А.Оразғұлов 1986 жылы Батыс Қазақстан облысында туған. Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік қызмет академиясын кеден ісі саласындағы маман, заңгер, мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2006 жылы Астана қаласында жекеменшік ұйымдарда кеден декларанты болып бастаған. 2008-2009 жылдары Индустрия және сауда министрлігі сауда саясатын дамыту департаменті ішкі сауда саясатын реттеу басқармасының сарапшысы болған. 2009-2014 жылдары Индустрия және сауда министрлігі сыртқы сауда саясаты департаменті сыртқы сауда келіссөздері басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы қызметтерін атқарған.
2014-2017 жылдары Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі сыртқы сауда саясаты департаментінің басқармасына жетекшілік еткен.
Осы кезге дейін «New Texnolody» жарық технологиялық жарықтандыру ЖШС-нің директоры болған.
Өмір Есқали,
«Егемен Қазақстан».
Солтүстік Қазақстан облысы