Соңғы жаңалықтар
Саясат • 24 Ақпан, 2026
Қоғамдық диалогтің дәйектілігі артады
Ақмола облысында Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері жергілікті халықпен, жастармен, спортшылармен, еңбек ұжымдарымен және туристік сала өкілдерімен кездесулер өткізді.
Құқық • 24 Ақпан, 2026
Әр жұмысшы маңдай терімен тапқан жалақысын мезгілінде алғысы келеді. Алайда Атырау облысында еңбекақыны уақытында бермейтін компаниялар әлі де бар.
Пікір • 24 Ақпан, 2026
15 наурыз күні Қазақстан азаматтары республикалық референдумда өз елінің болашағын айқындайды: біз жаңа Конституцияға енгізілетін түзетулерге қатысты шешім қабылдауымыз керек.
Қазақстан • 24 Ақпан, 2026
Жаһандық рейтингте елеулі орындамыз
Қазақстан ғылыми белсенділік бойынша «SCImago» жаһандық рейтингінде Орталық Азия елдері арасында көшбасшысы атанды. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.
Ата заң • 24 Ақпан, 2026
Ата заң жобасы туралы ғалымдар пікірі
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті. Басқосуда «Әділетті Қазақстан», «Таза Қазақстан», «Адал азамат», «Заң мен тәртіп» ұғымдарының Ата заңдағы көрінісі жан-жақты қаралды. Іс-шараны Журналистика және әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебі ұйымдастырды.
Ғылым • 24 Ақпан, 2026
Қазіргі медицина – ғылым, технология және адамдық жауапкершіліктің тоғысқан кеңістігі. Бұл салада жаңалық тек құрал-жабдықпен өлшенбейді, ойлау мәдениетімен, кәсіби этикамен және болашаққа деген көзқараспен айқындалады. Бүгінгі кейіпкеріміз – медицина саласынан PhD, Кувейттегі Әл-Рази ауруханасы омыртқа бөлімінде дәрігер болып жұмыс істейтін отандасымыз Шенол Жәдік. Ол – осыған дейін ми мен омыртқаға қатысты 6 мыңнан астам операцияны сәтті жасаған білікті маман.
Референдум • 24 Ақпан, 2026
21 шетелдік байқаушы аккредиттелді
Алдағы референдумға бес мемлекеттен 21 шетелдік байқаушы қатысуға ниет білдірді. Атап айтсақ, Әзербайжан, Палестина, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан мен Тайланд корольдігінен келеді. Сондай-ақ ТМД байқаушылары миссиясынан, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінен, Түркі академиясынан байқаушылар болады. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының екінші отырысында айтылды.
Спорт • 24 Ақпан, 2026
Еліміздің конькишілері Инцелль (Германия) қаласында өткен жастардың Әлем кубогінің кезеңдік жарысында жасындай жарқылдады. Алғашқы күні-ақ олар төрт алтын олжалады. 1 000, 3 000 метрлік қашықтықта Кристина Шумекова алдына жан салмады. Нео-сеньорлар сайысында Инесса мәре сызығын бірінші болып қиып өтсе, оның командалық әріптестері Дарья Важенина мен Алина Дауранова екінші, үшінші орындарды еншіледі. Қыздар командалық спринтте де топ жарды.
Өндіріс • 24 Ақпан, 2026
Балмұздақ өндірісінің «бағы жанды»
Ел тарихында алғаш рет балмұздақ экспорты импорт көлемінен асып түсті. 2025 жылдың қорытындысын жариялаған Сауда және интеграция министрлігі бұл тәтті өнімнің экспорт көлемі 14 167 тоннаға жеткенін, импорт 12 194 тоннаны құрағанын хабарлады.
Өнер • 24 Ақпан, 2026
Қазақ сахнасындағы француз туындысы
Француз композиторы Франсис Пуленктің әйгілі «Адам дауысы» монооперасы қазақ тілінде алғаш рет сахналанды. Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы сахнасында өткен айтулы өнер оқиғасы әлемдік классиканың ана тілімізде жаңа тыныс алуының айқын көрінісі болды.
Аймақтар • 24 Ақпан, 2026
Мұнайлы Атырауда гүл бизнесін қолға алған кәсіпкерлер көп емес. Соның бірі – Бақыт Ысқақова. Кәсіптің бұл түріне бет бұрғанына 30 жылдан асты.
Қоғам • 24 Ақпан, 2026
13 жасар қызды қара ниетті қарақшылардан құтқарып қалған Тараз қаласының тұрғыны Нүркен Омаровқа лайықты құрмет көрсетілді. Ішкі істер министрлігі атынан марапатталған бейбіт күннің батырын облыс әкімі Ербол Қарашөкеев арнайы қабылдап, 500 мың теңгенің сертификатын табыстады.
Олимпиада • 24 Ақпан, 2026
Италияның Милан мен Кортина-д’Ампеццо қалаларында өткен XXV қысқы Олимпия ойындары аяқталды. Жарты айға жуық бүкіл дүние жүзінің назарын өзіне аударған жаһандық жарыста еліміздің спортшылары біршама табысты өнер көрсетті.
