Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90838 материал табылды

Аймақтар • 17 Қараша, 2018

Оралда қоғамдық ұйымдардың VIII форумы өтті

Орал қаласында Батыс Қазақстан облысында тіркелген үкіметтік емес ұйымдардың VIII форумы өтті. «Азаматтық қоғам және мемлекет: Диалог. Ынтымақтастық. Жауапкершілік» атты жиынға Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев, «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ президенті Асылбек Қожахметов және Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов қатысты.

Қазақстан • 17 Қараша, 2018

17 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Кең алқапты және күшті антициклон Қазақстан аймағының басым бөлігіндегі суық ауа райын ұстап тұруын жалғастырады, деп хабарлайды Қазгидромет. 

Қазақстан • 16 Қараша, 2018

Абылай ханның Галдан Цереннің тұтқынында болған жері табылды

Жақында Зайсан ауданында өткен ғылыми конференция кезінде қазақ жылқысының тарихын індете зерттеп жүрген ғалым, Алматыдағы Шоқан Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының профессоры Ахмет Тоқтабай осындай ақпаратты сүйіншілей жеткізді. Этнограф биыл жазда Моңғолияға экспедициямен барғанда сондағы әріптестерінен Абылай ханның Жоңғар қоңтайшысы Галдан Цереннің тұтқынына түскен шақтағы болған жерін естіп, білген екен. 

Қаржы • 16 Қараша, 2018

Қазақстан қор биржасы 25 жылдығын қорытындылады

Қазақстан қор биржасы Ұлттық Банкі Қазақстан қаржыгерлері ассоциациясымен бірлесе отырып, VIII Қаржыгерлер Конгрессінің аясында "Экономиканың тұрақты дамуындағы қор биржаларының атқаратын рөлі" тақырыбында қазақстандық биржалық форум өткізді. 

Қазақстан • 16 Қараша, 2018

Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия отырысы өтті

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия отырысы өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметін.

Спорт • 16 Қараша, 2018

Атыраулық Қаһарман Қисметов  Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Жас спортшы 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы грек-рим күресінен Әлем чемпионатында өз бағын сынады, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қазақстан • 16 Қараша, 2018

Қазақ жігіті америкалық хоккей командасының капитаны атанды

Таяуда 20 жастағы қазақ жігіті америкалық хоккей командасының капитаны атанды. Бұл туралы ақпараты «Қазақпарат» сүйінші сұрап таратқан болатын. Жақында агенттіктің сайтында басты кейіпкер – Азат Тұрсынхановтың сұхбаты жарияланды. Оқырманға соны аударып ұсынып отырмыз.

Қазақстан • 16 Қараша, 2018

​Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Эритреяға қарсы санкцияларды жою туралы қарарын қолдады

Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Эритреяға қарсы санкцияларды жою туралы қарарды қолдады. 2017 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан Сомали мен Эритреяға қатысты БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің санкциялар жөніндегі комитетінің төрағасы болды, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі. 

Өнер • 16 Қараша, 2018

Алматыда белгілі сахна суретшісі Мұрат Сапаровтың көрмесі өтті

М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрында сценограф, Қазақстан суретшілер Одағының мүшесі Мұрат Сапаровтың «Уақыт және кеңістік философиясы» атты шығармашылық есеп беру көрмесі  өтті. 

Аймақтар • 16 Қараша, 2018

ШҚО Зайсан ауданында Баймұрат батырға ескерткіш қойылды

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Сауыр, Сайқан тауларының баурайындағы, шекара шебіндегі Зайсан қаласында бірқатар тағылымды шаралар ұйымдастырылды. Аудан күні шеңберінде «Атадан мұра құт мекен – Атамекен нұр Зайсан» тақырыбымен өткен мәдени шаралар 8 қарашада аймақтық күй сайысы, белгілі әнші Дәлел Уәшев секілді осы өңірден шыққан өнерпаздар қатысқан Гала-концерттен басталып, 9 қарашада ғылыми-конференциямен, қолбасшы қаракерей Қабанбайдың сенімді серігі, шеп бұзар батыры болған Баймұрат Бәйімбетұлының еңселі ескерткішінің ашылуымен, облыстық ақындар айтысымен түйінделді.