Соңғы жаңалықтар
Президент • 11 Сәуір, 2026
Мемлекет басшысы мен Өзбекстан Президенті бейресми кездесу өткізді
Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Шавкат Мирзиёевке қонақжайлықпен қарсы алып, бүгінгі бейресми кездесуді ұйымдастырғаны үшін ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 11 Сәуір, 2026
Қазақстанда негізгі ҰБТ-ға тіркелу басталады
11 сәуір күні сағат 16:00-де Қазақстанда негізгі ҰБТ-ға өтініш қабылдау басталады. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 11 Сәуір, 2026
Волейболдан Қазақстан чемпионатының плей-офф матчтары «Барыс Аренада» өтеді
6-12 сәуір күндері елордада Ұлттық лига командалары арасындағы волейболдан әйелдер арасындағы ел чемпионатының плей-офф матчтары өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 11 Сәуір, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Бахауддин Нақышбанди мемориалдық кешеніне барды
Қазақстан Президентінің Өзбекстанға жұмыс сапары Бұхарадағы Бахауддин Нақышбанди кесенесіне зиярат етуден басталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 11 Сәуір, 2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға жұмыс сапарымен барды
Бұхара қаласының әуежайында мәртебелі мейманды Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қарсы алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 11 Сәуір, 2026
Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында ғылыми онкүндік өз жұмысын қорытты
Бүгін Абай университетінде «Ғылымдағы цифрлық серпіліс: жасанды интеллект дәуірі» тақырыбы аясында өткен Ғылым декадасының салтанатты жабылу рәсімі өтті. Ғылым қызметкерлері күніне орайластырылған ауқымды ғылыми іс-шарада онкүндік қорытындысы шығарылып, алдағы даму бағыттар айқындалды. Жиын барысында ғылым мен білім саласына үлес қосқан университет қызметкерлеріне ҚР ҒжЖБ министрлігі тарапынан марапаттар табыс етілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 11 Сәуір, 2026
Мемлекет басшысы белгілі ғалымдарды марапаттады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық ғылымның дамуына зор үлес қосқан бірқатар ғалымды мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы жарлықтарға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 11 Сәуір, 2026
«Ұстаз-блогер» Нұржан Смағұлов жауапкершілікке тартылды
Алматы қаласы Полиция департаменті азаматтарды қорлайтын материалдарды таратқаны үшін өзін «ұстаз» деп атайтын Нұржан Смағұловты әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 11 Сәуір, 2026
Бүгін еліміздің алты қаласында ауа сапасы нашарлайды
Синоптиктер 2026 жылғы 11 сәуірде Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасының нашарлауы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 11 Сәуір, 2026
Алматыда ғалымдар марапатталды
Алматы қаласындағы Ғылым ордасында Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясы Ғылым қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 11 Сәуір, 2026
Қалдықты кәсіп көзіне айналдырды: Ауыл тұрғыны ерекше экологиялық жобаны іске асырды
Түркістан облысы Ақсу ауылының тұрғыны Владислав Голярко қарапайым қоқыстың да үлкен өзгеріске бастай алатынын дәлелдеді, деп жазады Egemen.kz.
Театр • 11 Сәуір, 2026
«Травиата» тағы да таңғалдырды
«Астана Опера» сахнасында ұсынылған Джузеппе Вердидің жауһар туындысы – «Травиата» айрықша леппен, жаңа тыныспен көрерменге жол тартты. Театр табалдырығын аттаған сәттен бастап-ақ өзгеше толқу сезіліп, фойені әсем әуенге деген сағыныш биледі. Залға жиналған қауымның ықыласы қойылым басталған алғашқы минуттардан-ақ анық аңғарылды.
Өнер • 11 Сәуір, 2026
Ұлттық музейде корейлік жаңа медиа суретші әрі композитор Хван Сонджонның «Планетарлық өрім: Теллуриялық ырғақтар мен тоғысқан естеліктер» атты жеке көрмесі ашылды.
Жәдігер • 11 Сәуір, 2026
Қызылорда тарихи-өлкетану музейінде көрген адамды қызықтыратын жәдігерлер қатарында түйе зеңбірек пен шиті мылтық тұр. Кезінде Сырда билік жүргізген Қоқан хандығынан қалған зеңбіректер дария жағалауынан табылыпты. Ал 2 ғасырлық тарихы бар шиті мылтық бір әулетті ғана емес, тұтас ауылды аштықтан аман алып қалған қару.
