Соңғы жаңалықтар
Парламент • 09 Қаңтар, 2026
Жұмыс тобы бірпалаталы жаңа Парламенттің атауы қандай болатынын талқылады
Астанада Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының төртінші отырысы өтті, деп хабарлайды Ақорда.
Шаруашылық • 09 Қаңтар, 2026
Берік Базарбаев: «Арамшөп – астықтың басты жауы»
«Түстік өмірің болса, кештік мал жина» деген қағиданы бұлжытпай орындайтын шаруашылық иелерінің бірі – диқандар десек, артық айтқандығымыз емес. Көктемгі егістікке қазірден қызу дайындық жүргізіп жатқан сала мамандары ізденісін бір сәт те тоқтатқан емес. Осы орайда ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыру бағытында ғылым мен тәжірибені ұштастыруға ерекше көңіл бөліп жатқан А.И.Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының өсімдіктерді қорғау зертханасының аға ғылыми қызметкері Берік Бектұрұлы Базарбаевпен әңгімелескен едік. Ғалым Ақмола облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан 019 бюджеттік бағдарлама – «Инновациялық тәжірибені тарату және енгізу бойынша қызметтер» аясындағы жұмыстарға белсенді қатысып қана қоймай, ізденіс нәтижелерін де бүкпесіз ортаға салды.
Мәдениет • 09 Қаңтар, 2026
«Щелкунчик» балеті 40 мың көрермен жинады
Қысқы мерекелік маусымда Пётр Чайковскийдің әйгілі «Щелкунчик» балеті еліміздің бірден үш жетекші театрында сахналанып, классикалық өнерге деген көрермен ықыласының әлі де жоғары екенін дәлелдеді. Жаңа жыл қарсаңында ұсынылған 47 қойылымды 40 мыңнан астам көрермен тамашалап, бұл балеттің нағыз қысқы ертегіге айналғанын айғақтады.
Өндіріс • 09 Қаңтар, 2026
Петропавлда жаңа өндіріс іске қосылды
Өткен жылдың соңында Петропавл қаласында ірі агроөнеркәсіптік инвестициялық жоба өз жұмысын бастады. Қалада толық циклды саңырауқұлақ фермасы ашылды. Жаңа нысанның жұмысымен Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Еркебұлан Мәмбетов пен Дмитрий Колода танысты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 09 Қаңтар, 2026
Елімізде медициналық қызметке арналған ваучерлер беріле бастайды
Бұл – медициналық көмек алу үдерісін мейлінше ашық етеді. Үкіметтің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Қазақстанда медициналық қызметтерге арналған ваучерлер беріле бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Қаңтар, 2026
Өңірге дем берген өндіріс: Түркістан қалай түлеп жатыр?
Мәжіліс депутаттары Түркістан облысына жұмыс сапарымен барып қайтты. Сапарға «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Қайрат Балабиев, Ұласбек Сәдібеков, Темір Қырықбаев, Нұрсұлтан Байтілесов және Ерлан Әбдиев қатысты. Олар Ордабасы ауданына қарасты Бадам және Шұбарсу елді мекендеріндегі бірқатар маңызды нысандарды аралады, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 09 Қаңтар, 2026
Сенатор бір жылда 44 мың теңге табыс тапқан. Басқалар ше?
Сенат сайтында 2024 жылға арналған табыс декларациялары жарияланды. Құжаттар сенаторлардың жеке парақшаларында арнайы бөлімде орналастырылған. Қазіргі уақытта ашық қолжетімді дерек 6 сенаторға қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 09 Қаңтар, 2026
Астанада бала еміне деп ақша жинаған алаяқ ерлі-зайыптыға үкім шықты
Екеуі де кінәлі деп танылды. Астанада ауыр дертке шалдыққан баланы емдеуге ақша жинау сылтауымен алаяқтық жасағаны үшін айыпталған Даулет пен Толқын Тотақановтарға қатысты сот үкімі шығарылды. Тергеу нұсқасына сәйкес, жиналған қайырымдылық қаражаты мақсатсыз жұмсалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Қаңтар, 2026
Ақтөбеде батут паркінде секірген бала мүгедек болып қалды
Полиция бұған дейін қылмыс белгілерінің болмауына байланысты қылмыстық істі тоқтатқан. Ақтөбеде сот батут паркі басшылығын мекемеде жарақат алып, мүгедек болып қалған баланың отбасына өтемақы төлеуге міндеттеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 09 Қаңтар, 2026
Шымкенттің экс-әкімі жаңа қызметке тағайындалды
Шымкенттің бұрынғы әкімі Ғабидулла Әбдірахымов енді «Samruk-Kazyna Construction» акционерлік қоғамының басқарма төрағасының операциялық қызмет жөніндегі орынбасары болып тағайындалды, деп жазады Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 09 Қаңтар, 2026
Астанада мас күйінде көлік жүргізген судьяға қандай жаза тағайындалды?
