Оқиға • 27 Қаңтар, 2026

Ақтөбеде зергер тұтынушылардың бұйымдарын ломбардқа өткізіп жіберген

16 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбеде орталық базар ішіндегі шеберхана зергеріне қатысты азаматтардан полицияға арыз-шағымдар түскен. Қазір тұтынушыларды алдаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбеде зергер тұтынушылардың бұйымдарын ломбардқа өткізіп жіберген

Фото: Polisia.kz

Зергер тұтынушылардан алтын бұйымдарды жөндеуге немесе әшекей жасау үшін қабылдап алған. Әлгі заттарды кейін ломбардқа өткізіп, түскен қаражатты жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.

Алматыда ломбард отқа оранды

Polisia.kz мәліметінше, оның кемінде 20 алаяқтық дерегіне қатысы бары анықталып отыр. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын 12 миллион теңгеден астам.

Ломбардтан алған қарыз несие тарихына әсер ететіні рас па?

Тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Шетелдіктер Астанадағы ломбардты тонап кеткен

Соңғы жаңалықтар