Соңғы жаңалықтар
Аңдатпа • 01 Сәуір, 2026
3 сәуір - «Жусан иісі» Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында Сайын Мұратбековтің «Жусан иісі» драмасы сахналанады. Режиссері – Жұлдызбек Жұманбай.
Саясат • 01 Сәуір, 2026
Ғылым мен инновация – стратегиялық басымдық
Ел дамуының жаңа кезеңінде ғылым мен инновацияның маңызы бұрынғыдан да арта түсері анық. Бұл бағытты жүйелі түрде дамыту – мемлекеттің басты стратегиялық басымдықтарының біріне айналды. Олжас Бектенов төрағалық еткен Үкімет отырысында жаңа Конституцияда айқындалған елдің ұзақмерзімді даму бағдарымен сабақтас инновацияларды ілгерілету мәселесі жан-жақты қаралды.
Өнер • 01 Сәуір, 2026
Торғай ауылының тұрғыны Қарлығаш Нұридденқызы жылына бір кілем тоқиды. Зейнеткер өзі жасаған дүниелерін аудандық, облыстық деңгейдегі көрмелерге шығарып, кейінгі кезде кенжелеп қалған ұлттық өнерді көпшілікке дәріптеп жүр.
Қоғам • 01 Сәуір, 2026
Қараағаш ауылындағы Жақыпбек ата әулетінің қара шаңырағындағы Зарина Қобланқызы есімді келін үйдің шаруасына да ширақ, әлеуметтік желіде де белсенді. Instagram парақшасында 40 мыңға жуық оқырманы бар. Әлеуметтік желіде ауылдың қым-қуыт тіршілігін, отбасы құндылығын, келін өмірінің қызық-шыжығын боямасыз көрсетеді.
Қоғам • 01 Сәуір, 2026
Шілдебаевтың шығармашылық кеші
Елордадағы Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында белгілі композитор Қуат Шілдебаевтың «Отан Ана» атты шығармашылық кеші өтті.
Таным • 01 Сәуір, 2026
Ара уынан үміт үзілген шақтағы имандылыққа суарылған тылсым күш бір сәбидің өмірін сақтап қалды. Бұл оқиға Ұлы даладағы емшілер тәжірибесін бағамдауға жетелейді.
Қоғам • 01 Сәуір, 2026
Астанадағы Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде домбыра кафедрасының оқытушысы, философия докторы (PhD) Айтолқын Тоқтағанның «Дина Нұрпейісова күйлерінің рухани әлемі» атты монографиясы таныстырылды. Алқалы жиынға күйші-зерттеушілер, зиялы қауым өкілдері қатысты.
Мирас • 01 Сәуір, 2026
Ұлттық мұраны сақтаудың кешенді жоспары
Үкімет ЮНЕСКО және ИСЕСКО аясында мәдени мұраны сақтау мен ілгерілетудің 2026-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Бұл құжат ұлттық құндылықтарды сақтау ісін жүйелеп қана қоймай, оны халықаралық деңгейде кеңінен танытуға бағытталған маңызды бастама ретінде бағаланып отыр.
Саясат • 01 Сәуір, 2026
Қазақстан – Қытай: Мәдени байланыстардың жаңа кезеңі
Бейжің қаласында Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылының ашылуы аясында Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитеті Насихат бөлімінің меңгерушісі Ли Шулэймен кездесті.
Саясат • 01 Сәуір, 2026
Қазақстан мен Өзбекстан ынтымақтастығы нығая береді
Өзбекстанға ресми сапармен барған Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевты Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев қабылдады.
Саясат • 01 Сәуір, 2026
Өзара тәжірибе мен ақпарат алмасуға әзір
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Алқа мүшесі – Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрі Максим Ермоловичпен кездесті.
Қоғам • 31 Наурыз, 2026
Тұтынушылар құқығын қорғау үшін қандай шаралар қабылданып жатыр?
