Аймақтар • 18 Мамыр, 2018
Солтүстік Қазақстан индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы тағайындалды
Аймақ басшысының өкімімен Арман Сарбайұлы Оразғұлов индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы болып бекітілді.
Қаржы • 18 Мамыр, 2018
АХҚО криптовалютаны құптайды, ал Ұлттық банк қырын қарап отыр
«Астана» халықаралық қаржы орталығы коиптовалютаны құптайды. Алайда, Ұлттық банк оған қырын қарап отыр. Бұл туралы Atameken business channel (abctv.kz) хабарлады.
Аймақтар • 18 Мамыр, 2018
Ақтөбеде «Музейдегі түн - 2018» акциясы өтті
Кеше сағат 19.00-24.00 аралығында Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен облыстық тарихи-өлкетану, облыстық Өнер, Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың мемориалды музейлерінің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 18 мамыр – Халықаралық музейлер күніне орай «Музейдегі түн - 2018» акциясы өткізілді.
Аймақтар • 18 Мамыр, 2018
Түркиядан келген хирургтар ақтөбелік емделушілерге ота жасады
15-17 мамыр күндері Ақтөбеге Түркиядан дәрігерлер келді. Олар бірнеше күн бойы өңір тұрғындарына сүт безі аурулары мен түрлі косметикалық ақаулар жайында кеңестер беріп, жергілікті әріптестері үшін шеберлік сабақтарын өткізді, ауруды емдеудің жаңа әдістерімен бөлісті.
Қазақстан • 18 Мамыр, 2018
Қазақстан Эстонияның электрондық денсаулық сақтау саласындағы тәжірибесін зерделеуде
Мамырдың 17-18 күндері Астана мемлекеттік қызмет хабының бастамасымен Эстония сарапшысы қазақстандық денсаулық сақтау, ақпараттық технология және мемлекеттік қызмет көрсету салаларындағы қызметкерлермен азаматтарға медициналық қызмет көрсетуде ақпараттық технологияларды қолдану тәжірибесімен бөлісті. Атап айтқанда, «Эстонияның электрондық денсаулық сақтау ақпараттық жүйесі: тәжірибе, сын-тегеуріндер және перспективалар» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.
Қазақстан • 18 Мамыр, 2018
Рамазан айында Астана мешіттеріне автобустар тегін қатынайды
Қасиетті Рамазан айында Астана қаласының мешіттері үш бағыт бойынша көлікпен қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Astana LRT компаниясының Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап.
Аймақтар • 18 Мамыр, 2018
Қызылжар мешіті ауызашар берді
Қасиетті Рамазан айының алғашқы күні Қызылжар мешіті алты жүздей адамға дастархан жайып, ауызашар берді.
Қазақстан • 18 Мамыр, 2018
Қазақстанда алғаш рет балалар үйлерінің веложарысы өтеді
Алдағы демалыс күндері, яғни 19-20 мамырда Қазақстандағы балалар үйінің тәрбиеленушілері арасындағы алғашқы веложарыс өткізіледі.
Қазақстан • 18 Мамыр, 2018
БҰҰ арнайы елшісі Астана процесінің кезекті кезеңіне оң баға берді
Қазақстан делегациясы Сириядағы саяси ахуал бойынша БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысына қатысты. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Аймақтар • 18 Мамыр, 2018
Батырхан Шүкенов атындағы "Отан-Ана" конкурсының жеңімпаздары анықталды
Қызылордада ҚР Еңбегі сіңген қайраткері, әнші және композитор Батырхан Шүкенов атындағы "Отан-Ана" ІІ республикалық әншілер конкурсы аяқталды.