Футбол • Бүгін, 19:49

FIFA Series-2026: Талғат Байсуфинов Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізімін жариялады

10 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов айдың соңында Астанада өтетін FIFA Series турниріндегі екі матчқа шақырылған футболшылардың кеңейтілген тізімін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz

FIFA Series-2026: Талғат Байсуфинов Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізімін жариялады

фото: ҚФФ баспасөз қызметі

Қазақстан футбол федерациясының мәліметінше, Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізіміне 50 ойыншы енді.

Оқу-жаттығу жиыны Қазақстан Премер-лигасының үшінші турынан кейін Астанада басталады.

Турнир 25-28 наурыз аралығында Астанадағы «Астана Арена» стадионында «төрттік финал» форматында өтеді. Қазақстан құрамасы алдымен Комор аралдары құрамасына қарсы ойнайды, кейін Кувейт немесе Намибия құрамаларының бірімен кездеседі.

«Бапкерлер штабы Премьер-лиганың бірінші турындағы матчтарды мұқият талдады. Футболшыларды бағалау кезінде ең алдымен олардың ойын уақытына және техникалық-тактикалық әрекеттеріне назар аудардық. Екінші тур аяқталғаннан кейін алдағы турнирге қатысатын құраманың соңғы тізімін бекітуді жоспарлап отырмыз», деген еді Талғат Байсуфинов. 

Бас бапкер дайындыққа уақыттың аз болатынын да атап өтті: Қазақстан Премьер-лигасының үшінші туры 22 наурызда аяқталады, ал 25 наурызда команда алғашқы ойынын өткізеді. Сондықтан соңғы құрамға сол сәтте ең жақсы спорттық формада жүрген ойыншылар енеді.

Кеңейтілген тізімге: 4 қақпашы, 20 қорғаушы, 14 жартылай қорғаушы, 15 шабуылшы кірді.

Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізімі

Қақпашылар:

Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Мұхамеджан Сейсен («Астана»), Александр Заруцкий («Ақтөбе»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»).

Қорғаушылар:

Сергей Малый, Сұлтанбек Астанов (екеуі де – «Ордабасы»), Александр Мрынский, Александр Широбоков, Еркін Тапалов (барлығы – «Қайрат»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Ян Вороговский, Әлібек Қасым (екеуі де – «Астана»), Әділбек Жұмаханов, Арсен Әшірбек (екеуі де – «Елімай»), Наурызбек Жағоров, Мейрамбек Қалмырза (екеуі де – «Тобыл»), Әдлет Кенесбек, Сағи Совет (екеуі де – «Қайсар»), Дінмұхаммед Қашкен («Жетісу»), Санжар Сатанов («Атырау»), Сағадат Тұрсынбай («Жеңіс»), Бағдат Қайыров («Ақтөбе»), Амандық Набиханов («Каспий»).

Жартылай қорғаушылар:

Рамазан Оразов, Жан-Али Пайруз, Алмас Тюлюбай (барлығы – «Елімай»), Әділет Садықбеков, Дамир Қасабулат (екеуі де – «Қайрат»), Айбол Әбікен, Ерсұлтан Қалдыбеков (екеуі де – «Қайсар»), Зикрилло Султаниязов («Ордабасы»), Дамир Марат, Александр Зуев (екеуі де – «Тобыл»), Исламбек Қуат («Жеңіс»), Дінмұхамед Қараман («Астана»), Георгий Жуков («Ақтөбе»).

Шабуылшылар:

Дастан Сатпаев, Рамазан Бағдат (екеуі де – «Қайрат»), Ғалымжан Кенжебек, Максим Самородов (екеуі де – «Ахмат», Ресей), Ислам Чесноков («Хартс», Шотландия), Жаслан Жұмашев, Дәурен Жұмат (екеуі де – «Тобыл»), Эльхан Астанов («Ордабасы»), Рамазан Каримов («Астана»), Иван Свиридов, Айбар Жақсылықов (екеуі де – «Елімай»), Оралхан Өміртаев («Оқжетпес»), Артур Шушеначев («Ақтөбе»), Нұрдәулет Ағзамбаев («Қайсар»).

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері тағайындалды

Айта кетейік, FIFA Series-2026 турниріне 48 ұлттық құрама қатысады. Көктемде олар жартылай финал және финалдан тұратын шағын турнир форматында ойнайды.

«Атырау» футбол клубының сапына нигериялық легионер қосылды

Қазақстаннан бөлек турнирлерді Австралия, Әзербайжан, Индонезия, Жаңа Зеландия, Пуэрто-Рико, Руанда және Өзбекстан қабылдайды. Ал әйелдер құрамалары Бразилия, Кот-д’Ивуар және Таиландта ойнайды.

Соңғы жаңалықтар