Соңғы жаңалықтар
Әлем • 23 Ақпан, 2026
Қара алтын құны соңғы алты айдағы ең жоғарғы межені бағындырды
Апта ішінде Brent маркалы мұнай бағасы 5%-дан астам өсті. 20 ақпанда еуро және доллар бағамы 1,1755 деңгейіне дейін төмендеді. Сауда графигінде бұл валюталардың сатылым мақсаты 1,1770 белгісінде орындалып, енді 1,1710 деңгейіне дейін төмендеуі мүмкін. Доллар индексі шамамен 1% өсіп, бес сауда күні ішінде 98 пунктке жақындады. Валютаға макроэкономикалық деректер мен АҚШ Федералдық резерв жүйесінің қатаң сигналдары қолдау көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Ақпан, 2026
Әлеуметтік желілерде Конституцияның жаңа редакциясы жобасының 27-бабы 4-тармағындағы демалыс құқығына қатысты тұжырымдамада «демалыс» сөзінің алдында «жыл сайынғы» сөзі алынып тасталғаны жөнінде ақпарат таралып жатыр. Жекелеген жарияланымдарда бұл өзгеріс қызметкерлердің құқықтарын шектеуге негіз болады деген пікірлер келтірілген. Осыған байланысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аталған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Ақпан, 2026
Оралда қысқы спорт түрлеріне арналған фестиваль өтті
Оралда тұңғыш рет қысқы спорт түрлерінен «Oral Winter Fest – 2026» атты жалпыхалықтық фестиваль өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 23 Ақпан, 2026
Шығыс Қазақстанда ас үй орындығына есірткі сақтаған тұрғын ұсталды
Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне аудан аумағында есірткінің заңсыз сақталуы туралы жедел ақпарат түскен. Құзырлы орган хабарламаны тексеріп, аталған мекенжайда есірткі сақтаған тұрғынды ұстады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Ақпан, 2026
Ұлытау облысында ескек есу мектебі ашылды
Жезқазған қаласында байдарка мен каноэда ескек есушілерді даярлайтын жаңа спорт мектебі пайдалануға берілді. Заманауи талаптарға сай салынған қос қабатты ғимаратта спортшылардың жан-жақты дайындалуына барлық жағдай қарастырылған. Мұнда теориялық сабақтарға арналған оқу сыныптары, жаттығу залдары, жуыну және киім ауыстыру бөлмелері жабдықталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 23 Ақпан, 2026
Қостанай облысында он үш адам қар құрсауынан құтқарылды
Облыстық Төтенше жағдай департаментінің құтқарушылары Қостанай-Қарабұтақ» тас жолының бойында қар құрсауында қалған жолаушыларды эвакуациялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 23 Ақпан, 2026
ERG кеншілері жаңа Конституция жобасын қолдады
Жаңа Конституцияда адам, оның өмірі мен қадір-қасиеті мемлекеттің ең жоғары құндылығы екені нақты бекітілген. ERG Көмір дивизионы кеншілері үшін бұл қарапайым әрі түсінікті қағидалар: еңбек қауіпсіздігі – формалды іс емес, мызғымас міндет. Жұмысшы құқығын қорғау – өтініш емес, заң, деп хабарлайды Egemen.kz.
Фармацевтика • 23 Ақпан, 2026
Елімізде үндістандық «Десилмакс» дәрісін сатуға тыйым салынды
Қазақстанда үндістандық «Десилмакс» дәрілік препаратының медициналық қолданысы мен айналымына ресми түрде тыйым салынды. Денсаулық сақтау министрлігі жүргізілген сараптама нәтижесінен кейін осындай шешім қабылдады, деп жазады Egemen.kz.
Қысқы спорт • 23 Ақпан, 2026
Олимпиада ойындарының жабылу салтанатында Қазақстан туын Михаил Шайдоров алып шықты
Күні кеше Милан және Кортина-2026 қысқы Олимпиада ойындарындары мәресіне жетті. Тарих қойнауына бет алған тағы бір төртжылдықтың басты додасы Италияның Верона қаласында қорытындыланды. Әлемнің 94 елінен 2 917 спортшы бақ сынаған бәсекенің ресми жабылу салтанаты үшін екі мың жылдан астам тарихы бар әрі ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Арена ди Верона амфитеатры таңдалған, деп жазады Egemen.kz.
Еңбек • 23 Ақпан, 2026
Грузияда Қазақстан азаматтарына қандай жұмыс істеуге тыйым салынады?
2026 жылғы 1 наурыздан бастап Грузия шетел азаматтарының еңбек және кәсіпкерлік қызметіне қатысты жаңа шектеулер енгізеді. Тиісті шешімді ел үкіметі арнайы қаулымен бекіткен. Өзгерістер көбіне мигранттар, соның ішінде Қазақстан азаматтары жиі жұмыс істейтін салаларға әсер етеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 23 Ақпан, 2026
Аса ірі көлемде алаяқтық жасаған Қазақстан азаматы Түркиядан экстрадицияланды
Бірнеше рет аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген қылмыскер Анталья қаласында ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланды. Іс-шара Қазақстанның Бас прокуратурасы, Ішкі істер министрлігінің Интерпол қызметкерлері арқылы және Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі қолдауымен жүзеге асты, деп жазады Egemen.kz.
