фото: gov.kz
Қайғылы оқиға 12 наурызда болған.
«Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиға қарумен абайсыз жұмыс істеудің салдарынан болуы мүмкін. Әскери қызметші дереу медициналық мекемеге жеткізіліп, оған қажетті медициналық көмек көрсетілді. Алайда дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады», делінген хабарламада.
Ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның барлық себептері мен мән-жайын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Оқиға орнына Қорғаныс министрінің орынбасары бастаған арнайы комиссия жіберілді. Ол жан-жақты тексеру жүргізеді. Тергеу барысы Қазақстан Республикасының Бас әскери прокуратурасының бақылауында.
Қарулы күштер басшылығы қаза тапқан әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, оның отбасына қажетті көмек пен қолдау көрсетіледі.
Айта кетейік, Абай облысында 5 наурызда әскери техниканы пайдалану кезінде ауыр жарақат алған әскери қызметші көз жұмды.