Бокс • 11 Сәуір, 2026
Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында ересектер арасында бокстан Азия чемпионаты аяқталды. Екі аптаға ұласқан бәсекеде боксшылар құрлық үздігі атануға барын салып, жалпыкомандалық есепте 1-орынға ие болды. Еліміздің ерлер құрамасы Азия чемпионатынан 3 қола, 1 күміс, 4 алтын медаль олжалады.
Мирас • 11 Сәуір, 2026
Павлодар қаласының Астана көшесі, 167 мекенжайында 1992 жылға дейін мезонині бар көне ағаш үй сақталып келген екен. Оны ХХ ғасырдың басында қаладағы сыйлы әрі дәулетті адам Жұпаш Қыстаубаев тұрғызған.
Заң мен Тәртіп • 11 Сәуір, 2026
Еліміздің сот жүйесінде кадр тапшылығы азайды. Мәселен, былтыр 151 жаңа судья тағайындалған. Сонымен қатар кейінгі бес жыл бойы үміткерлер болмауына байланысты бос тұрған 64 ваканттық лауазым алғаш рет толықтырылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жоғары сот кеңесінің мүшесі Жанат Оспанова мәлімдеді.
Спорт • 11 Сәуір, 2026
Солтүстік спортындағы соны серпін
Солтүстік өңір спортшыларының жетістігі ел назарын өзіне аударды. Әлемдік деңгейдегі жарыстарда жерлестеріміз үздік нәтиже көрсетіп, Көк байрағымызды биіктен желбіретіп келеді. Бұл жеңістер жұрт мерейін өсіріп, ұлттық рухты нығайтты.
Президент • 11 Сәуір, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампты «Артемида-2» миссиясының табысты орындалуымен құттықтады
Мемлекет басшысы «Артемида-2» миссиясының сәтті аяқталуына орай АҚШ Президентіне құттықтау хатын жолдап, адамзаттың кейінгі жарты ғасырдағы Айға жасаған алғашқы сапары ғарышты игеруде тарихи кезеңге айналғанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шымкент • 11 Сәуір, 2026
Балалар құқын қорғайтын басқарма
Шымкентте, өкінішке қарай, азғындық, балаларға қатысты қатыгездік сынды оқыс оқиғалар белең алып барады. Бүгінде қалада екі баланы зорлау оқиғасына қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр.
Құқық • 11 Сәуір, 2026
Миранда қағидасы «Үндемеуге құқыңыз бар»
Үкімет жаңа Конституцияны түсіндіру бойынша іс-шаралар жоспарын бекітті. Енді Ата заң мәтіні кеңінен таратылып, ақпараттық-түсіндіру жұмысы басталмақ. Өйткені жаңа заңға Халық кеңесі, Вице-президент институты, Миранда қағидасы секілді әлемдік тәжірибедегі ұғымдар енгізілді. Осылардың ішіндегі Миранда қағидасы дегеніміз не? Халықаралық стандарт неліктен Ата заңға енгізілді?
Әдебиет • 11 Сәуір, 2026
Классикалық үлгіге қосылған еңбек
Үлкен әдебиетте айнымас бір белгі бар. Қас дарынның төлтума шығармашылығынан бір бөлек, мифтік Иппокрена бастауынан шөлін басқан, әлемдік сөз өнерінің жауһар үлгілерінен шабыттану қасиеті құстың қос қанаты тәрізді биікке ұмтылдыратыны айқын. Күн ортақ, ай ортақ, жақсы ортақ, әлемдік әдебиет Құс Жолы тәрізді біртұтас екенін фон Гете өз хатшысы Эккерманмен әңгімесінде 1827 жылы 31 қаңтарда айтқан болатын.
Руханият • 11 Сәуір, 2026
Темiрхан Медетбектiң өлеңдерiнiң уәзiнi де, пiшiмi де бөлек. Ерек. Бiр қарасаң, ежелдегi жаршылардың жар шақыруына да ұқсайтындай. Ендi бiр қарасаң, әдебиетте «ақындық проза» дейтiн бар, осы ақындық прозаға да келiңкiрейтiндей. Әдетте ақындар ұйқас қуады емес пе, Темiрхан Медетбек ұйқасыңа пысқырмайды да.
