Жұлдыз ТОЙБЕК
Жұлдыз ТОЙБЕК«Egemen Qazaqstan»
25 материал табылды

Медицина • 29 Наурыз, 2025

МӘМС аясындағы алғашқы операция

Ұлытау облысында алғаш рет міндетті әлеуметтік медици­на­лық сақтандыру шеңберінде тізе, жамбас буынын эндопротездеу операциясы жасалды. Бұл – зақымданған буынды жасандысына айырбастайтын өте күрделі операция. Эндопротездерді пай­далану мерзімі – 20 жыл. Жоғары технологиялық меди­ци­на­лық көмек буыны қатты зақымданған емделушілерге көр­се­тіледі.

Театр • 28 Наурыз, 2025

Қуыршақ труппасының бел-белесі

Ұлытау өңірінде театр іргесі 1985 жылы Қуыршақ театрының құрылуымен қаланды. 1988 жылы Торғай облысының таратылуына байланысты Серке Қожамқұлов атындағы драма театр Жезқазған қаласына қоныс аударады.

Байқау • 28 Наурыз, 2025

Алқалы аналардың өнер сайысы

Облыста тұңғыш рет отбасы құндылығын насихаттаған, алтын құрсақты аналардың абыройын асқақтатқан «Алқалы ару» сайысы ұйымдастырылды. Байқауда отбасында да, қоғамда да өз орны бар өңірдегі көпбалалы аналар бақ сынады.

Аймақтар • 26 Наурыз, 2025

Қалдықты қайта өңдеуге жер телімі бөлінді

Ұлытау облысында жылына 50 мың тонна қалдықты қайта өңдеуге қауқарлы цех салынады. Осы жобаны іске қосу үшін Жезқазған мен Сәтбаев қалаларының ортасынан жалпы ауданы 16 га жер телімі бөлінді.

Көрме • 21 Наурыз, 2025

Сыр сандықты ашып қара...

Ұлытау облысы Мәде­ниет, тілдерді дамыту және архив ісі бас­қармасының қол­дауы­мен Ұлытау облысы­ның тарихи-археоло­гия­лық музейінің ұйым­дастыруымен «Сыр сақ­таушы сандық» ат­­ты этнографиялық көр­менің тұсауы кесілді.

Кино • 20 Наурыз, 2025

Адасқандар туралы фильм

Жезқазған қаласындағы «Kinoplexx» кинотеатрында «Тағдырлар – 2» атты әлеуметтік фильмдердің таныстырылымы өтті. «Баланың жылуы», «Өзге өмір», «Жаман ой», «Соңғы тілек», «Отбасы шекарасы» деп аталатын бес қысқа метражды фильм Жезқазған қаласы әкімдігінің тапсырысымен түсірілген.

Аймақтар • 14 Наурыз, 2025

Вице-премьер Ұлытаудың су тасқынына дайындығын тексерді

Елордада су тасқынына қарсы шараларды үйлестіру және қарғын су жүру кезеңнің салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов  су тасқыны қаупі бар елді мекендерді аралап, шұғыл шаралар қабылдау жөнінде тапсырмалар берген еді. Осы тапсырма шеңберінде Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Ұлытау облысына келді.

Аймақтар • 13 Наурыз, 2025

Жаңа қоқыс полигоны жоспарланды

Жезқазған мен Сәтбаев қалаларына ортақ қоқыс полигоны салынады. Қолданыстағы полигон Жезқазған қаласынан 20 ша­қырым қашықтықта орналасқан. Күніне шамамен 150 тон­на қоқыс төгіледі. Тау болып үйілген қоқысты өртегенде ай­налаға жағымсыз иіс тарайды.

Жемқорлық • 07 Наурыз, 2025

Жемқорлыққа қарсы күрестің тиімділігі маңызды

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуын тежейтін, заң мен тәртіп үстемдігін бұзатын қауіпті құбылыс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың басым бағыты жемқорлықтың алдын алу, яғни мәселенің салдарынан бұрын, оның туындау себептері мен алғышарттарын анықтау, жемқорлық тәуекелдерін жою, қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру болып саналады.

Аймақтар • 07 Наурыз, 2025

Жолаушыны жол сынайды

Облыс орталығы Жезқазған қаласында былтыр 53 көше орташа жөндеуден өтті. Оған 3 млрд теңге қаржы бөлінді. Облыс бюджетінен 1 600 млн, қала бюджетінен 1 400 млн теңге жұмсалды. Биыл облыстан 2 млрд, қала қаржысынан 1 млрд қарастырып отыр.