Соңғы жаңалықтар
Саясат • 06 Желтоқсан, 2025
Машина жасау саласын қолдау күшейеді
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстан машина жасаушылар одағы Үйлестіру кеңесінің отырысына қатысып, сөз сөйледі. Кездесуге қатысушылар саланың даму келешегіне тоқталып, оларды іске асыру жөнінде пікір алмасты. Сондай-ақ жиында биыл атқарылған жұмыс қорытындыланды.
Спорт • 05 Желтоқсан, 2025
Римде 2026 жылғы Олимпиада ойындарының алауы жағылды
Римдегі Пьяцца дель Квиринале алаңында Милан-Кортина-2026 қысқы Олимпиада ойындарының алауын жағу салтанатты рәсімі өтті, деп хабарлайды Ұлттық олимпиада комитеті.
Заң • 05 Желтоқсан, 2025
Атырау облысында 31 мекеме қосымша қызмет көрсету кезінде заң бұзған
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Атырау облысы бойынша департаменті жыл басынан бері мемлекеттік сектордағы 100 мекеме мен заңды тұлғалардың қызметіне мониторинг жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 05 Желтоқсан, 2025
Балаң суретшілер Тәуелсіздік күніне тарту жасады
Ұлттық орталық музейде Тәуелсіздік күніне орай "Көк аспан астында" деп аталған сурет көрмесі есік ашты, деп жазады Egemen.kz.
Туризм • 05 Желтоқсан, 2025
Индонезия Қазақстан азаматтарына визасыз режим енгізуі мүмкін
Индонезия Қазақстан азаматтары үшін визасыз режим енгізіп, тікелей әуе рейстерін ашуды ұсынып отыр. Бұл туралы Индонезия Республикасының Қазақстандағы және Тәжікстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Мохамад Фаджрул Рахман мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Жастар • 05 Желтоқсан, 2025
«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын алуға 1700 өтінім түсті
Бүгін «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындау жөніндегі конкурстық комиссияның қорытынды отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жемқорлық • 05 Желтоқсан, 2025
9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай облыстық Ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен «Адал білім – адал ұрпақ» өңірлік форумы өтті, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 05 Желтоқсан, 2025
Жамбыл облысында келесі жылы суару маусымында су тапшылығы болуы мүмкін
Волонтер • 05 Желтоқсан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев: Барша елдің еріктілерін БҰҰ бастамаларына қосылуға шақырамыз
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының орнықты даму мақсаттарына орай Халықаралық еріктілер жылын жариялауға арналған сессиясына үндеу жолдады, деп хабарлайды Ақорда.
Құрылыс • 05 Желтоқсан, 2025
Семейде 25 мың орындық стадионның құрылысы басталды
Семей – футболдың отаны. Олай дейтініміз, 1913-1914 жылдары Семей қаласында алғашқы футбол клубы пайда болды. «Олимп», «Ласточка», «Орлята» және семнинаристердің «Ярыш» студенттік клубы құрылды. Футбол сол кездегі Орталық Азия мен Сібір сауда орталығының бірі саналған Семейге Англия саудагерлерімен келген дейді тарихи деректер. Осы «Жарыс» ФК құрамында әйгілі жазушы жазушы Мұхтар Әуезов өнер көрсеткен. Енді міне бір ғасырдан кейін сол жерге үлкен футбол стадионы салынатын болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 05 Желтоқсан, 2025
Елімізде 50 мыңнан астам адам банкрот деп танылды
Банкрот деп танылған қазақстандықтардың жалпы қарызы 188 млрд теңгеге жеткен. Бұл туралы вице-министр ОКҚ-дегі баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Желтоқсан, 2025
Ақмола облысында жаппай жол апаты болды
Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 5 желтоқсан күні шамамен 14:21-де «Екатеринбург — Алматы» тас жолының 1300-шақырымында бірнеше көлік қатысқан ірі жол апаты тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 05 Желтоқсан, 2025
Республикалық маңыздағы жолдың бәріне мал өтпейтін қоршау орнатылуы мүмкін
Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Аманғали Бердалин орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында тұрғындардан республикалық жолдарды мал кірмейтіндей қоршау орнату туралы өтініш көп түсіп жатқанын айтты, деп жазады Egemen.kz
Президент • 05 Желтоқсан, 2025
Президент «Бал Текстиль» компаниясының өнімдерімен танысты
«Бал Текстиль» компаниясының директоры, шымкенттік кәсіпкер Талғат Ысқақов өзінің Facebook парақшасында бүгін Астанада «Алтын сапа» сыйлығы аясында өткен көрмеге қатысып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевпен жүздескенін жазды. Президент шымкенттік «Бал Текстиль» компаниясының көрмесін аралап, өнімдерімен танысқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 05 Желтоқсан, 2025
«Бәйтерек» Sustainable Fitch халықаралық рейтингінде жоғарылады
Халықаралық агенттік Sustainable Fitch «Бәйтерек» Холдингінің ESG-рейтингін 3-тен 2 деңгейге көтерді. Сонымен қатар экологиялық ақпаратты ашу бойынша көрсеткіштерінің айтарлықтай жақсарғаны атап өтілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 05 Желтоқсан, 2025
Ядролық ғылым және технологиялар орталығы құрылады
Алматыдағы Ядролық физика институтында зерттеу ядролық қондырғыларын жобалау, салу мен пайдалану мәселелеріне арналған семинар басталды. Іс-шараны Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің қолдауымен Ядролық физика институты мен «Росатом Құрылыс Технологиялары» компаниясы бірлесіп ұйымдастырды.
