білім ошағы, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 19 Желтоқсан, 2025
Сиднейде лаңкестің қаруын тартып алған мұсылман кісіге 2 млн доллар табысталды
Сиднейдегі Бонди-Бач сауда орталығында болған лаңкестік әрекет кезінде батылдық танытып, қарулы қылмыскердің қолынан мылтықты тартып алған Әль-Ахмедке 2 533 585 доллар табысталды. Бұл қаражат бүкіл әлем бойынша мыңдаған адамның қолдауымен GoFundMe қоры арқылы жиналды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 19 Желтоқсан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Mitsui басшылығына ризашылығын білдірді
Қазақстан Президенті Қасы-Жомарт Тоқаев Mitsui компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Тацуо Ясунагамен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 19 Желтоқсан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев JOGMEC ұйымының төрағасымен кездесті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония металл және энергетикалық қауіпсіздік жөніндегі ұйымының (JOGMEC) төрағасы Ичиро Такахаруды қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 19 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы Sumitomo компаниясының президентін қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Токиода Жапонияның ірі және ықпалды сауда-инвестициялық корпорацияларының бірі саналатын Sumitomo жетекшісі Шинго Уэнонмен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Желтоқсан, 2025
Ерлан Саиров: Рушылдық тенденция – мемлекеттілікті шашыратуға әкелетін қауіпті құбылыс
Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров Үкімет басшысы Олжас Бектеновтың атына депутаттық сауал жолдап, елдегі «рушылдық» психологиясының өршуіне байланысты дабыл қақты. Депутат ұлттық бірлікке қауіп төндіретін контенттерге тыйым салуды талап етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Еңбек • 19 Желтоқсан, 2025
Қазақстанда 2030 жылға дейінгі көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасы әзірленді
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еліміздің 2030 жылға дейінгі көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасының жобасын ұсынды. Құжаттың басты мақсаты – адами капиталды дамытуға және мигранттарды сапалы іріктеуге негізделген қауіпсіз әрі басқарылатын көші-қон жүйесін қалыптастыру, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 19 Желтоқсан, 2025
«Қош келдіңіз!»: Токио губернаторы Қасым-Жомарт Тоқаевты қазақ тілінде қарсы алды
Токио губернаторы Юрико Коикэ Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуі кезінде Мемлекет басшысына қазақ тілінде ілтипат көрсетіп, жылы лебізін білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 19 Желтоқсан, 2025
Оралда бүтін бір отбасы газдан уланып қалған
Орал қаласында бір үйдің бес баласы мен анасы табиғи газдан уланып қалды. Қазіргі уақытта зардап шеккендердің барлығы дәрігерлердің жіті бақылауында, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 19 Желтоқсан, 2025
Алматы мен Астананың айырбастау орындарындағы доллар, еуро және рубльдің орташа сатып алу және сату бағамдары жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.