Фото: asnews
Жергілікті футбол клубы баспасөз қызметінің мәліметінше, Марио Рабиу бірнеше елдің командаларында ойнаған.
«Футболдағы кәсіби мансабын Италияның «Модена» клубында бастады. Ал 2019 жылдың 21 қазанында «Фермана» клубына қарсы ойында Италияның C сериясындағы чемпионатында дебют жасап, алғашқы ойынын өткізді. 2023 жылдың 3 қаңтарында «Витербезе» клубымен келісімшартқа қол қойды. Кейін албаниялық «Скендербеу» клубына ауысқан. 2023 жылғы 26 тамызда «Эгнатия» командасына қарсы матчта Албания чемпионатында алаңға шықты», деп хабарлады клубтың баспасөз қызметі.
Ол 2025 жылдың 21 ақпанында «Ақтөбе» клубына ауысқан. Аталған команда құрамында еліміздің Премьер-лигасында бес ойын өткізген.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Атырау» футбол клубының бас бапкері қызметінен кетті. Кейін Литваның бірнеше дүркін чемпионы «Атырау» клубына бас бапкер болды.