Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
61075 материал табылды

29 Желтоқсан, 2018

Солтүстік Қазақстанда «Қызылжар–адалдық алаңы» кеңсесі іске қосылды

«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру” Жолдауында атап көрсетілген «сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер» жобасының тәжірибесін тарату жөніндегі тапсырмасына сәйкес  «Қызылжар – адалдық алаңы» кеңсесі өз жұмысын бастады.

26 Желтоқсан, 2018

Ақиқаттан аттағандар

26 Желтоқсан, 2018

Мойыл

26 Желтоқсан, 2018

Балаларға базарлық

26 Желтоқсан, 2018

Туындылар ескі жылды түйіндеді

Облыстық бейнелеу өнері мұражайында бас­­тал­­­­ған есептік көрмеде қа­р­а­­ғандылық қылқалам ше­бер­лерінің биылғы жылды та­быс­ты аяқтағалы отырғаны ай­тылды. Мәдени мекемеде ұйым­дастырылған көптеген іс-шара өнерсүйер қауымның көңілінен шығып, лайықты бағасын алды.

26 Желтоқсан, 2018

Қайғыдан табылған көне қобыз

Қостанайдан ең шалғай ауданның бірі Науырзымда Қайғы деген ауыл бар. Жергілікті тұрғындар аңызға сүйеніп, жердің атын Асан қайғымен байланыстырады. Асан қайғы бабамыз желмаясымен желіп жүріп, Қайғыға келгенде: «Шөбі шүйгін, малға өріс, хал­қыма қоныс болатын-ақ жер екен, әттең суы бол­са» деп, ақ тая­ғымен топырақты түр­тіпті. Ке­лесі жылы желмаяның жүр­ген, Асан қайғының таяғымен түрткен же­рінен су шыққан екен» деген аңыз күні бүгінге дейін елдің жадында. Ра­сында, бұл жердің шөбі бел­уардан өседі, Мойылды өзені ағып жатыр, одан басқа да суаттар бар. 

26 Желтоқсан, 2018

Сөз сойыл №72

26 Желтоқсан, 2018

Жанарыс Жақсылықұлы ағзадағы кеселден арылтады

Қазақта жақсы жандарға ерекше бір сүйсінгенде, «тегі мықты ғой» деп айтады. Сол сияқты бүгінде халқының ықыласына бөленіп жүрген Жанарыс Жақсылықұлы Еңсеповтің де тегі мықты. Қалың оқырманға түсінікті болу үшін Жанарыс атаның әйгілі «Жау жүрек мың бала» атты фильмдегі Сартай батырдың жетінші ұрпағы екенін айтсақ та жеткілікті.

26 Желтоқсан, 2018

«Қазақ ПЕН клубының» жаңа лауреаттары марапатталды

Жыл соңында шығарма­шылық ұжымның қоры­тынды жалпы жиналысы болып өтті. Ат­қарылған жұмыстарға то­лыққанды баға берілді, ал­дағы міндеттер сараланды.

26 Желтоқсан, 2018

Мәдина Тыныбаева. Әлеммен бірге біз де өзгереміз

Уақыттың заманауи сын-тегеуріндері, кәсіби білім мен дағдылардың уақыт талабына ілесе алмауы педагогикалық кадр­ларды кәсіби дамытудың тұжырымдамалық негіз­дерін қайта қарастыруды талап етеді. Бұған дейінгі біліктілікті арттыру жүйесі жұмысын ұзақ уақыт бойы өзгеріске ұшырамай жүр­гізіліп келді, осының салдарынан ол педагогтердің кәсіби деңгейінің дамуына оң әсер ете алған жоқ.