Қоғам • 24 Ақпан, 2026
Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Ақтөбе облысында көктемде 865 мың гектар алқапқа дән себіледі. Оның ішінде 506 мың га дәнді дақылдар, 75 мың га майлы дақылдар, 277 мың га мал азығы дақылдары егілсе, 3,5 мың га картоп және 3,3 мың гектарға басқа да көкөніс түрлері отырғызылады. Қазіргі уақытта қажетті тұқымның 90 %-ы әзірленіп, 42 мың тонна тұқым сапасына лабораториялық тексеріс жүргізілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Банк • 23 Ақпан, 2026
Ұлттық банк: Бизнес рубль мен доллардың ауытқуына тәуелділікті төмендетеді
Бизнес, бұрынғысынша Ресей рублі мен АҚШ долларын есептерде белсенді пайдаланады, бірақ компаниялардың жұмысы үшін бет түзейтін құбыла міндетін атқарудан қалды. Қазақстан Ұлттық банкінің сарапшылары 2025 жылдың IV тоқсанының қорытындысы бойынша осындай қорытындыға келді, деп жазады Egemen.kz.
Ғылым • 23 Ақпан, 2026
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетіне Индонезия Республикасының Қазақстан және Тәжікстан мемлекеттеріндегі төтенше және өкілетті елшісі Мохаммад Фаджрул Рахман өз әріптестерімен бірге келді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Ақпан, 2026
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Петропавлдың «Балдәурен» балабақшасында тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің психикалық-эмоционалдық жағдайын анықтау үшін былтырдан бері ЖИ-дің қатыстырылуымен цифрлық бейнебақылау жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Ақпан, 2026
СҚО-да боранға байланысты барлық бағыттағы жолдар жабылды
Солтүстік Қазақстан облысында сенбі-жексенбі және дүйсенбі таңертең қатты боран болып, көлік қозғалысы қиындап кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Ақпан, 2026
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Таразда Facebook әлеуметтік желісіндегі сыни жазбасын жою үшін қомақты қаржы талап еткен үш азамат істі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Ақпан, 2026
СҚО-да колония бастығы қылмыскерден пара алды деген күдікпен ұсталды
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданындағы Ольшанка ауылындағы №52 Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне (ҚАЖД) қарайтын қоныстандыру – колониясының бастығы Р.Р-ны ҰҚК қызметкерлері шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға шығармақ болып сотталушыдан пара алған деген күдікпен тұтқындады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 23 Ақпан, 2026
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары және Абай облысында су тасқыны қаупі жоғары деп бағаланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 23 Ақпан, 2026
Бурабайда шанаға отырып ағашқа соғылған қыз қайтыс болды
14 ақпанда Бурабай кентінде шанамен ағашқа соғылған жас қыз комаға түсіп, бүгін, 23 ақпанда жансақтау бөлімінде көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 23 Ақпан, 2026
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
«Қазгидромет» алдағы аптада температураның төмендейтінін болжайды. Елдің солтүстік және шығыс бөлігінде термометр бағаналары ең төменгі деңгейге түседі, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 23 Ақпан, 2026
Астанада аязға байланысты бірінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқуға көшірілді
Астанада ауа райының күрт суытуына байланысты 24 ақпанда бірінші ауысымда оқитын 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқу форматына ауыстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 23 Ақпан, 2026
Қазақстанның Ұлттық футбол құрамасының бапкерлер штабы анықталды
Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов бастаған жаттықтырушылар штабының құрамы белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 23 Ақпан, 2026
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Осы көктемде Астана халықаралық әуежайында ұшу-қону жолағына кезекті жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы әуе айлағының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 23 Ақпан, 2026
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вашингтонға сапары және оның АҚШ Президенті Дональд Трамп шақырған Бейбітшілік кеңесінің инаугурациялық отырысына қатысуы халықаралық саясатта елеулі оқиға болды. Бұл қадам Қазақстанның жаһандық бітімгершілік бастамаларындағы рөлінің артып келе жатқанын ғана емес, сондай-ақ «орта державалардың» даулы аймақтардағы тұрақтылыққа ықпал ету мүмкіндіктерін кеңейтіп отырғанын көрсетеді. Соңғы жарты жылдағы Тоқаев пен Трамп арасындағы бірнеше кездесу екіжақты диалогтың жаңа деңгейге шыққанын айғақтайды, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 23 Ақпан, 2026
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
2026 жылы жаһандық экономика 3,1%-ға өседі деп болжанып отыр. Бірақ осы өсімнің негізгі салмағын кім көтереді? Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) болжамына сәйкес, әлемдік экономиканың басты қозғаушы күші – Қытай мен Үндістан, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 23 Ақпан, 2026
Қазақстан халық партиясы жаңа Конституция жобасына қатысты сараптамалық талқылау өткізді
2026 жылғы 23 ақпанда Қазақстан Халық партиясының орталық кеңсесінде «Әлеуметтік әділеттілік – конституциялық реформаның негізгі қағидаты» тақырыбында жаңа Конституция жобасын сараптамалық талқылау өтті. Іс-шара жаңа Конституция жобасын қоғамдық талқылау аясында ұйымдастырылып, әлеуметтік әділеттіліктің конституциялық құрылымның іргелі қағидаттарының бірі ретіндегі рөлін пайымдауға арналды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 23 Ақпан, 2026
Bek Air ұшағы апаты: Алматы апелляциялық сотының шешімі өзгеріссіз қалды
Алматы қаласында апелляциялық сот алқасы 2019 жылғы желтоқсанда болған Bek Air әуе компаниясы ұшағының апатына қатысты іс бойынша шағымды қарады, деп хабарлайды Egemen.kz.