Астанада мас күйінде көлік басқарған судьяға қатысты істің нүктесі қойылды. Елордалық соттың баспасөз қызметі бүгін оның қандай жазаға тартылғанын хабарлады. Қызмет бабындағы адам көлікті жүргізу құқығынсыз әрі алкогольдік ішімдік ішкен күйде рөлге отырған, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 09 Қаңтар, 2026
Заңсыз ұтыс ойнатқандар жазаға тартылды
Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті жүргізген мониторинг нәтижесі мен жеке тұлғалардан түскен өтініштер негізінде былтыр заңсыз ұтыс ойнатқан 121 адам жазаланды, деп жазады Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 09 Қаңтар, 2026
Полиция мемлекеттік нөмірін жасырған көлік жүргізушілерімен күресті бастады
Елімізде жалған, жасырылған немесе мүлде орнатылмаған мемлекеттік тіркеу нөмірлерімен жүрген көліктерге қарсы кешенді шара басталды. Бұл бағыттағы жұмыс Ішкі істер министрлігінің бастамасымен ел аумағында жүргізіліп жатыр. Тексеру шаралары негізгі республикалық тас жолдарды және елордаға кіреберіс бағыттарды қамтыды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 09 Қаңтар, 2026
Астанадағы LRT-ға қандай мамандар қажет: компания іріктеу жариялады
City Transportation Systems компаниясы Астанада жеңіл рельсті көлік (LRT) жүйесінде оқыту және жұмыс істеу үшін ауқымды кадрлар қабылдау басталғанын мәлім қылды. Компания қызметкерлерді өз есебінен оқытады немесе біліктілігін арттырады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 09 Қаңтар, 2026
Алдағы үш жылда елімізде білім алатын шетел студенттерінің саны күрт көбейеді
Елімізде алдағы үш жыл ішінде шетелдік студенттер санын 100 мыңға дейін арттыру жоспарланып отыр. Ғылым және жоғарғы білім министрлігінің мәліметінше, бүгінде отандық жоғары оқу орындарында 35 мыңнан астам шетелдік студент білім алып жүр, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 09 Қаңтар, 2026
АҚШ елшісі: Қазақстан Президентіне сенім грамотасын тапсырғаныма өте қуаныштымын
Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенім грамотасын тапсырдым. Қазақстанда еңбек ету – мен үшін зор мәртебе. Америка Құрама Штаттары мен Қазақстанның қарым-қатынасы ерте қалыптасты. АҚШ – Қазақстанның тәуелсіздігін алғаш таныған елдердің бірі. Бүгінде серіктестігіміз барынша бекіді. Қазір екіжақты ықпалдастық өз тарихындағы ең жоғары деңгейде.
