Соңғы жаңалықтар
Қоғам • 17 Ақпан, 2026
Жеке зертханаларға жүргізушілерді тексеруге рұқсат берілмейді
Елімізде жүргізушілердің алкоголь не есірткі тұтынғанын анықтайтын медициналық тексерісті жекеменшік зертханаларға беру мәселесі әзірге қолдау таппады. Үкімет олардың бұл жұмысқа техникалық әрі ақпараттық тұрғыдан дайын емес екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 17 Ақпан, 2026
Тұрғын үй кезегі қалай жұмыс істейді?
«Тұрғын үй кезегі» дегенде көп адам қарапайым тізімді елестетеді. Алдындағы адам азайған сайын пәтер жақындай түсетіндей. Алайда іс жүзінде бұл жүйе басқаша. Кезек – пәтерді автоматты түрде алу жолы емес, мемлекеттік қолдауға қол жеткізудің тетігі. Яғни субсидия, жалдамалы тұрғын үй немесе жеңілдетілген ипотека алу мүмкіндігі. Бірақ бұл тек талаптарға сай келіп, өз мәртебеңізді үнемі тексеріп отырған жағдайда ғана іске асады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 17 Ақпан, 2026
Петропавлда кәсіпкерді заңсыз тексерген шенеунік айыппұл арқалады
Петропавлдың қосалқы бөлшектер сатумен айналысатын кәсіпкер Сауда және тұтынушылардың құқын қорғау департаментінің қызметкері өзін заңсыз тексерді деп прокуратураға шағым түсірген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 17 Ақпан, 2026
Қытайда қиын ауа райы жағдайында көлікті күрделі сынақтан өткізетін зертхана ашылды
Ақпан айының басында Қытайдың Чунцин қаласында электрондық көмекшілер жүйесін (ADAS) жол қозғалысының күрделі жағдайында сынауға мүмкіндік беретін арнайы орталық ашылды, деп жазады Egemen.kz.
Банк • 17 Ақпан, 2026
«Отбасы банк» салымшыларына мемлекеттік сыйлықақы 1 наурызда аударылады
«Отбасы банк» салымшыларына тиесілі мемлекеттік сыйлықақы биыл да толық көлемде төленбек. Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков мемлекеттің бұл бағыттағы барлық міндеттемелері өзгеріссіз орындалатынын растады. Бюджет қаражаты есебінен бөлінетін үстеме қаржы салымшылардың шоттарына биылғы жылдың 1 наурызында аударылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 17 Ақпан, 2026
Маңғыстауда «Қазақстан темір жолы» ұжымы референдумға қатысуды қолдады
Маңғыстауда «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ еңбек ұжымы қызметкерлеріне жаңа Конституция негіздерін түсіндіру мақсатында жиын өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 17 Ақпан, 2026
Қазақстан мен Өзбекстан теміржол тасымалының әлеуетін арттырады
Мемлекет басшысының транзиттік тасымалды 55 млн тоннаға дейін жеткізу жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Көлік ведомствосы басшысы Өзбекстанның Көлік министрімен кездесу өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 17 Ақпан, 2026
Интернет алаяқтарға алданғандар оқиғасы: Жиі кездесетін қателіктер мен кеңестер
Ғаламтор желісі дамыған сайын онлайн қылмыс та өршіп барады. Қылмыскерлер алдау мен арбаудың неше түрлі әдіс тәсілдерін ойлап тауып, халықты зар қақсатуды әдетке айналдырды. Бүгін біз оқырман назарына күнделікті өмірде алаяқтықпен бетпе-бет келген адамдардың хикаяларын, осындай жағдайда қалай әрекет етудің жолдарын ұсынамыз, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 17 Ақпан, 2026
Михаил Шайдоров тарихи жеңісінен кейін әлемдік рейтингте үздік үштікке енді
Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров қысқы Олимпиада ойындарында алтын медаль иеленгеннен кейін Халықаралық коньки тебу одағының (ISU) рейтингінде үздік үштікке енді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 17 Ақпан, 2026
Пәтердің техникалық паспорты жойыла ма?
Әлеуметтік желілерде «пәтердің техникалық паспорты енді болмайды» деген мазмұндағы жазбалар тарады. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мұны жай қауесет деп атап, құжаттың қолданыста қала беретінін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Инвестиция • 17 Ақпан, 2026
2029 жылы негізгі капиталға салынатын инвестициялар 2,5 есе артады
Үкімет 2029 жылға қарай 400 млрд доллар жиынтық инвестиция тарту арқылы экономикалық өсудің жаңа моделіне көшуді қамтамасыз етеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин баяндады, деп жазады Egemen.kz.
Референдум • 17 Ақпан, 2026
Маңғыстаудағы «Қазазот» қызметкерлері референдумда дауыс береді
Маңғыстауда «Қазазот» АҚ еңбек ұжымы қызметкерлеріне жаңа Конституция негіздерін түсіндіру мақсатында жиын өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 17 Ақпан, 2026
Өткен жылы Қазақстан зауыттары 171 мыңнан астам көлік шығарды
Елімізде автокомпоненттер өндірісін локализациялау орталығы құрылып, саладағы ішкі өндіріс үлесін арттыру көзделіп отыр, деп жазады Egemen.kz.
Энергетика • 17 Ақпан, 2026
Еліміздің мұнай өңдеу қуаты 2033 жылға қарай 40 млн тоннаға жетеді
Энергетикалық секторды нығайту үшін Үкімет мұнай өңдеу қуатын 18,4 тоннадан жылына 40 млн тоннаға дейін ұлғайту жөніндегі кешенді жоспарды жүзеге асырып жатыр. Жұмыс істеп тұрған мұнай өңдеу зауыттарын (МӨЗ) жаңғырту барысы және қуаты 10 млн тонна жаңа зауыт салуға дайындық туралы Үкімет отырысында энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев баяндады, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 17 Ақпан, 2026
Облигация әлде депозит: Жинақты қайда сақтаған тиімді?
