Президент • 09 Қаңтар, 2026

Президент бірнеше маңызды кодекс пен заңға қол қойды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақорданың баспасөз қызметі бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бірнеше кодекс пен заңға қол қойғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Президент бірнеше маңызды кодекс пен заңға қол қойды

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі мен Цифрлық кодекске қол қойды.

Сондай-ақ Президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойғаны жарияланды.

Бүгін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрландыру, көлік және кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына да қол қойылды.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Кодекстер мен Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.

Бұған дейін Президент 2026 жылды Цифрландыру және ЖИ жылы деп жариялау туралы жарлыққа қол қойғанын хабарлағанбыз.

Еске салайық, 5 қаңтар күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Turkistan» газетіне кең көлемді сұхбат берді. Онда ол көлік және логистика саласын дамыту Қазақстан үшін стратегиялық маңызы бар басымдық екенін атап өтті. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевтың Владимир Путинмен кездесулері бейресми сипатқа ие екенін айтты. Сондай-ақ Президент соңғы жылдары тарих­ты талқылау сәнге айналғанын сөз етті. Түрлі под­каст­тар, фильмдер, мақалалар мен кітап­тар шығып жатқанынан хабардар екенін жеткізді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Қаңтар оқиғасына қатысқан азаматтарға байланысты сот процестері мен тергеу жұмыстары жөнінде пікір білдірді. Мемлекет басшысы бұл тақырыпқа қатысты негізгі деректер әлдеқашан белгілі болғанын айтып, кейбір сот істері мен ұрланған қаруды іздестіру жұмыстары әлі де жалғасып жатқанын мәлімдеді. 

Соңғы жаңалықтар