Аймақтар • 27 Қаңтар, 2026

Түркістанға еліміздің басқа облыстарынан 62 885 адам қоныс аударған

15 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Түркістан облысы бойынша департамент басшысының орынбасары Нұрқожа Бекжановтың мәлімдеуінше, өңірде қоныс аударушылар саны өскен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістанға еліміздің басқа облыстарынан 62 885 адам қоныс аударған

Республика көлемінде туу көрсеткіші бойынша көш басында келе жатқан Түркістан облысында 2025 жылы 43 327 сәби дүние есігін ашқан. Оның 22 247-сі ұл, 21 080-і қыз бала. Жалпы облыс халқының саны 2 148 168 адамға жеткен. Соның ішінде, қала халқы – 545 012, ауыл тұрғындарының саны – 1 603 156 адам.

Көшіп келушілер қолдауға зәру

Былтыр өңірде 10 112 неке тіркелген. Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Түркістан облысы бойынша департамент басшысының орынбасары Нұрқожа Бекжановтың мәлімдеуінше, қоныс аударушылар саны да өскен. Мәселен, өткен жылы еліміздің басқа облыстарынан 62 885 азамат қоныс аударса, 410 азамат достастық елдерінен, 6 адам алыс шетелдерден Түркістан облысына көшіп келген.

3

Өткен жылы пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі де артып, 1 млн 235,9 мың шаршы метрге жеткен. Яғни алдыңғы жылмен салыстырғанда көрсеткіш 6,6%-ға артып отыр. Жалпы өткен жылы тұрғын үй құрылысына 201 млрд 829 млн теңге инвестиция салынған.

Соңғы жаңалықтар