Соңғы жаңалықтар
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Ақмола облысында ерекше көрініс: сайлаушылар учаскеге бүркіт пен тазы алып келді
Ақмола облысында дауыс беру күні ерекше көріністермен есте қалды. Кейбір тұрғындар референдум учаскесіне ұлттық дәстүрді көрсететін ерекше тәсілмен келген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Бүгін елордада «Референдум-2026» онлайн марафоны өтеді
Санаулы уақыттан кейін «Референдум-2026» онлайн марафоны басталады, деп жазады Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Алматыда сайлаушыларға фотоаймақ ұйымдастырылды
Референдум күні Алматыдағы барлық дауыс беру учаскесінде ерекше әрі заманауи фотоаймақтар ұйымдастырылды. Бұл бастама қала тұрғындарына азаматтық борышын орындап қана қоймай, маңызды күнді есте қалдырып, естелік суретке түсу үшін жасалған. Фотоаймақтар мерекелік көңіл күй сыйлайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Астана әкімі референдумда дауыс берді
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Конституциялық реформаға арналған референдумда дауыс берді. Қала басшысы елордадағы Оқушылар сарайында орналасқан сайлау учаскелерінің бірінде таңдауын жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Наурыз, 2026
Түркістан облысында алғаш болып дауыс берген азаматтарға Абайдың кітаптары табысталды
Сайрам ауданында орналасқан №533 референдум учаскесінде алғаш болып дауыс берген азаматтарға ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбаевтың кітаптары тарту етілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Алматы облысында дауыс берушілер тізімі миллионнан асады
Бүгін еліміз бойынша жаңа Конституцияны қабылдау мәселесі бойынша республикалық референдум өтіп жатыр. Алматы облысында дауыс беруге құқығы бар азаматтар тізіміне 1 029 611 адам енгізілген. Оның ішінде 5871 адам алғаш рет дауыс бере алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Референдум: 14 мыңнан астам адам шетелде дауыс береді
Шетелдегі учаскелердің ашылуы туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетовтің хабарламасы Орталық сайлау комисссиясының ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Алматы облысының әкімі референдумда өз таңдауын жасады
Ел тағдыры үшін саяси маңызға ие бүгінгі референдумға өңір жұртшылығы белсене қатысып жатыр. Соның ішінде облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев республикалық референдум аясында дауыс берді. Өңір басшысы Қонаев қаласындағы №949 референдум учаскесіне барып, өз таңдауын жасады. Аймақ басшысы бұл күннің ел үшін маңызы ерекше екенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
«Ел дауысы»: Сайлаушылар таңертеңнен бастап белсенді дауыс беріп жатыр
«Ел дауысы» қорының байқаушылары сайлау учаскелерінде таңғы уақыттан бастап азаматтардың көптеп келіп жатқанын тіркеді. Бұл туралы қор жетекшісі Аида Жексенова JexeNews телеграм каналында хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Қазығұртта 100 жастан асқан қария дауыс берді
Қазығұрт ауданына қарасты Қарабау ауылы округінде орналасқан №293 «Қ.Өміралиев» атындағы жалпы білім беретін мектепте орналасқан референдум учаскесіне 100 жастан асқан қария Әрипов Халық ата арнайы келіп, елдің бірлігі мен амандығын тілеп, ақ батасын берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов республикалық референдумда дауыс берді
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Ел тұрғындары референдумда ерекше белсенділік танытып жатыр
Бүгін ел азаматтары таң бозынан республикалық референдумға қатысу үшін ерекше белсенділік танытып отыр. Еліміздің барлық өңіріндегі дауыс беру учаскелерінде өз азаматтық борышын өтеуге асыққан тұрғындардың кезегі байқалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Ұлттық ұланның сарбазы туған күнінде алғаш рет дауыс берді
Бүгін елімізде жаңа Конституцияны қабылдау мәселесіне арналған республикалық референдум өтіп жатыр. Бұл маңызды саяси науқанға Ұлттық ұланның әскери қызметшілері де белсенді қатысуда, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Шымкент қаласында референдум науқаны ерекше басталды. Азаматтық белсенділік танытып, алғашқы болып өз учаскелерінде дауыс берген азаматтарға сыйлықтар табысталды.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Ерлан Қарин: Қазақстандықтар ел болашағын таңдау туралы шешім қабылдауда
