Қанат БІРЛІКҰЛЫ
Қанат БІРЛІКҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
104 материал табылды

Тарих • 24 Қаңтар, 2025

Бізге беймәлім бір ерлік

Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңісті жақындатқан стратегиялық маңыз­ды шабуылдың бірі – Висло-Одер операциясы. 1945 жылдың 12 қаңтары мен 3 ақпаны арасында болған қанқұйлы операцияны Бірінші Беларусь және Бірінші Украин майдандарының күштері жүргізді. Аталған шайқаста қазақ­тың батыр ұлы Ысқақ Ыбыраев ерлік көрсетіп, «Кеңес Одағының батыры» атағын алды.

Заң мен Тәртіп • 16 Қаңтар, 2025

Граффити сызуға тыйым қажет

Қала көшелерінің бойында, бұзылған үйлердің қабырғасында, өзен жағалауларында «түсініксіз һәм түсінікті» жазуларды көзіңіз шалды ма? Тарихи орындар, мәдени ошақтар, тау-тас, жартастардағы алабажақ жазуларды көргенде еліміздегі вандализмнің расында өршіп бара жатқанын байқауға болады.

Тағзым • 14 Қаңтар, 2025

18 жасында – Кеңес одағының батыры

Днепр бойы. Қызыл әскер басып алған шағын плацдарм. Көз байлана жаудың шабуылы саябырсыды. 18 жастағы қазақ жігіті жалғыз өзі бес пулеметті оқтап, әр жерге орналастырып тастап, таңның атқа­нын күтті. Жерге жарық сәуле таралғанда бүкіл плац­дар­мды әскери бөлімше ұстап тұрғандай жаумен жеке алысуын бастады. Бір өзі төрт күн бойы нәр сызбай, грана­та лақтырып, бес пулеметпен кезек-кезек оқ жау­ды­рып фашистердің алға жылжуына мүмкіндік берме­ді. Артынан рота сарбаздары көмекке келгенде жаумен жалғыз арпалысқан арыстан жүректі жігіт станокты пулеметін құшақтап, әлсіреп құлап жатқан еді.

Сұхбат • 10 Қаңтар, 2025

Төлен Әбдік, жазушы: Көшпелі елдің дамуы тасбақаның аяңына ұқсайды

Өткен аптада қазіргі қазақ әдебиетінің ірі өкілі, «Парасат майданы», «Тозақ оттары жымыңдайды» «Оң қол», «Ақиқат», «Өліара» сынды классикалық туындылардың авторы, жазушы Төлен Әбдік ағамызбен сырласудың сәті түсті. Қаламгердің бүгінгі қазақ әдебиеті мен жас қаламгерлерге қатысты айтқан ойларын екшеп, оқырман назарына ұсынуды жөн көрдік.

Қоғам • 01 Қаңтар, 2025

Ерлік – ұрпаққа өнеге

Биыл ажал қылышын оңды-солды сермеп, жер бетін қан қасап майданға айналдырған Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталып, жеңіс туының желбірегеніне 80 жыл толады. Жұмыр жердің апшысын қуырған сол қызыл көз қырғынға қазақ елінен 1 366 000 сарбазымыз аттанып, 601 029 боздағымыз кебінсіз майдан даласында қалды. Осылай халқымыз «Жеңіс» деген бірауыз қуанышты сөзге миллиондардың жанын айырбастады.

Басылым • 01 Қаңтар, 2025

«Казахстанская правда» – үйлесім мінбері

2025 жылдың 1 қаңтарында «Қазақ газеттері» серіктестігі құрамындағы тарихи «Казахстанская правда» газетінің жарық көргеніне 105 жыл толды. Ғасырдан аса уақыт ішінде ел шежіресін жазып келе жатқан ақпарат құралының бұл белесі отандық журналистиканың атаулы күндерінің бірі саналады.

Тұлға • 31 Желтоқсан, 2024

Әлем әдебиетінің Қожасы

Биыл қазақ әдебиетінің классигі, жазушы Бер­дібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде ата­лып өтті. Осылайша, әдебиетімізге «Өлгендер қай­тып келмейді», «Менің атым Қожа», «Бала­лық шаққа саяхат», «Он алты жасар чемпион», «Қай­дасың Гауһар», «Ергежейлі еліне саяхат» сынды өлмес туындылар сыйлаған қа­лам­гердің тойы әлем назарына ілікті.

Заң мен Тәртіп • 18 Желтоқсан, 2024

Зияткерлік меншік мәселелері заңмен қалай реттеледі?

Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекованың қатысуы­мен «Зияткерлік меншік: Қазақстандағы инновациялар мен шығармашылықты қорғау» тақырыбында бас­пасөз мәслихаты өтті.

Сұхбат • 18 Желтоқсан, 2024

«Көтеріліске қатысқанымды дәлелдегім келеді»

Газет редакциясына Желтоқсан көтерілісінің қатысушы­сы Марат Мырзабеков атты азамат келді. Ол 1986 жылы кеңестік тоталитарлық жүйеге қарсы бас көтерген қазақ жастарының арасында болғанын, сол оқиғадан кейін оқудан шеттетіліп, әскерге кетіп, жазадан аман қалғанын айтады. Азаттыққа ұмтылған жастардың арпалысқа толы күндері туралы куәгердің әңгімесін оқырман назарына ұсынамыз.

Қоғам • 16 Желтоқсан, 2024

«Ардагерлер ұйымы» жастар тәрбиесіне алаңдайды

Астана қаласындағы «Rixos President Astanа» қонақүй кешенінің «Дихолл» мәжіліс залында «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі «Жастар тәрбиесі – адамзаттың мәңгілік тақырыбы» атты кеңейтілген төралқа отырысын өткізді. Төралқа жиынына барлық облыс пен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан ардагерлер кеңестерінің басшылары, Парламент Мәжілісінің депутаттары, Ғылым және жоғары білім, Мәдениет және ақпарат вице-министрлері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, жастар қатысты.