• 13 Желтоқсан, 2018
«Elektrondy qyzmet ortalyģy» ашылды
Кеше «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Астанада Қазақстандағы ең алғашқы «Elektrоndy qyzmet ortalyģyn» ашты. Озық технологиялармен жасақталған заманауи халыққа қызмет көрсету орталығында азаматтар жасанды интеллект игілігін көріп, цифрлы сауаттылықтарын көтеріп, қызметтерді өз бетінше ала алады.
• 12 Желтоқсан, 2018
Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын талқылауға арналған TEDx форматында жиын өтті
№82 «Дарын» мамандандырылған лицейінде Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын талқылауға арналған TEDx форматында жиын өтті. Оған белгілі қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазы, "Егемен Қазақстан" газетінің басқарма Төрағасы Дархан Қыдырәлі, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ журналистика және саясаттану факультетінің деканы Қайрат Сақ, «ҚазАқпарат» ХАА бас директоры Асқар Омаров, ата-аналар және оқушылар қатысты.
• 12 Желтоқсан, 2018
«Маңғыстау - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды
Маңғыстау облысы әкімдігінде «Маңғыстау - адалдық алаңы» облыстық жобалық кеңсесінің ашылуы өтті.
Аймақтар • 12 Желтоқсан, 2018
Отандық автоөндіріс саласының инвесторлары Қостанайда болды
Осыдан бұрын бірінші вице-премьер Асқар Мамин аса ірі қазақстандық автоөндіруші «СарыарқаАвтоПром» ЖШС-нің Genertec құрамына кіретін автомобильдер импорты және экспорты бойынша қытайдың СМС (China National Machinery IMP. & EXP. CORP) трансұлттық мемлекеттік компаниясының капиталына кіруі туралы (акциялардың 51%) келіссөздер жүргізіп, инвестициялық келісімге қол қойылған болатын.
• 12 Желтоқсан, 2018
Қыздар университетінде тұрмыстық әлімжеттікке қарсы жиын өтті
Әйелдерге қатысты әр түрлі әлімжеттіктерді жою жөніндегітуралы Конвенцияға сәйкес Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы өтті.
• 12 Желтоқсан, 2018
Қазақ спорт және туризм академиясында Президенттің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы талқыланды
Президенттің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына орай Қазақ спорт және туризм академиясында журналистермен кездескен академия президенті, профессор Қайрат Закирьянов өзінің ой-пікірлерімен бөлісті.
• 12 Желтоқсан, 2018
Белгілі паралимпиадашы Серік Есматовқа көмек көрсетілді
Бүгін «Нұр Отан» партиясының өкілдері мен Астана қаласындағы қоғамдық бірлестіктер, дипломатиялық өкілдіктер мүшелері кездесті. Кездесу барысында қонақтар Серік Есматовқа жаңа арба, ноутбук және спорттық костюмдер табыс етті.
• 12 Желтоқсан, 2018
Сабина Бақатова Минскіде күміс медаль алды
Беларусь ел елінің астанасы – Минскіде көркем гимнастикадан Марина Лобачтің жүлдесі үшін XVI халықаралық турнир өтті.
• 11 Желтоқсан, 2018
Маңғыстау облысының әкімдігі Халықаралық жасыл технологиялар орталығымен меморандумға қол қойды
Маңғыстау облысының әкімдігі мен «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» (ХЖТИЖО) жетекшісі Рәпіл Жошыбаев өңірге жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар енгізу мақсатында өзара серіктестік туралы меморандумға қол қойды.
• 11 Желтоқсан, 2018
Елбасы қазақстандық өнім шығаратын үш кәсіпорынды іске қосты
ЕХРО Конгресс-орталығында өтіп жатқан «Индустрияландырудың екінші бесжылдығы: Қазақстанда жасалған» атты жалпыұлттық телекөпір барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық өнім шығаратын үш кәсіпорынды іске қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.