Соңғы жаңалықтар
Экономика • 27 Қаңтар, 2026
Авиаотын нарығында делдалдар азайды
Мемлекет басшысының халықаралық әуехабтарды дамыту жөніндегі тапсырмасы азаматтық авиация саласын жүйелі жаңғыртуды талап етті. Осы бағытта Әуежай инфрақұрылымын дамыту, авиаотынмен үздіксіз қамтамасыз ету, баға қолжетімділігін арттыру мен бәсекелі орта қалыптастыру бойынша кешенді шаралар қолға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Қаңтар, 2026
Атырау соты өмір бойына сотталған адамның апелляциялық шағымын қанағаттандырмады
Атырау облыстық соты былтыр қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен өмір бойына сотталған азаматтың апелляциялық шағымы қанағаттандырылмағанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 27 Қаңтар, 2026
Мемлекет басшысы Конституциялық комиссияның төрағасын қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық комиссия төрағасы – Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімованы, Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары – Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринді және Конституциялық комиссия мүшесі – Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Медицина • 27 Қаңтар, 2026
OrdaMed басшысы ҰҚК таққан айыптауларды жоққа шығарды
Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) «OrdaMed» АҚ-на медициналық құрал-жабдықтардың жалған өндірісімен айналысты деген айып таққан болатын. Аталған мәлімдемеге жауап ретінде «OrdaMed» АҚ-ның негізін қалаушы әрі басшысы Еркін Ділімбетов ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Қаңтар, 2026
66 кадет қызылша жұқтырды: Көкшетаудағы әскери колледжде карантин енгізілді
Қорғаныс министрлігіне қарасты Шоқан Уәлиханов атындағы Әскери колледжде 66 кадеттің қызылша жұқтырғаны анықталды. Оқу орны осыған байланысты карантин енгізілгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 27 Қаңтар, 2026
Ақтөбеде зергер тұтынушылардың бұйымдарын ломбардқа өткізіп жіберген
Ақтөбеде орталық базар ішіндегі шеберхана зергеріне қатысты азаматтардан полицияға арыз-шағымдар түскен. Қазір тұтынушыларды алдаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құрылыс • 27 Қаңтар, 2026
Алматыда әуеайлаққа жақын салынған екі тұрғын үй кешенінің құрылысы тоқтатылды
Алматы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов халықаралық әуежай маңындағы бірқатар тұрғын үй кешенінің құрылыс барысын тексерді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Қаңтар, 2026
Атырауда браконьерлерге 31,7 млн теңге айыппұл салынды
Атырау облысында былтыр заңсыз балық аулауға қатысты 2200-ден астам құқық бұзушылық тіркелді. Браконьерлерге салынған айыппұлдың көлемі 31,7 млн теңгеден асты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Қаңтар, 2026
Түркістанға еліміздің басқа облыстарынан 62 885 адам қоныс аударған
Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Түркістан облысы бойынша департамент басшысының орынбасары Нұрқожа Бекжановтың мәлімдеуінше, өңірде қоныс аударушылар саны өскен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 27 Қаңтар, 2026
Яна Легкодимованың өліміне қатысты үкім: Сотталғандар апелляциялық шағым түсірді
Яна Легкодимованы өлтіргені үшін сотталғандар мен олардың қорғаушылары 2025 жылғы қарашада шығарылған сот үкіміне апелляциялық шағым түсірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 27 Қаңтар, 2026
Марат Башимов: Жеке деректерді қорғау Конституцияда бекітілуі тиіс
Қазақстанда жеке деректерді қорғау құқығын Конституцияда бөлек бекіту ұсынылды. Бұл жөнінде Мәжіліс депутаты Марат Башимов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 27 Қаңтар, 2026
Инвестиция көлемі 1,4 млрд доллар: Венесуэланың мұнай нарығы өзгере ме?
Венесуэла 2026 жылы мұнай саласын дамыту үшін 1,4 млрд доллар инвестиция тартуды жоспарлап отыр. Елдің уақытша президенті Делси Родригес мұнай өндірісін кемінде 18%-ға арттырып, әлемдік нарықтағы жетекші позициясыны қайтаруды көздейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 27 Қаңтар, 2026
Енді жеңілдетілген ипотеканы жекеменшік банктер де ұсына алады
Президент елдегі барлық банктерге тұрғын үй-құрылыс жинақтары (ТҮҚЖ) жүйесін қолдануға мүмкіндік беретін түзетулерге қол қойды. Заң 2026 жылғы 19 наурызда күшіне енеді және тұрғын үй алғысы келетін жандарға жаңа мүмкіндіктер береді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 27 Қаңтар, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Израильдің сыртқы істер министрін қабылдады
Мемлекет басшысының айтуынша, Гидеон Саардың сапары Израильдің Қазақстанмен көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға бейіл екенін растайды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 27 Қаңтар, 2026
Үстел теннисінен әлем чемпионаты: Қазақстанның қарсыластары кімдер?