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің айтуынша, бүгінгі референдум Конституциялық реформа бойынша жарты жылдан астам уақытқа созылған қоғамдық талқылауларды қорытындылайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Олжас Бектенов жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумда дауыс берді
Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумға қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Астанада алғашқы дауыс берушілерге сыйлықтар табысталды
Астанада референдум өткізу үшін 501 сайлау учаскесі ашылды. Таңертеңнен бастап тұрғындар белсенділік танытып, алғашқы болып дауыс берген азаматтар мен алғаш рет дауыс беруге қатысып жатқан тұрғындарға символикалық сыйлықтар табысталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Бүгін сағат 07:00-де Алматыда №653 сайлау учаскесі ашылып, жалпыхалықтық референдумға ресми түрде дауыс беру басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Қазақстанда жаңа Конституция жобасы бойынша дауыс беру басталды
Еліміздегі барлық учаскеде дауыс беру басталды. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Геннадий Головкин Қазақстанның Таиландтағы Елшілігі жанындағы учаскеде дауыс берді
Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиада комитетінің президенті, «World Boxing» ұйымының президенті Геннадий Головкин Қазақстанның Таиландтағы Елшілігі жанындағы №453 референдум учаскесіне барып, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша республикалық референдумда дауыс берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
«Ел дауысы» қорының бақылаушылары сайлау учаскелеріне алғашқылардың бірі болып келді
«Ел дауысы» қоғамдық қорының тәуелсіз бақылаушылары сағат 05:30-дан бастап сайлау учаскелеріне келе бастады. Учаскелер ресми түрде ашылған сәтте қордың ел бойынша барлық өкілдері өз орындарында болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Референдум: Қазақстан азаматы Сеулде алғашқылардың бірі болып дауыс берді
Сеулдегі учаскеде алғашқылардың бірі болып Азия орман ынтымақтастығы ұйымының (AFoCO) қызметкері Қазақстан азаматы Ернар Сарсенбаев дауыс берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Жапонияда жүрген Қазақстан азаматы референдумда өз таңдауын жасады
Алғашқылардың бірі болып Токио қаласында өткен референдумда дауыс берген Қазақстан азаматы «Нихон» универститетінің 3 курс студенті Жібек Айдын болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Сеул мен Токиодағы референдум учаскелерінде қазақстандықтар дауыс бере бастады
Шетелдегі барлық референдум учаскелері Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктерінің аумақтарында ұйымдастырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 14 Наурыз, 2026
Наурызнама онкүндігі аясында 747 спорттық іс-шара өтеді
14-23 наурыз күндері Наурызнама онкүндігі аясында республика бойынша 747 спорттық-бұқаралық іс-шара өткізу жоспарланған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Наурыз, 2026
Бас прокуратура: Курьерлік қызмет атынан келетін жалған хабарламалар көбейді
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Қылмыстық қауіп-қатерлер мен қоғамдық қауіпсіздік тәуекелдерін болжау орталығы алаяқтықтың жаңа әдісі туралы ескертті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 14 Наурыз, 2026
6,5 трлн теңгеден астам заңсыз актив мемлекет меншігіне өтті
Мемлекетке заңсыз алынған активтерді қайтару мәселелері жөніндегі комиссия 15 отырыс өткізіп, оның қорытындысы бойынша активтерді қайтару шаралары қолданылатын субъектілер мен олармен аффилирленген тұлғалардың тізілімі қалыптастырылды, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 14 Наурыз, 2026
Шымкент тұрғындары жыл сайын АИТВ-ға тексеруден өтеді
1 наурыз – АИТВ-мен ауыратындарды кемсітпеуге бағытталған «Дискриминацияға ноль» күні. ЮНЭЙДС бастамасымен қолға алынған бұл күн әлемде 12 рет аталып өтіп жатыр. Биылғы жылдың ұраны – «Ең алдымен адамдар», деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Наурыз, 2026
Алматыда қазақы тазы иттердің көрмесі өтті
2026 жылғы 14 наурызда Алматы қаласында Қазақстан кинологтар одағы қазақтың ұлттық ит тұқымы – қазақы тазыға арналған кинологиялық іс-шаралар маусымын ашты. Осы күні моно тұқымдық көрме және тұқымдық байқау өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Наурыз, 2026
GIZ Қазақстанның Су ресурстары және ирригация министрлігіне 240 жаңа техника береді
Германияның халықаралық ынтымақтастық қоғамы (GIZ) Су ресурстары және ирригация министрлігіне 240 жаңа техника береді. Оның ішінде 110 жүйелік блок, 50 планшет, 60 ноутбук және 20 монитор бар, деп хабарлайды Egemen.kz.