Астанада 2026 жылдың алғашқы үш айында тұтынушылардан 3 мыңнан астам өтініш түсіп, олардың нәтижесінде 48,4 млн теңге қайтарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 31 Наурыз, 2026
1 сәуірде еліміздің барлық өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Қазгидромет синоптиктері ертеңге елдің барлық өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 31 Наурыз, 2026
Иран Таяу Шығыстағы Microsoft, Apple, Google және Meta нысандарына шабуыл жасамақ
Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы Таяу Шығыста орналасқан америкалық ірі IT және жасанды интеллект компанияларының нысандарына соққы жасауы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 31 Наурыз, 2026
Қазақстандық велошабандоз Азия чемпионатында алтын жеңіп алды
Филиппиннің Тагайтай қаласында өтіп жатқан тректегі велоспорттан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 31 Наурыз, 2026
БҚО-дағы мектеп автобусы апаты: 24 бала ауруханаға жеткізілді
Батыс Қазақстан облысында қоғамдық көлік пен мектеп автобусы қатысқан жол апатынан 24 бала облыстық көпсалалы балалар ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 31 Наурыз, 2026
Атырау мұнай өңдеу зауытына 420 млн теңге айыппұл салынды
Атыраудағы мұнай өңдеу зауыты экологиялық нормаларды бұзғаны үшін 420 млн теңге айыппұл төлеуге міндеттелді. Жоспардан тыс жүргізілген тексеріс барысында зауыттан шыққан шығарындылар мен ағынды сулар заң талаптарына сай келмейтіні анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 31 Наурыз, 2026
Астанада «Көктем–2026» шақырылымы жас толымын шығарып салу рәсімі өтті
Іс-шараны Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі мен Астана қаласының әкімдігі, қалалық Қорғаныс істері департаменті ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 31 Наурыз, 2026
Қазақстан ұлттық құрамалары алғаш рет толық спорттық киім жиынтығымен қамтылды
Туризм және спорт министрлігі ұлттық құрамаларды спорт киіммен қамтамасыз етудің жаңартылған тәсілі іске асырылып жатқанын хабарлайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 31 Наурыз, 2026
С.Аманжолов университеті ғылымды дамытуға ерекше ден қойған
Осы күнге дейін білім беру сапасын арттыру, еңбек нарығының сұранысына сай мамандар даярлау, ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты күшейту мәселелері күн тәртібінен түскен жоқ. Осы орайда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев университеттер тек білім берумен шектелмей, инновация мен ғылыми ізденістің орталығына айналуы тиіс екенін ерекше атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 31 Наурыз, 2026
Қазақстан құрамасы FIFA Series турнирінде Комор аралдарын жеңді
Қазақстан ерлер құрамасы FIFA Series 2026 турнирінде Комор аралдарына қарсы өткізген матчта жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz
Оқиға • 31 Наурыз, 2026
Қостанайда бір топ мас адам полиция қызметкеріне шабуыл жасады
Қостанайда қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін ескерту жасаған полиция қызметкеріне бірнеше мас азамат шабуыл жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 31 Наурыз, 2026
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі тағайындалды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Бахтияр Базарбайұлы Жазықпаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 31 Наурыз, 2026
Орал маңында мектеп автобусы жол апатына түсіп, балалар зардап шекті
Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданына қарасты Подстепное ауылында мектеп автобусының қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 31 Наурыз, 2026
Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмыстары басталды
Елорданың коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық тазалау жұмысын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 31 Наурыз, 2026
Салмақты тәсіл: Тарифтік саясат қалай дамиды?
Уақытша шектеулер аяқталғаннан кейін Үкімет теңгерімді тарифтік саясатты іске асыруды жалғастырады. Қолданылатын тәсіл кезең-кезеңімен және атаулы сипатта жүзеге асырылады, күрт әрі экономикалық тұрғыдан негізсіз шешімдер қабылданбайды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 31 Наурыз, 2026
Батыс Қазақстан облысында мектеп автобусы апатқа ұшырады: Балалар зардап шекті
Бүгін, 31 наурыз күні сағат 14:00 шамасында Батыс Қазақстан облысының Подстепное кентінде маршруттық және мектеп автобустарының қатысуымен ірі жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 31 Наурыз, 2026
«Ұлы дала аруы» инсталляциясы әлемдік рекорд орнатты
Астанада Наурыз мерекесі аясында ұсынылған «Ұлы дала аруы» атты алып арт-инсталляциясы әлемдік рекорд ретінде тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 31 Наурыз, 2026
Елімізде мәдени мұраны қорғау жөніндегі мамандарды даярлау күшейтіледі
ЮНЕСКО мен ИСЕСКО аясында мәдени мұраны сақтау және ілгерілетудің 2026-2028 жылдарға арналған кешенді жоспары шеңберінде мәдени мұраны қорғау саласында мамандар даярлауды күшейту көзделген, деп жазады Egemen.kz.
Тарих • 31 Наурыз, 2026
Абай мұрасы мен «Қыз Жібек» операсы: Қазақстан ЮНЕСКО тізіміне қандай жаңа номинацияларды жолдады?
Үкімет ЮНЕСКО және ИСЕСКО аясында мәдени мұраны сақтау және ілгерілетудің 2026-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекітті. Оның жеке бөлімі «Әлем жады» бағдарламасы шеңберіндегі деректі мұраға арналған. ЮНЕСКО тізіміне қандай нысандар енгізілгені және Қазақстаннан қандай номинациялар жіберілгені туралы Ұлттық академиялық кітапханасының директоры Күміс Сейітова айтып берді, деп жазады Egemen.kz.