Лондонда үстел теннисінен командалық әлем чемпионатының жеребесі тартылды. Дүбірлі дода 28 сәуір − 10 мамыр аралығында өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 27 Қаңтар, 2026
Үнді сахнасында қазақ әндері шырқалды
Қазақстан өнерпаздары Үндістанның Ченнаи қаласында өткен 11-ші Ғаламдық музыка фестиваліне қатысты. Өнер додасы 25 елден келген жүздеген әртістің басын қосты. Қазақ мәдениетін паш етуге Астанадағы Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясы, «Гәкку» балет би ансамблі, сондай-ақ Ғазиза Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының Қазақ камералық хоры арнайы барды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 27 Қаңтар, 2026
Енді фильмдерді прокатқа шығару мәселесін Сараптама комиссиясы шешеді
Елімізде шетелдік және отандық фильмдерді прокатқа шығармас бұрын оларды арнайы Сараптама комиссиясы қарайтын болады. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов депутаттардың сауалына берген жауабында мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 27 Қаңтар, 2026
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқарбек Ертаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 27 Қаңтар, 2026
Қаскелеңде ер адам әйелі мен енесін соққыға жығып, көлігін қиратқан
Әлеуметтік желілерде 24 қаңтардан 25 қаңтарға қараған түні болған оқиға қоғамның қызу талқысына түсті. Ер адам ажырасу процесінде жүрген жұбайының үйіне заңсыз басып кіріп, әйелі мен оның анасына күш көрсеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 27 Қаңтар, 2026
Мектеп пәндері біріктіріле ме? Министр мәлімдеме жасады
Қазақстанда мектеп пәндерін біріктіру туралы жоспар уақытша тоқтатылды. Бұл шешім педагогтермен және сала мамандарымен өткен талқылаулардан кейін қабылданды. Бұл жөнінде Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Үкіметтегі брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 27 Қаңтар, 2026
Туризмді жарнамалау тоқырап тұр: Шетелдіктерді тарту құралдары неге 4 жыл бойы жаңартылмаған?
Мемлекет басшысының тапсырмаларын ескере отырып, Үкімет туризм саласын дамытуды ерекше бақылауда ұстайды. Үкімет отырысының қорытындысына сәйкес Премьер-министр Олжас Бектенов туристік инфрақұрылымды орнықты дамыту, қызмет сапасын арттыру және табиғи байлықтарды сақтау мәселелері бойынша бірқатар нақты тапсырма берді, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 27 Қаңтар, 2026
Президент Светлана Жақыпованы қызметінен босатты
Светлана Жақыпова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымынан босатылды, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 27 Қаңтар, 2026
Елімізде «педагог-шебер» санатын алу жеңілдей ме?
Елімізде педагогтерді аттестаттау кезінде авторлық бағдарламаларды міндетті түрде әзірлеу талабы алынып тасталады. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейін Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 27 Қаңтар, 2026
«Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасы бекітілді
Үкімет дауыс беру қорытындысы бойынша «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын бекітті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 27 Қаңтар, 2026
Олжас Бектенов: Балалар мен жасөспірімдер фастфуд пен энергетикалық сусындарға тәуелді
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов балалар мен жасөспірімдерді дұрыс тамақтандыру мәселесін көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 27 Қаңтар, 2026
Мемлекеттен 655,7 млрд теңге бөлінді: Бұл қаражат кімдерге және қалай үлестірілді?
2025 жылы мемлекет мүгедектігі бар азаматтар мен асыраушысынан айырылған отбасыларды әлеуметтік қолдауға қомақты қаржы бөлді. Жыл қорытындысы бойынша бұл мақсатқа жалпы 746 млрд теңгеге жуық қаражат жұмсалып, әлеуметтік қорғау жүйесінің ауқымы мен маңызы айқын көрінді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 27 Қаңтар, 2026
Қазақстан Қытайдан көлік импорттаушы 10 елдің қатарына енді
Қытай автомобиль қауымдастығы (CPCA) 2025 жылғы көлік экспортының нәтижесін жариялады. Жалпы көлемі – 8,32 млн машина экспортталған, оның 3,43 миллионы электромобиль мен гибридті көлік. Қытайдан ең көп автомобиль жеткізген елдердің арасында Мексика (625 187), Ресей (582 738) және Біріккен Араб Әмірліктері (571 937) бар. Ал Қазақстанға былтыр 200 мыңнан астам автокөлік кірген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 27 Қаңтар, 2026
«Қайрат» қос қақпашы – Анарбеков пен Қалмырзаға қатысты шешім қабылдады
«Қайрат» футбол клубы Темірлан Анарбеков және Шерхан Қалмырзамен келісімшартты ұзартты. Клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, қос қақпашы алдағы екі жыл бойы алматылық клубтың намысын қорғайды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 27 Қаңтар, 2026
Экспресс бағыттар қосылды: Енді елордалықтар автобус аялдамасында ұзақ тұрмайды
Елордада қалалық және экспресс бағыттардың бірқатарында автобус саны артты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 27 Қаңтар, 2026
Шетелге емделуге жіберу 50%-ға төмендейді: Елімізде қандай озық технологиялар енгізіледі?
Диагностика мен емдеудің озық технологияларын енгізу шетелдік клиникаларға жіберілетін балалар санын екі есе азайтуға мүмкіндік береді. Бұл туралы Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.