Ғылым • 11 Сәуір, 2026
Қазақша сөйлейтін ЖИ: ISSAI зертханасындағы бір күн
Жасанды интеллект дәуіріне қадам бастық. Дамыған елдерде бұл бағыт әлдеқашан жүйелі жолға қойылып, бірнеше жылдан бері үздіксіз дамып келеді. Біз де сол көштен қалмауға ұмтылып жатырмыз. Бұлай деуімізге атаулы жылды күтпей, пандемияға дейін іргесі қаланған шағын департаменттің бүгін толыққанды институтқа айналғаны дәлел. Бүгінде цифрлы кеңістіктің қазақ тілінде «сөйлей» бастауы, деректермен жұмыс, жаңа технологияларды игеру – бәрі осы жерде жүзеге асып отыр. Ғылым күні қарсаңында осы бағыттағы жұмыстың нәтижесін көзбен көріп, ұйымның тыныс-тіршілігімен танысып, ондағы сақа сарапшылардың салмақты ойын, арзу-тілегін тыңдап қайттық.
Жасанды интеллект • 11 Сәуір, 2026
Жасанды интеллектінің қолданылу аясы күннен-күнге кеңіп келеді. Бұрын IT мамандарының ғана құралы болса, қазір оны әр азамат қажетінше пайдаланады. Бұл заман тудырған талап. «Digital Bridge» – 2025 халықаралық форумында Мемлекет басшысы осы үрдістің мән-маңызына тоқталған еді. Цифрлық сауаты жоғары белгілі бір топ алгоритмдерді пайдаланып, өзіндік ойлау моделін қоғамға қасақана таңуы ықтимал. Сондықтан «технология таңдаулыларға ғана емес, баршаға қызмет етуге тиіс» деген еді. Былтыр ғана ашылған Alem.ai жасанды интеллект орталығы осы мақсатта қызмет етіп жатыр.
Сұхбат • 11 Сәуір, 2026
«Отандық ғарыш саласының жоспары ауқымды»
Адамзат тарихындағы алғашқы ғарышқа сапар қазақ жерінен бас-талды. Сондықтан еліміздің әлемдегі ғарышты игерудегі тарихи орны бөлек. Қазір мемлекет ғарыш саласын дамытуға ерекше басымдық беріп отыр. Бірнеше жаңа ғылыми жобалар қолға алынды. Осы орайда «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясының басқарушы директоры Аманат Үмбетбаевпен еліміздегі ғарыш саласының дамуы туралы әңгімелестік.
Руханият • 11 Сәуір, 2026
«Момақан қыз» – оқырман олжасы
Алматы қаласындағы Ұлттық орталық музейде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, жазушы, әдебиеттанушы Нұрдәулет Ақыштың «Момақан қыз» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.
Ғылым • 11 Сәуір, 2026
Зиянды қалдықты 40 есеге азайтқан технология
Ауаның ластануы – көзге көрінбесе де, денсаулыққа әсер ететін ең үлкен қауіптің бірі. Зауыт мұржасынан шыққан қою түтін мен шаң көпшілік үшін үйреншікті көрініске айналған. Енді осы мәселенің түйінін тарқататын нақты шешім пайда болды.
Тарих • 11 Сәуір, 2026
Қазақ ғылымының тау тұлғасы, академик Қаныш Сәтбаевтың: «Қандай ортада жүрсең де, қандай лауазымға ие болсаң да, үш қасиеттен жаңылмағайсың: еңбексүйгіштіктен, сыпайыгершіліктен, адамгершіліктен» деген сөзі бар.
Ғылым • 11 Сәуір, 2026
Жер қойнауын зерттеудегі ЖИ үлесі
Цифрландыру бүгінде еліміздің геология саласын жаңа деңгейге көтеріп отыр. Бұрын қағаз архивтерде сақталған деректер енді біртіндеп сандық жүйеге көшіріліп, бизнес пен ғылым арасындағы байланысты күшейтетін орта қалыптасып келеді. Соның нәтижесінде саладағы ашықтық артып, инвесторларға да жаңа мүмкіндік ашылып жатыр. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова мәлімдеді.