29 Желтоқсан, 2018

«МИСС Павлодар – 2018» тәжін Мадина Батық иеленді

712 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс  орталығындағы С. Торайғыров атындағы мемлекеттік университетінің студенті Мадина Батық  сұлулық байқауына қатысқан 60 қыздың бірі болды.

«МИСС Павлодар – 2018» тәжін Мадина Батық иеленді

Суретті түсірген: Руфина Торпищева

Байқаудың соңын түрлі  сыннан өткен   8 студент қыз жалғастырды.

Қорытындысында «Мисс Павлодар-2018» атанған Мадинаның айтуынша, сұлулық тәжін иелену үшін байқау шарттарына сай  дайындалған.  

Жастайынан өнерге жақын болған. Мадина  14 жасында Май ауданындағы Байғабыл Жылқыбаев атындағы өнер мектебінде хореографиялық білім алған.

Туризм саласында  мамандық таңдаған студент қыз қалалық және облыстық деңгейдегі ғылыми конференцияларға қатысқан. Болашақта  түрлі әлеуметтік жобаларға қатысуды жоспарлауда.

 Шет тілдерін үйренуді, суретке түсіруді ұнататынын айтады.

-Әрине, қуанышымда шек жоқ.  Бұл үлкен жауапкершілік, - дейді Мадина.

Ал, сұлулық байқауында жиналған ақша  өрттен зардап шеккен  ауылда тұратын тұрмысы төмен отбасыға берілетін болады.

Енді Мадина  республикалық сұлулық байқауында облыс атынан  үлкен саханға шығады.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан»

ПАВЛОДАР