Соңғы жаңалықтар
Қоғам • 13 Наурыз, 2026
Батыс Қазақстан облысының Қазталов ауданында демографияны қолдайтын ерекше сыйлық пайда болды. Қашанда жақсы жаңалыққа жаршы облыстағы ең ірі ауданда 47 елді мекен, 16 округ орталығы бар.
Кәсіпкер • 13 Наурыз, 2026
Жетісулық жас кәсіпкер Ерболат Еренталов табиғи ашытқыны пайдалана отырып, нан өндірісін жандандырды. Дәстүр мен денсаулықты ұштастырған ерекше жоба елдің қызығушылығын тудырған. Мамандығы экономист болғанымен, жүрек қалауымен наубайшылықты таңдаған ол бүгінде нанның жеті түрін шығарады. «Ерентал» наубайханасында жергілікті ұннан күніне 350-ге жуық өнім әзірленеді.
Аймақтар • 13 Наурыз, 2026
Баспана – қоғам тұрақтылығының кепілі. Абай облысында тұрғындарды үймен қамту бағытындағы жүйелі жұмыс өз жемісін беріп, Семей қаласында әлеуметтік осал топтағы 50 отбасына жаңа пәтер кілті табысталды.
Сатира • 13 Наурыз, 2026
Сатира – тәрбие құралы. Ал тәрбие тал бесіктен басталады. Балаға кемшілігін жекіп түсіндіргеннен гөрі, оны жылы юмормен жөнге салу әлдеқайда ұтымды. Сондықтан болар біршама сатирик балалар әдебиетінде қалам тербеген. Шона Смаханұлының «Шимайбек пен Шыңқетпе», Оспанхан Әубәкіровтің «Қағаз қалпақ», Көпен Әмірбектің «Алып» секілді кітаптары жас оқырман арасына кеңінен тарады. Өйткені көңілді өлең бала бойына сіңімді келеді.
Спорт • 13 Наурыз, 2026
Таиланд астанасы — Бангкокте бокстан 19 жасқа дейінгі жастар арасында өтіп жатқан «Futures Cup» халықаралық турнирінде 50 кг салмақта сынға түскен Арман Мырсәбит түрікменстандық Абдрахим Овузгулиевті 1-раундта техникалық нокаутпен жеңді.
Кино • 13 Наурыз, 2026
«Ерекше» – қайсарлық хақындағы туынды
Кеше елордадағы «Kinopark» кинотеатрында «Ерекше» көркем фильмінің премьерасы өтті. Бұл картинада мұқалмас жігер мен шексіз мейірім туралы тағылымды оқиға баяндалады.
Саясат • 13 Наурыз, 2026
Мемлекет кемелдігінің өлшемі – заң мен ұрпақ алдындағы жауапкершілік
Кеше Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумына қатысып, сөз сөйледі. Президент бұл басқосудың еліміз үшін мән-маңызы айрықша екенін атап өтті. Жиында кешенді саяси, экономикалық реформаларды іске асырудағы, сондай-ақ мемлекетті басқару жүйесіндегі мәслихаттардың рөлі талқыланды.
Тағзым • 13 Наурыз, 2026
Алаш көшбасшысы Әлихан Бөкейханның 160 жылдығына орай Мәскеудегі Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесіндегі Қазақстан павильонына ұлт қайраткерінің бюсті орнатылды.
Кино • 13 Наурыз, 2026
Алматыда әдебиет сыншысы, публицист, композитор Тұрсынжан Шапай туралы «qonyr media group» түсірген «Таудан түскен сәуле» атты деректі фильмнің көрсетілімі өтті. Туынды кейіпкер тағдыры арқылы туған жерге деген сағыныштың, ұлттық жады мен рухани тамырдың тереңдігін бейнелейді.
Қоғам • 13 Наурыз, 2026
Сынықшы Сейсепкүл Сихымбаева тұрғындарға ісімен, қамқорлығымен үлгі болып жүр. Оны ақтастықтар ғана емес, Бәйдібек ауданының жұрты тегіс таниды. Таяқ ұстап келген талай жанға емін жасап, аяққа тұрғызғаны бізге де көптен мәлім.
Өнер • 13 Наурыз, 2026
«Astana Musical» мемлекеттік театры көрерменге «Sulu: хор-концерт» атты ерекше музыкалық жобасын ұсынды. Театр әртістері дайындаған бұл кеш дәстүрлі концерт форматынан өзгеше, музыка мен театр өнерін шебер ұштастырған театрландырылған қойылым ретінде өтті.
Мектеп • 12 Наурыз, 2026
Қазақстандық оқушылар көктемгі каникулда 11 күн демалады
2026 жылдың 19-29 наурыз аралығында қазақстандық оқушылар 11 күн бойы көктемгі демалыста болады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 12 Наурыз, 2026
Таразда мектеп оқушысын жеті қыз жабылып соққыға жыққан
Таразда мектеп оқушысына жасалған шабуылдан кейін қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Наурыз, 2026
Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам отандасымыз елге қайтарылды
Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық 61 рейспен эвакуацияланды, деп хабарлайды Egemen.kz Көлік министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 12 Наурыз, 2026
«Крокус сити холлдағы» теракт: 15 күдікті өмір бойына сотталды
Ресейдегі «Крокус сити холл» концерт залындағы лаңкестік шабуыл ісі бойынша айыпталған 19 адамның 15-іне өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы кесілді, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 12 Наурыз, 2026
Алматыда Наурыз мерекесіне орай «Nauryz Sale» акциясы өтеді
2026 жылы 13-23 наурыз аралығында Алматыда Наурыз мейрамы қарсаңында «Nauryz Sale» ауқымды мерекелік акциясы өтеді. Он күн бойы қала тұрғындары мен қонақтары мерекелік демалысты тиімді саудамен және мәдени-ойын-сауық шараларымен ұштастыра алады, деп хабарлайды Egemen.kz Алматы қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.
