Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90838 материал табылды

Қазақстан • 16 Желтоқсан, 2018

Тәуелсіздік мерекесіне орай мерекелік іс – шара өтті.

2018 жылдың 15 желтоқсан күні Еліміздің үшінші  мегаполисі  атанған  Шымқаламыздағы  «Shymkent  Plaza»  сауда орталығында  Тәуелсіздік мерекесіне орай «Мен Қазақстанды бейнелеймін!»  атты  мерекелік   іс – шара  өтті.

Аймақтар • 16 Желтоқсан, 2018

Оралда тәуелсіздік құрметіне жаңа мектеп пен 180 пәтерлік үй пайдалануға берілді

Орал қаласы тұрғындары биылғы Тәуелсіздік мерекесін үлкен қуанышпен қарсы алды. Мереке қарсаңында 900 орындық жаңа мектеп пен 180 пәтерлік үй құрылысы аяқталып, жаңа иелерін тапты.

Аймақтар • 16 Желтоқсан, 2018

Түркістан облысында саябақ, медициналық орталық және жастар сарайы ашылды

Еліміздің басты мерекесі - Тәуелсіздік тойын Түркістан облысының жұртшылығы асқан қуанышпен атап өтуде. Мерекеге орай облыс орталығы Түркістан қаласында жаңа саябақ ел игіліне тапсырылды. Қаланың Кентау бағытынан кіре берісінен 14 гектар жерге орналасқан «Парасат» саябағының  құрылысы 2018 жылдың тамыз айында басталып, желтоқсан айында пайдалануға беріліп отыр.

Қазақстан • 16 Желтоқсан, 2018

Бүгін - Тәуелсіздік күні

Бүгін – ата бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні. 

Аймақтар • 16 Желтоқсан, 2018

Солтүстік Қазақстанда Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесіне орай Спорт сарайында салтанатты жиын өтіп, аймақ басшысы солтүстікқазақстандықтарды ұлық мерекемен құттықтады.

Қазақстан • 15 Желтоқсан, 2018

«Нұр Отанда» жаңа пікірталас алаңы дүниеге келді

«Нұр Отан» партиясының мемлекеттік тілдегі #NurOtanPikir жаңа пікірталас алаңы өз жұмысын бастады. Тұсаукесер отырыс «Тәуелсіздігіміздің рухани негіздері» тақырыбына арналып, онда елдіктің тіректері, ұлттық мәдениет пен руханияттың және мемлекеттік тілдің дамуы сияқты өзекті мәселелер талқыланды. Іс-шараға «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев, Парламент Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов, белгілі саясаттанушы Айдос Сарым, «Киелі Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Берік Әбдіғалиұлы және Гарвард университетінің түлегі, қоғам қайраткері Шыңғыс Мұқан қатысты. Отырысты ғалым, Халықаралық Түркі академиясының президенті, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ-ның Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі жүргізді, деп хабарлайды партияның баспасөз қызметі.

Аймақтар • 15 Желтоқсан, 2018

Ономастика саласындағы оң өзгерістер жалғасын табады - Даниал Ахметов

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жұртшылық ыстық ықыласпен қабылдағаны белгілі. Мемлекет басшысының жақында жариялаған «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы қазір қоғамда қызу талқыланып жатыр. Бұл тарапта Шығыс Қазақстанда қандай жұмыстар атқарылды, алда қандай жоба-жоспарлар бар? Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов осы өңірдегі тілшімізді арнайы қабылдап, осы және өзге де сауалдарға жауап берді.

Қазақстан • 15 Желтоқсан, 2018

TWESCO Тәуелсіздік күніне орай салтанатты қабылдау өткізді

Халықаралық Түркі академиясы (TWESCO) Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты қабылдау өткізді. Жиын аясында Мажарастанның Халықаралық Түркі академиясына бақылаушы мәртебесін алуына байланысты мемлекеттік туы  табыс етілді.

Қазақстан • 15 Желтоқсан, 2018

Тәуелсіздік күніне орай бірқатар қазақстандық дипломаттар мемлекеттік наградалармен марапатталды

Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу рәсімі өтті, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі. 

Қазақстан • 15 Желтоқсан, 2018

Денис Теннің өліміне қатысты іс сотқа жіберілді

Қылмыстық іс Алматы қалалық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында қаралатын болды, деп хабарлайды қалалық соттың баспасөз қызметі.