Оқиға • 06 Қаңтар, 2026
КТК терминалына жасалған шабуылды қолдағандардың үстінен іс қозғалды
Астана полициясы әлеуметтік желілерде КТК нысандарына жасалған шабуылды қолдап, пікір жазып жатқан тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 06 Қаңтар, 2026
Жаңа жылдан бастап SIM-картаны іске қосу тәртібі өзгерді
Қазақстанда 3 қаңтардан бастап абоненттік нөмірлерді сатып алудың жаңа ережелері күшіне енді. Енді азаматтар SIM-картаны қолдану үшін міндетті түрде биометриялық сәйкестендіруден өтуі тиіс. Бұл талаптың қалай жұмыс істейтіні туралы Телекоммуникация комитетінің төрағасы Дамир Сейсембеков түсіндіріп берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 06 Қаңтар, 2026
Енді әдемі нөмірді кезекке тұрмай, онлайн алуға болады
5 қаңтардан бастап автокөлік иелеріне нөмірдегі сандар мен әріптерді қалауынша таңдау мүмкіндігі берілді. Бұл жаңалық жүргізушілер арасында үлкен қызығушылық тудырып, ел бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарында ұзын-сонар кезек пайда болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 06 Қаңтар, 2026
Пойыздар мен ұшақтарда Starlink деңгейіндегі интернет пайда болады
2026 жылы «Қазақстан темір жолы» пойыздары мен «Air Astana» әуе кемелерінде жолаушылар үшін спутниктік интернет іске қосылады. Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 06 Қаңтар, 2026
Биыл 1900 елді мекенге жоғары жылдамдықты интернет қосылады
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов экономиканың барлық саласына заманауи технологияларды енгізу мәселесін талқылады. Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2026 жыл «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» болып жарияланды. Бұл бағыт Үкімет жұмысының негізгі басымдығына айналмақ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 06 Қаңтар, 2026
Қазақстанның бес облысында жол жабылды
2026 жылғы 6 қаңтардағы ауа райының күрт нашарлауына байланысты Қазақстанның бес өңірінде республикалық маңызы бар тасжолда көлік қозғалысына шектеу қойылды. «Қазавтожол» ұлттық компаниясы қазіргі уақытта 700-ден астам арнайы техника трассаларды қар мен мұздан тазартып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 06 Қаңтар, 2026
Алаяқтық кең тараған: Премьер-министр субсидиялау саясатын қайта қарауды тапсырды
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов әлеуметтік саладағы алаяқтық пен негізсіз қаржыландыру мәселесін қатаң сынға алды. Үкімет басшысы Оқу-ағарту, Денсаулық сақтау және Қаржы министрліктеріне жекеменшік мектептер мен медициналық ұйымдарды субсидиялау саясатын қайта қарау үшін бір апта уақыт берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 06 Қаңтар, 2026
Қостанай облысындағы шахтада жарылыс болып, жұмысшы жарақат алды
Қостанай облысындағы «Соколов» шахтасында болған жарылыс салдарынан скреперлік шығыр машинасы істен шығып, жұмысшы зардап шекті. Eurasian Resources Group (ERG) компаниясы бұл ақпаратты растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 06 Қаңтар, 2026
Қазақстанда шай өнімдерінен қауіпті қоспалар анықталды
Қазақстанның Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері елімізде фальсификацияланған шай өнімдерін әкелуге және сатуға уақытша тыйым салу туралы қаулыға қол қойды. Тексеріс барысында бірнеше брендтің құрамынан рұқсат етілмеген жасанды бояғыштар мен жалған өндіріс мекенжайлары анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 06 Қаңтар, 2026
Қырғызстанда валюта айырбастау ережесі өзгерді: енді ақшаның қайдан келгені тексеріледі
Қырғызстанның айырбастау орындарында ірі көлемде валюта ауыстырғысы келетін азаматтардан қаражаттың қайдан алынғанын растау талап етілуі мүмкін. Бұл ереже Қырғызстан азаматтарымен қатар сол елде жүрген Қазақстан азаматтарына да қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.