Ұлттық банктің мәліметінше, биылғы жылдың қаңтар айында депозиттік ұйымдардағы салымдар бір айда 3,75% -ға төмендеп, 46,2 трлн теңгені құрады. Жинақтың ең көп үлесі теңгемен сақталады – 36,2 трлн теңге. Алайды 2025 жылдың желтоқсанмен салыстырғанда олардың көлемі 4,5%-ға қысқарған. Ал шетел валютасындағы салымдар 9,5 трлн теңге (бір айда -5,9%) құрап отыр, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 17 Ақпан, 2026
Олжас Бектенов: Азаматтардың табысын арттыруға баса назар аударылады
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында экономиканы одан әрі әртараптандыру жөніндегі тәсілдер қаралды, оның ішінде азаматтардың табысын арттыруға баса назар аударылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өндіріс • 17 Ақпан, 2026
9 ірі жоба толық іске қосылғанда өндіріс көлемі еселеп артады
Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев хабарлағандай, өңдеу өнеркәсібінің болашақ бағдарын айқындайтын 17 ірі инвестициялық жоба іріктеліп алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Ақпан, 2026
Блогердің жазбасынан кейін Рудный ауруханасына жоспардан тыс тексеру басталды
Блогер Татьяна Турлай жариялаған деректерге байланысты Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Рудный қалалық көпбейінді ауруханасы» КМК қызметіне қатысты жоспардан тыс тексеру басталғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Ақпан, 2026
Түркістан облысында заңсыз темекі өндірген 3 жасырын цех анықталды
Қаржы мониторингі агенттігі Түркістан облысы бойынша департаменті азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін темекі өнімдерін заңсыз дайындап, таратумен айналысқан топтың қызметін тоқтатты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 17 Ақпан, 2026
Отандық су үнемдеу технологиясы: Ғалымдар әзірлеген құрылғылар нарыққа қашан шығады?
Отандық өндірушілер Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты (ҚазСШҒЗИ) әзірлеген су үнемдеу құрылғыларын коммерцияландыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 17 Ақпан, 2026
Мемлекет басшысы Вьетнам халқын Тет мерекесімен құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев То Ламды Вьетнам күнтізбесінің Жаңа жылы – Тет мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 17 Ақпан, 2026
«Burger King-тегі» дау: Еңбек министрлігі тексеруді бастады
Аутизм спектрінің бұзылысы бар жас қызметкерге қатысты жағдай қоғам назарын аударды. Burger King Kazakhstan мейрамханалар желісінде жұмыс істеген Әлібек Қаратайдың анасы ұлына жұмыс орнында қысым көрсетілгенін айтып, бұл жайтты ашық көтерді. Оның айтуынша, шамамен төрт жыл бойы аспаз болып еңбек еткен жас жігіт соңғы уақытта қалыптасқан ахуалдың салдарынан жұмыстан кетуге мәжбүр болған, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 17 Ақпан, 2026
Валюта бағамы: Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Астана, Алматы, Шымкент қалаларындағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубльдің орташа сатып алу және сату бағамдары ұсынылды, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 17 Ақпан, 2026
Қазақстанда қай жолдар жабық тұр?
2026 жылғы 17 ақпан сағат 08:00-дегі жағдай бойынша бірқатар республикалық маңызы бар автожолдарда қозғалыс ашылды, ал кей учаскелерде ауа райының қолайсыздығына байланысты шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясына сілтеме жасап.
Ауа райы • 17 Ақпан, 2026
Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
«Қазгидромет» синоптиктері 17 ақпанда еліміздің 17 облысы мен Астана қаласында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қысқы спорт • 17 Ақпан, 2026
Қысқы Олимпиада: Бүгін жарыс жолына кімдер шығады?
Италияда төртжылдықтың басты бәсекесі ХХV қысқы Олимпиада ойыны жалғасып жатыр. 17 ақпанға жоспарланған жарыс күнінде отандастарымыз 4 спорт түрі бойынша бақ сынайды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Ақпан, 2026
Павлодарда әскерден босатуға уәде беріп, миллиондарды жымқырған офицер жазаланды
Өңірлік қорғаныс істері жөніндегі департаменті бөлімнің офицері әскерден жалтаруға көмектесуге уәде беріп, шақырылушылардан бірнеше рет ақша алған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 17 Ақпан, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасына құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинді Қытай күнтізбесінің Жаңа жылы – Чуньцзе мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 17 Ақпан, 2026
Елорданың жетістіктері – ел дамуының көрсеткіші
Премьер-министр Олжас Бектенов Астана қаласындағы бірқатар маңызды жобалардың жұмыс барысымен танысты. Ол әуелі ЖЭО-3 нысанына барды. Одан кейін бас қалада жүзеге асырылып жатқан индустриялық, цифрлық жобалармен, бұдан әрі орта және шағын бизнестің жай-күйін, заманауи спорттық инфрақұрылымды дамыту үдерісін тексерді.
Аймақтар • 17 Ақпан, 2026
Берік Уәли: Өңірдегі өзекті мәселелер кезең-кезеңімен шешіліп келеді
Абай облысында 2025 жылы іске асырылған инвестициялық жобалар саны 29-дан 101-ге дейін артты. Өңірде Мемлекет басшысының қолдауымен Абайдың 180 жылдығына орай «Абайға құрмет» республикалық акциясы басталды. Ұлы ақын есімін иеленген өңірде басқа қандай ауқымды жобалар жүзеге асырылып жатыр? Бұл туралы облыс әкімі Берік УӘЛИМЕН әңгіме өрбіткен едік.