Қаржы • 05 Желтоқсан, 2025
Қор нарығында доллар қайта қымбаттады
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 504 теңгені құрап, 3,89 теңгеге қымбаттады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Несие • 05 Желтоқсан, 2025
Әскери қызметшілер несиесін қалай кейінге қалдыра алады?
2024 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде мерзімді әскери қызметтегі азаматтар микронесиелер мен банктік қарыздар бойынша өз міндеттемелерін орындауды кейінге қалдыру құқығына ие болды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 05 Желтоқсан, 2025
Қайтыс болған донор 4 адамға өмір сыйлады
Алматыда 4-клиникалық аурухана базасында көп ағзалық донорлық үдеріс өтті. Бұл туралы Трансплантаттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру жөніндегі республикалық орталық мәлім қылды, деп жазады Egemen.kz.
Әдебиет • 05 Желтоқсан, 2025
«Wuthering Heights» («Желді қыраттар») – ағылшын жазушысы Эмили Бронтенің өмір бойы жазған жалғыз романы. Ол бұл шығармасын алғаш рет 1847 жылы «Эллис Белл» деген бүркеншік атпен жариялаған. Роман Батыс Йоркширдегі қыраттарда тұратын екі жер иеленуші отбасының – Эрншоулар мен Линтондардың және Эрншоулардың этникалық тегі белгісіз асыранды баласы Хитклиффпен арадағы күрделі қарым-қатынастарын суреттейді. Махаббат, құштарлық және кек алу туралы сөз қозғайтын бұл шығарма романтизм мен готикалық әдебиеттің ықпалында жазылып, ағылшын әдебиетінің классикасы ретінде танылды.
Салық • 05 Желтоқсан, 2025
Жаңа салық режимі бизнеске қандай мүмкіндіктер сыйлайды?
1 қаңтардан бастап Қазақстанда жаңартылған Салық кодексі күшіне енеді. Құжат бизнес жұмысына елеулі өзгерістер енгізеді. Трансформация арнайы салық режимдерін оңтайландыруға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz 24kz-ке сілтеме жасап.
Елорда • 05 Желтоқсан, 2025
Астанада үлескерлер үш жылдан бері үйлерін ала алмай жүр
Астанадағы Madrid-3 тұрғын үй кешенінің үлескерлері өз пәтерлерінің кілтін үшінші жыл қатарынан ала алмай жүр. Тұрғындардың айтуынша, үйді 2022 жылы тапсыру қажет болған, алайда нысан әлі күнге дейін аяқталмаған, ал құрылыс компаниясы тұрғындарға бос уәде беріп келген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 05 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы Таиланд Короліне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Маха Вачиралонгкорнды Таиланд Корольдігінің Ұлттық мерекесімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Желтоқсан, 2025
Оңтүстік аймақтың әскерлері «дабыл» бойынша көтерілді
«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты механикаландырылған құрама «дабыл» бойынша көтерілді. Бұл күзде шақырылған жас сарбаздардың қару-жарақ пен әскери техниканы қайтып қолдануды іс жүзінде байқап көрудің тактикалық-саптық жаттығулары еді. Осылайша жаңа оқу кезеңінің басталуына орай бөлімшелер жоғары жауынгерлік дайындық деңгейіне келтірілді.
Заң • 05 Желтоқсан, 2025
Жол ережесін 33 рет бұзған жүргізуші ұсталды
Талдықорғанда жол ережесін 33 рет бұзған жүргізуші анықталды. Жүргізушінің жыл басынан бері Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстарында жол жүру ережесін бұзғаны бейнебақылау камераларында тіркелген, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 05 Желтоқсан, 2025
Петропавлда интернет желісін тартумен айналысқан жұмысшы қаза тапты
Петропавлда көтергіш құрылғыда жұмыс істеп жатқан екі маман биіктен құлап, 35 жастағы жұмысшы оқиға орнында көз жұмды. Екінші азамат түрлі жарақат алып, ауруханаға жіберілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Желтоқсан, 2025
Шымкентте үй тазалаушыны өлтірген жас балаға сот үкімі шықты
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты адам өлтірді, өлген адамның мәйітін қорлады, бөтеннің мүлкін ұрлады деген айыптармен кәмелет жасқа толмаған А.-ға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Желтоқсан, 2025
Қостанай облысында жүргізуші куәлігі жоқ 19 адам ұсталды
Жол-көлік апатын азайту және жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында қолға алынған «Қауіпті жүргізуші» іс-шарасы аясында полиция мыңға жуық жол ережесін бұзу дерегін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Желтоқсан, 2025
Атырауда «Бір ауыл – бір өнім» жобасының жеңімпаздарына 5 млн теңгеден берілді
Атырау облысының кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған жобаның үш жеңімпазы 5 млн теңгеден қайтарымсыз грантты иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 05 Желтоқсан, 2025
Қырғызстанға кіру ережесі өзгерді: біздің елдің тұрғындары нені ескеру керек?
Шетелдіктердің Қырғызстанда болуына қатысты жаңа ережелер күшіне енді. Оған Қазақстан азаматтарының қатысы бар. Қырғызстанның Министрлер кабинеті бұл ережелерді 2023 жылы қабылдаған. Алайда екі ел арасында соңғы екі жыл бойы жеңілдіктер қолданылып, Қазақстан азаматтарына тіркеусіз ұзағырақ болуға мүмкіндік берілген еді. Льготалық кезең аяқталғаннан кейін жаңа талаптарды қолдану осы жылдың 1 қыркүйегінен басталды, деп жазады Egemen.kz.