Әйгерім АХАНОВА
Әйгерім АХАНОВАЖеке инвестор
3 материал табылды

Сараптама • 09 Сәуір, 2025

IPO қор нарығының қолдаушысы ма?

2022–2023 жылдары «ҚазМұнайГаз» бен «Air Astana», оған дейін KEGOC, «Қаз­ТрансОйл» және басқа да компа­ния­лар­дың IPO-сы (бастапқы жария ұсыныс) өтті. Бұл IPO-лар нарықты кеңейтіп қана қоймай, мыңдаған азаматтың инвести­ция әліппесін меңгеруіне мүмкіндік берді. Реттеушілер де қолдау көрсетіп, ереже­лерді жеңілдетті, листинг талаптарын жұм­сартты. Корпоративтік басқару халық­аралық стандарттарға жақындай түсті. Мем­лекет халықтың акцияға деген қызығу­шылығын арттыру мақсатында ұзақ­мерзімді инвесторларға салықтық жеңіл­­діктер ұсынып, зейнетақы қорының жеке компаниялар акциясына қаржы салуы­на рұқсат берді.

Қаржы • 13 Наурыз, 2025

Брокерді таңдау тәсілі

Қаржы нарығында инвестиция жа­саудың ең алғашқы әрі маңызды қадамы – дұрыс брокер таңдау. Брокердің сенім­ділігі, комиссиялық алымдары, сауда плат­формасының ыңғайлылығы мен рет­теу стандарттары инвестицияңыздың табыс­тылығына тікелей әсер етеді. Жеке ин­весторлар негізі тек комиссия деңгейі­не ғана назар аударуы мүмкін, алайда брокер таңдау кезінде ескерілетін басқа да маңызды факторлар бар.

Сараптама • 23 Қаңтар, 2025

Қор нарығындағы қорқыныш

Иә, мен де алғаш рет қор нарығына аяқ басқанымда қорықтым. Ақшамды жоғалтып аламын деген үрей болды. Оның үстіне инвестиция тек ерлердің ісі, бай-қуатты адамдардың жұмысы деп ойлап алғаным тағы бар. Бірақ бұл миф екен! Бір жылдан артық тәжірибе жинақтағаннан кейін айтарым – әйел адамдар мықты инвестор бола алады, өйткені олар әр ұсақ-түйекке мән беріп, жан-жақты әрі озық ойлайды. Екінші миф те жойылды – қор нарығына кіру үшін сізге ақша толы шамаданның қажеті шамалы, бар болғаны екі шыныаяқ кофеге жұмсайтын тиын-тебен жетіп жатыр.