Оқиға • 12 Наурыз, 2026
Атырау облысында атыс кезінде мерзімді әскери қызметші қаза тапты
Атырау гарнизонындағы әскери бөлімнің мерзімді әскери қызметшісі атыс жаттығулары кезінде оқ жарақатын алды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 12 Наурыз, 2026
Асель Баденова: Әрбіріміз еліміздің тағдырына әсер ете аламыз
Жаңа адамдар Қозғалысының көшбасшысы Асель Баденова Қазақстан халқына үндеу жасап, алдағы референдум ел келешегіне тікелей әсер етуге және жаңа Конституцияны қабылдауға үлес қосуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Бүгінде Қазақстан қоғам үшін маңызды өзгерістер кезеңін өткеруде, ал азаматтардың белсенді қатысуы ел дамуының негізгі факторына айналып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Наурыз, 2026
«Жақсылық жасап жарысайық»: Астанада зейнеткерлер қайырымдылық акциясын өткізді
Астанада Наурыз мейрамы қарсаңында Байқоңыр ауданының зейнеткерлері «Жақсылық жасап жарысайық» атты қайырымдылық акциясын өткізді. Йога үйірмесіне қатысатын белсенді әжелер әр бейсенбі сайын қайырымдылық шараларын ұйымдастыруды игі дәстүрге айналдырған, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Футбол • 12 Наурыз, 2026
FIFA Series-2026: Талғат Байсуфинов Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізімін жариялады
Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов айдың соңында Астанада өтетін FIFA Series турниріндегі екі матчқа шақырылған футболшылардың кеңейтілген тізімін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 12 Наурыз, 2026
Мәслихат депутаттарына маңызды міндет жүктелді
Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумында сөйлеген сөзін мұқият тыңдап шықтым. Шынын айту керек, бұл жай ғана салтанатты жиында айтылатын жалпы сөз емес. Онда елдің алдағы саяси бағыты, мемлекеттік басқару жүйесінің логикасы және қазіргі геосаяси жағдайда Қазақстанның ұстанатын бағыты нақты көрсетілді.
Ата заң • 12 Наурыз, 2026
Сарапшылар жаңа конституциялық модельдегі партиялардың рөлін талқылады
Еуразиялық интеграция институты (ЕИИ) «Ашық саясат» сараптамалық клубының «Жаңа конституциялық модельдегі саяси партиялардың институционалдық рөлі» тақырыбында кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Наурыз, 2026
Берешек көлемі 3 млрд теңгеге жетті: Астанада көлік салығын төлемеген жүргізушілерге ескерту жасалды
Астана қаласында 5 наурыздағы жағдай бойынша 60 393 салық төлеушінің жеке тұлғалардың көлік және мүлік салықтары бойынша 3 млрд 89 млн теңге көлемінде салықтық берешегі бар. Бұл туралы елорданың Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысының міндетін атқарушы Алтынгүл Тоқaева мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
Медицина • 12 Наурыз, 2026
Балаларды қызылшадан қалай қорғау керек? Дәрігер кеңесіне назар аударыңыз
Қызылша – балалар арасында ең жұқпалы аурулардың бірі. Соңғы жылдары әлемнің бірқатар елінде вакцинация деңгейінің төмендеуіне байланысты қызылша ауруының өршуі байқалып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 12 Наурыз, 2026
12 наурыздан бастап камералар қандай заңбұзушылықтар үшін айыппұл салады?
Елімізде осы жылдың алғашқы екі айында жол қозғалысы ережесін (ЖҚЕ) бұзу деректері азайған. Алайда сарапшылар бұл көрсеткіш жолдағы тәртіптің күрт жақсарғанын білдірмеуі мүмкін екенін айтады. Мамандардың пікірінше, статистикадағы өзгеріске автоматты бейнебақылау жүйелерінің қолданылу деңгейі әсер етуі мүмкін, деп жазады Egemen.kz.
Референдум • 12 Наурыз, 2026
15 наурыз күні «Инватакси» қызметі тегін болады
Алматыда тұрғындар республикалық референдум өтетін күні сайлау учаскелеріне бару үшін «Инватакси» қызметін тегін пайдалана алады. Қызмет арбамен жүретін және тірек-қимыл аппараты бұзылған азаматтарға, сондай-ақ көру қабілеті бұзылысқа ұшыраған адамдарға арналған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Наурыз, 2026
Солтүстік Қазақстандағы орман шаруашылықтарына 51 жаңа техника берілді
Жуырда Солтүстік Қазақстан облысының орман шаруашылықтарына облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов 51 арнаулы техникалардың кілтін тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 12 Наурыз, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев жастарды референдумға белсене қатысуға шақырды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумында жастарға үндеу жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Наурыз, 2026
Астанадағы Орталық саябақ заманауи талапқа сай жаңғыртылады
Елордадағы Орталық саябақта ауқымды жаңғырту жұмыстары басталды. Қала тұрғындарының демалыс орны саналатын жасыл аймақ енді заман талабына сай жаңартылып, бұрынғыдан да жайлы әрі көрікті болмақ, деп жазады Egemen.kz.
Референдум • 12 Наурыз, 2026
Референдум қарсаңында тәуелсіз бақылаушылардың ақпараттық штабы жұмыс істейді
13 наурыз күні Алматы қаласындағы Қоғамдық коммуникациялар орталығының (ҚКО) алаңында тәуелсіз бақылаушылардың Ақпараттық штабының екінші брифингі өтеді, деп жазады Egemen.kz.