12 Желтоқсан, 2018

«Маңғыстау - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды

1858 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысы әкімдігінде «Маңғыстау - адалдық алаңы» облыстық жобалық кеңсесінің ашылуы өтті.

«Маңғыстау - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды

Жобаның негізгі міндеттері - тұрғындардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық үлгісін одан әрі дамыту мен жемқорлық мәселесін мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру арқылы шешу, тұрмыстық жемқорлықты жою, азаматтар және бизнес үшін кедергісіз және қолайлы жағдайлар жасау, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы, ауқымды қоғамдық бақылау жүргізу.

Жоба аясында мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің еңбекақысын қайта қарау, мекеме басшыларының жеке жауапкершілігін арттыру, қызметтердің барлық бағыттары бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды арттыру және тағы басқа мәселелер қамтылады. Маңғыстау тұрғындары мен қонақтары мемлекеттік органдардың қызметін жақсарту және сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету, жою бойынша өздерінің ұсыныстарын еңгізе алады. Сондай-ақ, жұмыс барысында туындаған мәселелерді қарау үшін кәсіпкерлер, ғалымдар, азаматтық сектордың және БАҚ өкілдері арасынан сарапшылар тартылмақ.

  • кеңсенің ашылу салтанатында сөз сөйлеген Саян Қылышұлы, бұл  бастама жемқорлықтың факторы ретіндегі адами қажеттілікті жою үшін мемлекеттік қызметшілерді қолайлы еңбек ақымен қамтамасыз ету, қызметтің барлық бағыттары бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдар басшыларының дербес жауапкершілігі мәселелерін қарауға бағытталғанын айтты.

«Соңғы жылдары Елордада құқық тәртібін арттыру және тұрғындар мен қонақтар үшін жағдай жасауда белсенді инновациялық тәсілдер іске асырылып келеді. Бүгінде Астана басқа да Қазақстан аймақтары үшін лайықты "ақылды қала" үлгісі болып отыр. Соңғы Жолдауында Елбасымыз Астананың бұл креативті тәжірибесін еліміздің барлық өңірлеріне енгізу міндетін қойды. «Маңғыстау – адалдық алаңы» жобасы азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын күшейтіп, қоғамда жемқорлыққа қарсы ахуалды қалыптастыруға бағытталған», - деді ол.

Сонымен қатар, «Маңғыстау – адалдық алаңы» жобасына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда жаңа әдістер енгізу мақсатында жоба менеджменті қолданылатын болады. Ол мақсатта, жоба аясында Маңғыстау облысы әкімдігінің, жергілікті атқарушы органдар қызметкерлері қатарынан жоба кеңсесі құрылып, тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға бар күшімізді саламыз деген тілегін жеткізді.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы