Аймақтар • 28 Наурыз, 2018
Семейде су деңгейі көтерілгендіктен тұрғындар көшірілуде
Семейдегі Ертіс өзенінің су деңгейі көтеріліп кетті.
Аймақтар • 28 Наурыз, 2018
Ақтауда психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті ашылды
Ақтауда «Дара» қайырымдылық қорымен «Бәріміз бірдейміз-кемсітуді білмейміз: Қазақстанда инклюзивті қоғам құру» жобасының аясында «Ақтау психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ашылды. Салтанатты рәсім Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов пен «Дара» қайырымдылық қорының құрылтайшысы Гүлнар Досаеваның қатысуымен өтті.
• 28 Наурыз, 2018
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Нұрлы Жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып жатқан «Shymkent Сity» тұрғын алабына барды, сондай-ақ Президенттің «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» бірінші әлеуметтік бастамасын орындау жоспарымен танысты, деп хабарлайды primeminister.kz.
Қазақстан • 28 Наурыз, 2018
Нұрлан Смағұлов сауда ойын-сауық орталықтарын ТЖД-мен қоян-қолтық жұмыс істеуге шақырды
Бұл апта іргеміздегі ежелгі көршіміз Ресей үшін оңай басталған жоқ. Кемероводағы қайғылы оқиға талай отбасына қасірет шектіріп қана қоймай, қауіпсіздік мәселесінде ойланатын тұстар өте көп екендігін көрсетіп берді.
Футбол • 28 Наурыз, 2018
Бразилияда оқыған балалар қайда жүр?
Футболды тек спорт түрі емес, ұлттық мәдениеттің бір бөлігі деп қабылдайтын Бразилияда үш жыл бойы доп тебудің қыр-сырын меңгеру – екінің бірінің маңдайына жазыла бермейтін бақ. Осындай мүмкіндікке тоғыз жыл бұрын, дәлірек айтсақ, 2009 жылы қазақтың 26 жеткіншегі ие болды. Олар Бразилияда үш жыл жаттықты. Сондай-ақ тағы 26 бала 2012-2014 жылдары және 26 өрен 2015-2017 жылдары Пеле отанында доп тебуді үйренді.
Өнер • 28 Наурыз, 2018
Өскеменде «Наурыз айы келгенде...» атты ақындар айтысы өтті
24 наурыз күні Өскемендегі Металлургтердің Мәдениет сарайында «Ислам және отбасы» жылы аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазіреттің жүлдесі үшін «Наурыз айы келгенде...» атты облыстық ақындар айтысы өтті. «Біз тамырымызды тереңге жайған, мың жылдық мәдениеті, саф алтындай салт-дәстүрі, өлмейтін өнері бар ұлы халықпыз. Былтыр Өскеменде Құрбан айтта аламан бәйге ұйымдастырғанбыз.
Қазақстан • 28 Наурыз, 2018
Бақытжан Сағынтаев Елбасы тапсырмасымен Оңтүстік Қазақстан облысына келді
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев бүгін Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік», «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдаулары мен Бес әлеуметтік бастамасының жүзеге асырылу барысымен танысу үшін Оңтүстік Қазақстан облысына келді.
Қаржы • 28 Наурыз, 2018
Ұлттық банк ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасына өзгерістер енгізді
ҚР Ұлттық банкі 2015 жылғы сәуірде қабылданған Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасына өзгерістер мен толықтыруларды бекітті, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. Бұл туралы Басқарма отырысының қорытындылары бойынша ҚР ҰБ төрағасы Данияр Ақышев айтып берді.
Әлем • 28 Наурыз, 2018
Басқа басылымдардан: Оңтүстік Корея 30 жылдан кейін конституцияға өзгеріс енгізді
Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин Конституцияға Мемлекет басшысының билікте болатын өкілеттілік уақытын өзгерту туралы заң жобасына қол қойды.
Әлем • 28 Наурыз, 2018
«Брексит»: Ирландияның мәселесі шешілмей тұр
«Брексит», яғни Ұлыбританияның Еуропалық одақтан бөлінуі басталғалы бірқатар түйткілдердің шеті шықты. Солардың бірі – Солтүстік Ирландия мен Ирландия республикасы арасындағы шекара мәселесі. Діні мен мемлекеті бөлек бір халық «Брекситтің» зардабын тартуы әбден мүмкін.