Саясат • 09 Қаңтар, 2026
Трамп АҚШ-тың Мексикаға соққы жасауға дайын екенін мәлімдеді
АҚШ президенті Дональд Трамп Мексикадағы есірткі картельдеріне қарсы соққы жасауға дайындалып жатқанын мәлімдеді. Ол бұл туралы Fox News арнасына берген сұхбатында айтты. Президент нақты жоспарларды ашып айтпады. Бірақ мәлімдеме қоғамда үлкен дүмпу тудырды, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 09 Қаңтар, 2026
Nvidia жаңа буындағы автопилотты көпшілік назарына ұсынды
Әлемдегі технология саласындағы ең ірі іс-шара CES халықаралық тұтынушылық электроника көрмесі биыл Лас-Вегаста өтіп жатыр. Көрменің басты тақырыбы – «Баршаға арналған жасанды интеллект» деп аталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 09 Қаңтар, 2026
АҚШ Венесуэла мұнайынан 4 млрд доллар пайда тапты
АҚШ Венесуэла мұнайын сату арқылы бір күнде 4 миллиард доллар табыс тапты. Бұл көрсеткіш алдағы уақытта да өсе береді. Бұл туралы Fox News телеарнасына берген сұхбатында Дональд Трамп мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 09 Қаңтар, 2026
Ұлттық қауіпсіздік комитеті 70 адамды тұтқындады
2025 жылы Қазақстанның арнайы қызметтері ел аумағында әрекет еткен 20 қарулы қылмыстық топтың қызметін тоқтатты. Бұл топтар кісі өлтірумен, бопсалаумен және есірткі бизнесімен айналысқан. Тергеу барысында ауыр қылмыстарға қатысы бар 70 адам ұсталды. Олардың арасында шетел азаматтары да бар, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 09 Қаңтар, 2026
Түркия алаяқтық бойынша айыпталған күдіктіні Қазақстанға қайтарды
Бас прокуратура мен Интерпол Ұлттық орталық бюросы Сыртқы істер министрлігінің жәрдемдесуімен Түркия Республикасынан бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген Қазақстан азаматын елге қайтарды, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 09 Қаңтар, 2026
Зейнетақы қаржысын алу үшін дәрігерлер жалған қорытындылар жасаған
Қаржылық мониторинг агенттігі «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан» азаматтардың жинақтарын заңсыз шығару деректері бойынша стоматологиялық клиникалардың басшылары мен өзге де адамдарға қатысты тергеп-тексеруді жалғастырып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 09 Қаңтар, 2026
Шорт-трекшілер Олимпиада ойындарына дайын ба?
Италиядағы қысқы Олимпиада ойындарының басталуына санаулы уақыт қалды. Осыған орай елордалық шорт-трекшілер дайындықтың соңғы кезеңін өткізіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 09 Қаңтар, 2026
Польшадағы қайырымдылық концертінде Димаш Құдайбергеннің әні шырқалды
Польшада Димаш Құдайберген шығармашылығын насихаттайтын «DiVoices» атты топ бар. Олар қазақ әншісінің туындыларын төрт дауыста хормен шырқайды. Жақында олар Польшада қайырымдылық концертін өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 09 Қаңтар, 2026
Оралда 300 «ақылды» камера іске қосылды
Орал қаласында 300 «ақылды» камера іске қосылды. Енді қала көшелері, аулалар мен жол қиылыстары жасанды интеллекттің тәулік бойғы бақылауында болады. Қалалық бейнебақылау жүйесі ЖИ-ге біріктірілді. Сынақтан өткеннен кейін бұл технология Батыс Қазақстан облысы аумағында кезең-кезеңімен енгізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 09 Қаңтар, 2026
Елімізде ипотека бойынша пайыздық мөлшерлемені төмендету уақытша тоқтатылады
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Ұлттық Банкі бірлескен қаулы қабылдады. Бірлескен қаулыға сәйкес 2025 жылғы 1 қарашадан бастап 2026 жылғы 1 шілдеге дейін ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін (ЖТСМ) 25%-дан 20%-ға дейін төмендету жөніндегі норманы тоқтата тұру жоспарланып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 09 Қаңтар, 2026
Жәбірленушілерге 300 млн теңге қайтарылды: «HAS» пирамидасының құрбандары кімдер?
Қаржылық мониторинг агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті «HAS» қаржы пирамидасының қызметінен зардап шеккен азаматтардың өтініштері негізінде жаңа эпизодтар бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 09 Қаңтар, 2026
Президент бірнеше маңызды кодекс пен заңға қол қойды
Ақорданың баспасөз қызметі бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бірнеше кодекс пен заңға қол қойғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Қаңтар, 2026
Қостанай облысында мүгедектігі бар балаларға арналған заманауи оңалту орталығы ашылды
2025 жылдың 25 желтоқсанында Қостанай қаласында психоневрологиялық патологиялары және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балаларға арналған жаңа оңалту орталығының ашылу салтанаты өтті. Бұл жоба – өңірде ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдау және оңалту жүйесін дамытудағы маңызды қадам, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Қаңтар, 2026
Сарандық отбасы қалалық Мәдениет үйін бейнелейтін тоқаш пісірді
Саран қаласында тұратын суретші Виктория Лаппаның отбасында жыл сайынғы ерекше дәстүр бар. Ол әр жаңа жылда тоқаш үй пісіруді әдетке айналдырған. Биыл отбасы қалалық Мәдениет үйі пішініндегі ерекше тоқаш үй жасап, жергілікті пабликтердің назарын аударды, деп жазады Egemen.kz.