Экономика • 18 Шілде, 2024
Халыққа тиімді салық жүйесі керек
Сындарлы диалог тек сынды ғана емес, белгілі бір бастамаларды қолдау мен келісімді де қамтиды. Бірақ ұнамсыз болса да, дұрыс шешімдерді атап көрсету керектігін ұмытпауымыз керек. Мысалы, салық саясатына байланысты айтылып жатқан кейбір ұсыныстармен келісуге болады. Атап айтқанда, екі биржаның салық жеңілдіктерін біріктіріп, дивидендке 5 пайыз көлемінде бірыңғай салық енгізуді дұрыс қадам деп айтар едік.