Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ
Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
4455 материал табылды

Білім • 14 Қаңтар, 2026

Енді мектеп директорлары екі оқу жылына тағайындалуы мүмкін

Мектеп директорының қызметі шексіз болмауы тиіс. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова білім беру ұйымдарын басқаруда нақты мерзім мен нәтижеге негізделген талап қажет екенін айтып, директорларды 2 оқу жылына тағайындау тетігін ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Білім • 14 Қаңтар, 2026

BilimClass платформасына ауысуға уақытша тыйым салынды

Алматылық мектептердің BilimClass платформасына ауысуы сот шешімімен тоқтатылды. Мамандандырылған ауданаралық сот «Күнделік» ЖШС-нің арызын қанағаттандырып, білім басқармасына жүйені ауыстыруға және оқушылардың деректерін өзге платформаларға көшіруге тыйым салды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Экономика • 14 Қаңтар, 2026

Қазақстанның ірі кен орындарында мұнай өндірісі күрт төмендеді

2026 жылдың қаңтар айының алғашқы 12 күнінде Қазақстанның Каспий қайраңындағы ірі кен орындарында мұнай мен газ конденсатының тәуліктік өндірісі айтарлықтай азайды. Көрсеткіштер өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда екі есеге жуық төмендеген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 14 Қаңтар, 2026

Трекер, камера, «ақылды» көлік: Депутат деректер қауіпсіздігіне алаңдаулы

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мүтәлі Әбүтәліп Үкіметке депутаттық сауал жолдап, ел аумағында жасырын бақылауға арналған техникалық құрылғылардың бақылаусыз айналымы мен жаңа буындағы автомобильдер арқылы жеке деректердің шетелге кету қаупіне назар аударды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қаржы • 14 Қаңтар, 2026

Ұлттық қордың активтері рекордтық межеге жетті: 2026 жылы – 77,77 млрд доллар

Еліміздің стратегиялық «қауіпсіздік жастығы» саналатын Ұлттық қордың жай-күйі туралы кезекті есеп жарияланды. 2026 жылдың 1 қаңтарындағы мәліметке сәйкес, қордың жиынтық активтері 77,77 млрд долларды құрады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Туризм • 14 Қаңтар, 2026

2026 жылы қайда барамыз? Туризм министрлігі мәдени-туристік іс-шаралар күнтізбесін жариялады

Қазақстанның Туризм және спорт министрлігі 2026 жылға арналған мәдени-туристік оқиғалар күнтізбесін дайындады. Еліміздің 20 өңірінде 55 ауқымды іс-шара өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 14 Қаңтар, 2026

ҚҚС өсімі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына әсер етті ме?

Елімізде 5 қаңтардан бастап ҚҚС мөлшерлемесі 12%-дан 16%-ға дейін артқанына қарамастан, Алматы қаласының әкімдігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасында күрт өзгерістер байқалмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға • 14 Қаңтар, 2026

Таиландтағы қайық апатынан зардап шеккен азаматтардың жағдайы белгілі болды

11 қаңтарда Пхукет маңында Андаман теңізінде экскурсиялық қайық кемемен соқтығысып, аударылған. Бортта Қазақстанның сегіз азаматы болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Экономика • 06 Қаңтар, 2026

«Қара алтын» арзандаса, қазына ортаймай ма? Венесуэла факторының қазақ экономикасына әсері

Мұхиттың арғы бетіндегі Венесуэланың басына бұлт үйірілсе, жаһандық мұнай нарығы елең ете қалатыны белгілі. Әлемдік «қара алтын» картасында өзіндік орны бар бұл елдегі саяси-экономикалық тербелістер Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді? Бюджеттің бүйірін толтырып отырған мұнай бағасы құбылса, Ұлттық қордың жағдайы нешік болмақ? Осы және өзге де сауалдар төңірегінде мұнай-газ саласының сарапшысы Абзал Нарымбетовпен тілдескен едік.

Ауа райы • 06 Қаңтар, 2026

Қазақстанда Рождество мерекесінде ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 7 қаңтар – Рождество мерекесі және одан кейінгі күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Еліміздің ірі қалаларында құбылмалы ауа райы күтіледі. Солтүстікте қар жауып, боран соқса, оңтүстік өңірлерде күндізгі температура нөлден жоғары болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Яндекс.Метрика