Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
61075 материал табылды

Қоғам • 11 Мамыр, 2019

Қызды құтқармақ болған әскери қызметші мерт болды

ҚР Қорғаныс министрлігі суға батып бара жатқан қызды құтқару кезінде Әуе қорғанысы күштеріне қарасты 47762 әскери бөлімінің кіші сержанты Ерлан Райымқұловтың қаза болу дәйегін растайды.

Руханият • 11 Мамыр, 2019

Жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісовке І дәрежелі «Ел қорғаны» медалі табысталды

Жеңіс күнін мерекелеу күні қазақстандық армия әскери қызметшілері Алматы облысының құрметті азаматы, әскери жазушы, ҰОС-қа қатысушы, отставкадағы полковник Леонид Гирша мен КСРО Мемлекеттік жүлдесінің лауреаты, жазушы, ҰОС-қа қатысушы Әбдіжәміл Нұрпейісовке І дәрежелі «Ел қорғаны» медалі табысталды, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазақстан • 11 Мамыр, 2019

Петропавлда үш күнде екі автобус өртке оранған

Петропавлдағы аялдамада автобус өртенді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қазақстан • 11 Мамыр, 2019

Нұрсұлтан Назарбаев Алишер Усмановты марапаттады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «USM Holdings» компаниясының құрылтайшысы Алишер Усмановты «Достық» орденімен марапаттады, деп хабарлайды Тұңғыш Президенттің баспасөз қызмет.

Қоғам • 11 Мамыр, 2019

Көкшетаулық полицей эпилепсиямен ауыратын жігіттің өмірін сақтап қалды

Көкшетауда полицей эпилепсиясы ұстаған 27 жастағы қала тұрғынының өмірін аман алып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қоғам • 11 Мамыр, 2019

Жиырмаға жуық баланың кіндік шешесі

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Бірлік ауылында тұратын Тыл ардагері Айымжан Кәдірбекованың төлқұжаттағы туған жылы 1922 жыл делінгенмен оның інісі Ізбасар апасының бір жыл бұрын туғандығын растайды. Ол кезде төлқұжатты шамамен асықпай жаза беретін кез көрінеді. Сонда 1921 жылы туған болып шықса, әжеміз 98-ге аяқ артқан екен. Он үш жаннан түрлі қиындықтармен жалғыз өзі қалған Айымжан апаның бүгінде он баласынан 39 немересі, 45 шөбересі бар. Айдана мен Рысалды шөберелерінен екі шөпшегінің қолынан су ішіп отыр. Күні бүгінге дейін 18 баланың анасын босандырып алып, шынайы кіндік шешесі атанған көрінеді. Сәбиді босандырып алып қана қоймай, дүниеге келісімен құйрығын шар еткізіп ұрып, кіндігін кеседі.

Әлем • 11 Мамыр, 2019

Назарбаев Университетінің Халықаралық ғылыми тобы физикадан әлемдік жаңалық ашты

Құрамында АҚШ, Қазақстан және Ресей ғалымдары бар Назарбаев Университетінің Халықаралық ғылыми тобы физикадан әлемдік жаңалық ашты

Саясат • 11 Мамыр, 2019

Бүгін Дания Еспаева сайлау алды үгіт науқанын бастайды

Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер тұңғыш әйел – Дания Еспаева сайлау алды үгіт науқанын 11 мамырда бастайды

Саясат • 08 Мамыр, 2019

Бейбіт Атамқұлов Ингибьёрг Сольрун Гисладоттирмен кездесу өткізді

Польшаға жұмыс сапары аясында Қазақстанның Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ ДИАҚБ) Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының директоры Ингибьёрг Сольрун Гисладоттирмен кездесу өткізді.Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

08 Мамыр, 2019

Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы тағайындалды

ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен Қанат Құрмашұлы Байытов Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.