Өңірдегі республикалық және облыстық маңызы бар автожолдардың бойында 42 патруль кезекшілік етеді. Одан тыс 1 аумақтық бақылау бекеті жұмыс істеп тұр. Полиция тек жол ережесін бұзушыларды ғана тіркеп қоймай, жаяу жүргіншілермен де профилактикалық әңгіме өткізіп, жолда
қауіпсіз жүріп-тұру қағидаларын түсіндіру жұмысын жүргізіп жатыр.
«Іс-шараның алғашқы үш күнінде мас күйде көлік жүргізген 12 адам, жүргізуші куәлігі жоқ 19 адам ұсталды. Оның 11-і – көлік жүргізу құқығынан айырылғандар. Сондай-ақ, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен 7 жүргізуші анықталды», дейді облыстық ПД-ның баспасөз орталығы.
«Қауіпті жүргізуші» операциясы апта соңына дейін жалғасады.
Қостанай облысы