Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90838 материал табылды

Әдебиет • 17 Қыркүйек, 2018

«Мені әдебиетке мұң жетелеп әкелді»

Алматыда қазақ ПЕН-клубы әлем жазушыларының фо­ру­мын ұйымдастырып, он жеті елдің әдебиетіндегі жүй­рік­­терді жинап, «Құбылмалы әлемдегі қазіргі заманғы әде­биеттің рөлін» анықтау үшін ашық ойдың аламанын жасады. Палестина, Марокко, Түркия, Ресей, Франция, Украина жазушыларының ағыл-тегіл ағылшыншасымен айтылып жатқан бүгінгі ғаламдық үдерістегі әдебиеттің орны мен маңызы туралы өткір пікірі жаныңа майдай жағып жатқанда, кешегі ХХ ғасырдың басындағы ойлау үлгісі мен жазу машығынан қол үзгісі келмейтін қазақ әдебиетінің даму, өзгеріс атаулыға үрке қарап тұратын үрейге толы мінезі үшін кім кінәлі деген сұрақ өз ішімізден қоса қабаттаса қойылып отырды. Шақырылған қонақтардың ішінен өз елінде туып, басқа елде өмір сүретін, шығармасын үшінші бір тілде жазатын жазушыларды көргенде, жаһандану кезеңінің жанды мысалымен алыстан емес, бетпе-бет кездескендей болдық. Біз сұхбаттасқан поляктың бүгінгі ең танымал жазушысы Януш Леон ВИШНЕВСКИЙ де Польшада туып, отыз жылдан бері Германияда өмір сүреді. Кітаптары әлемнің 19 тіліне аударылған. Әр шығармасы үлкен дүмпу туғызады. Көп сыналады және сонша көп мақталады да. Физика ғылымдарының докторы. 

Медицина • 17 Қыркүйек, 2018

Балдырғандарға арналған бірегей орталық

Атбасар қаласында бал күлкілі балалар жиналып ойын-сауық өткізетін, ой-өрісін жетілдіретін орталық ашылды.

Қазақстан • 17 Қыркүйек, 2018

«Алматы декларациясы» – жаңа инновациялық бағыттың бастауы

1978 жылы ДДҰ және ЮНИСЕФ-тiң қолдауымен Алматы қаласында алғашқы дәрiгерлiк көмектi жетiлдiруге арналған халықаралық конференция өткен едi. Әлемдік деңгейде мәні бар конференцияның Алматыда өтуі  сол кездерi Қазақстанның денсаулық сақтау министрi қызметiн атқарған академик Төрегелді Шармановтың арқасында жүзеге асты. Бұл – академиктің қажырлы еңбегі мен дарындылығын, ұйымдастырушылық қабілеті мен жан-жақты білімдарлығын көрсетеді. Алматы конференциясының тарихы туралы не бiлемiз? Бұл жиынды өткiзудегi мақсат қандай еді деген сауалдар төңiрегiнде академик Төрегелдi ШАРМАНОВПЕН әңгiмелескен едiк.

17 Қыркүйек, 2018

Жастарды қолдау – жарқын жолды таңдау

Алматыда ел жастарын қанаттандыруға бағытталған халықаралық жастар форумы өтті. Аталған форумды ұтымды идеясымен көзге түскендер үшін өз армандарын іске асырудың таптырмас мүмкіндігі деп атауға болады.

Медицина • 17 Қыркүйек, 2018

Медицина саласындағы маңызды міндет

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауында халықтың өмір сүру ұзақтығының өсуіне және медициналық технологиялардың дамуына байланысты медициналық қызмет көрсетуге деген сұраныс көлемі арта түсетіндігін айтқан болатын. Оның ішінде онкологиялық аурулармен күресу үшін кешенді жоспар қабылдап, ғылыми онкологиялық орталық құру қажеттігін ерекше атап өтті. Өз сөзінде Мемлекет басшысы «Халықаралық озық тәжірибе негізінде ауруды ерте диагностикалаудың және қатерлі ісікті емдеудің жоғары тиімділігі қамтамасыз етілуге тиіс», деді.  

Қазақстан • 17 Қыркүйек, 2018

Батыр аманатына адалдық

Әулиеата өңірінде дүниеге келгенімен, бүкіл қазақтың қайсар ұлына айналған Бауыржан Момышұлы есімі ел үшін қастерлі. Көзі тірісінде аты аңызға айналған алып тұлға қазақ халқы үшін батырлық пен ерліктің нағыз үлгісі ретінде тарихта қалды. Сондықтан да ел арасында даңқты батырға деген құрмет пен тағзым ешқашан толастамақ емес.

Тарих • 17 Қыркүйек, 2018

Қасиетті бесіктің қадіріне жетіп жүрміз бе?

Ғасырлар бойы ұлтымыз тал бесікті қасиетті мүлік санап келді. Ол қазақы тәлім-тәрбиенің қайнар көзі болды. Ұлтымыздың өсіп-өнуінің басты кілті де тал бесік. 

Таным • 17 Қыркүйек, 2018

Жазудың тарихи тағылымдары

Қазақстан • 17 Қыркүйек, 2018

Жақсылардың жалғасы еді

Таным • 17 Қыркүйек, 2018

Құрметке лайық дипломат

15 қыркүйекте Қазақстан қоғамы белгілі мем­лекет қайраткері және дипломат Михаил Ива­но­вич Есенәлиевтің 90 жылдығын атап өтеді.  М.Есенәлиев – тағдыры ерекше адам. Өзінің естелік кітаптарының бірінде былай деп жазады: «Мен 26 жасқа дейін ресейлік, ал 40 жылдан астам уақыт бойы қазақстандықпын, мені ата-бабаларымыздың туған жері тартып әкетті». Қиын әскери жылдары жұмыс істеп, орта мектеп, кейін заң мектебін үздік бітіріп, М.Есенәлиев өзін Саратов облысының Бүкілодақтық лениншіл коммунистік жастар одағы жүйесінде, одан кейін Алматы қаласында, Павлодар облысында және Қазақ КСР-інде шебер ұйымдастырушы және дарынды көшбасшы ретінде танытты. Философия ғылымдарының кандидаты, интеллектуал және партия қызметкері Михаил Иванович өз дәуіріндегі қазақ зиялыларының ең жарқын өкілдерінің бірі болды. 1969-1981 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің Мәдениет басқармасының басшысы бола отырып, М.Есенәлиев отандық мәдениет пен өнерді дамытуға үлкен үлес қосты.