Ғалым Құсайынов
Ғалым ҚұсайыновСарапшы
6 материал табылды

Сараптама • 06 Ақпан, 2025

Банк секторындағы бағдар өзгере ме?

Қазір Салық кодексі қызу талқыланып жатыр. Меніңше, салық жүктемесін көбейтіп қана қоймай, қосымша кіріс те іздеу керек. Бұл ретте ерекше табысқа ие болып келе жатқан банк секторын айтуға болады. Ұлттық банк дерегінше, былтыр банк секторы 3 трлн теңге табыс тапқан. Оның 451 млрд теңгесі корпоративті табыс салығы (КТС) ретінде төленген. Соның өзінде артылған 2,55 трлн теңге – кейінгі 15 жылдағы рекордтық көрсеткіш.

Сараптама • 24 Желтоқсан, 2024

Құнсыздану һәм құрылымдық реформа

Инфляциясы жоғары, еңбек өнімді­лігінің өсімі төмен дамушы елдерде валютаның құнсыздануы ұдайы болады. Сол себепті, қазіргі экономикада 500 және 600, тіпті 700 деген бағамды көріп отыра беруіміз мүмкін. Бұл – уақыттың еншісіндегі шаруа.

Сараптама • 12 Қараша, 2024

ІЖӨ: іркіліс пен миллиардтық меже

Ел экономикасының алдында ішкі жалпы өнімді (ІЖӨ) екі еселеу – 220 млрд доллардан (2022 жылғы ІЖӨ) 450 млрд долларға дейін көбейту міндеті тұр. Макроэкономикалық заңдылықтардан ешқайда қашып құтыла алмаймыз, ендеше бірнеше қызықты есептеу жасап көруге болады. 2023 жылы теңге бағамы 456 болып тұрған кезде ІЖӨ 263 млрд доллар болды. 2029 жылдың соңына дейін 6 жыл бар және АҚШ-та инфляция орташа 2% болып тұрғанда ІЖӨ инфляция есебінен 12,6%-ға дейін немесе шамамен 33 млрд долларға дейін көбейеді (яғни 296 млрд долларға дейін). Әрі қарай нақты өсім ықпалы болуға тиіс.

Пікір • 23 Тамыз, 2024

Қарыз ауыртпалығын қайтіп жоямыз?

Халықтың қарыз ауыртпалығы туралы әртүрлі пікір естіп жүрміз. Қаржы институттары «бізде қарыз проблемасы жоқ» дейді. Олар бұл пікірді ішкі жалпы өнімдегі (ІЖӨ) несие қарызы үлесімен дәйектегісі келеді. Шын мәнінде бізде қарыз мәселесі бар. Бар болғанда қандай, кейбір сегментте ол шектен шығып кетті.

Сараптама • 07 Тамыз, 2024

Субсидия сабағы

Ұлттық қордан аударылатын аударымдар азайған тұста теңгенің долларға шаққандағы бағамы бір-екі айдың ішінде 480-ге дейін әлсіреп кеткенін бәріміз көрдік. Доллар бағамы сабасына түскенмен, жағдай мәз емес. Дәл қазір теңге бағамынан да маңызды проблема жетеді. Ең бірінші кезекте 2025 жылға дейінгі бюджет тапшылығының қалай шешілетінін ойлауымыз керек.

Экономика • 18 Шілде, 2024

Халыққа тиімді салық жүйесі керек

Сындарлы диалог тек сынды ғана емес, бел­гілі бір бастамаларды қолдау мен келі­сімді де қамтиды. Бірақ ұнамсыз болса да, дұрыс шешімдерді атап көрсету керек­­тігін ұмытпауымыз керек. Мысалы, салық саясатына байланысты айтылып жатқан кейбір ұсыныстармен келісуге болады. Атап айтқанда, екі биржаның салық жеңілдіктерін біріктіріп, дивидендке 5 па­­йыз көлемінде бірыңғай салық енгізуді дұрыс қадам деп айтар едік.