Инвестиция • 23 Ақпан, 2026
Шымкент фармацевтикасына 39,5 млрд теңге инвестиция құйылады
Үкімет фармацевтика саласындағы ірі жобалардың біріне қолдау көрсетті. Денсаулық сақтау министрлігі мен «Химфарм» АҚ арасында халықты қолжетімді дәрі-дәрмекпен қамту және отандық өндірістің үлесін арттыруға бағытталған инвестициялық келісім бекітілді. Қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп жазады Egemen.kz.
Әдебиет • 23 Ақпан, 2026
Цифрлық трансформация кітапханаларды қалай өзгертіп жатыр?
Алматыдағы Ұлттық кітапханада «Кітапхана жүйесіндегі цифрлық трансформация: Қазақстан кітапханаларының Smart технологиясы» тақырыбында екі күндік семинар-тренинг өтті. Кітапхана ісін цифрлық тұрғыдан қайта пайымдау, жасанды интеллект технологияларын тиімді пайдалану бағытында өткен іс-шара Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қысқы спорт • 23 Ақпан, 2026
«Шорт-тректің Марко Ройсы мен шығармын...»: Абзал Әжіғалиев жанкүйерлеріне алғыс айтты
Италияда өткен XXV қысқы Олимпиада шорт-трекші Абзал Әжіғалиевтің спорттық мансабындағы төртінші олимпиада болды. Жылдар бойы төртжылдықтың басты бәсекесінің іріктеулерінен іркілмей өтіп, ел намысын абыроймен қорғап келе жатқан спортшы Миланда 1000 метр, аралас эстафета және 500 метр қашықтықта бақ сынады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 23 Ақпан, 2026
Мексикада атышулы қылмыстық топтың жетекшісінің қазасынан кейін жаппай тәртіпсіздік басталды
2026 жылғы 22 ақпанда Мексика Қарулы күштері арнайы операция барысында елдегі ең ықпалды қылмыстық топтардың бірінің жетекшісі – Немесио Осегера Сервантесті өлтірді. «Эль Менчо» лақап атымен танымал қылмыс әлемінің серкесінің қаза тапқанын Мексика үкіметі ресми түрде растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Ақпан, 2026
Жерасты су қоры: Ел аумағында 700-ден астам бұлақ анықталды
Елімізде жерасты су қорын жүйелі зерттеу және түгендеу жұмыстары жүріп жатыр. «Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметі жүргізген алдын ала зерттеу нәтижесінде Қазақстан аумағында 711 әлеуетті бұлақ анықталды. Бұл – су ресурстары тапшы кезеңде қосымша су көздерін айқындауға бағытталған маңызды қадам, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 23 Ақпан, 2026
Еліміздің қай өңірлерінде жолдар жабық тұр?
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының мәліметінше, 23 ақпан сағат 08:30-дағы жағдай бойынша республикалық маңызы бар бірқатар автожолда қозғалыс қалпына келтірілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 23 Ақпан, 2026
Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
«Қазгидромет» Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 23 Ақпан, 2026
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Астана, Алматы, Шымкент қалаларындағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубльдің орташа сатып алу және сату бағамдары ұсынылды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 22 Ақпан, 2026
Павлодарда көктайғақ салдарынан 150-ден астам адам жарақат алған
Облыс орталығындағы жарақат бөлімшесіне күніне 60 адам жүгінеді. Олардың тең жартысы – көктайғақтан зардап шеккендер, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Ақпан, 2026
Павлодарда автогаз бекеттерінің үштен бірінде заңбұзушылықтар тіркелген
Өңірдегі газ құю стансалары негізінен қоғамдық ғимараттардан және автожолдардан белгілі бір қашықтықта орналасу нормаларын бұзған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Ақпан, 2026
Оралда тұңғыш рет қысқы спорт түрлерінен жалпыхалықтық фестиваль өтті
Оралда тұңғыш рет қысқы спорт түрлерінен «Oral Winter Fest – 2026» атты жалпыхалықтық фестиваль өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Ақпан, 2026
Интернет-алаяқтыққа қарсы нақты нәтиже: Жетісуда 600 мың теңге қайтарылды
Жетісу облысының прокуратурасы «Антифрод-орталығы» арқылы қаражатты қайтару тәжірибесін кеңейтіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Олимпиада • 22 Ақпан, 2026
Үздік ондық: қазақстандық спортшылар 2026 жылғы Олимпиадада үздіктер қатарынан көрінді
Италияда өткен 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы бір алтын медаль жеңіп алды. Дегенмен бірқатар спортшымыз жоғары нәтиже көрсетіп, үздік ондыққа енді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 22 Ақпан, 2026
Атырауда азық-түлік бағасын негізсіз өсірген кәсіпкерлер жауапқа тартылды
Атырауда жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына 15 пайыз үстемені негізсіз қосып, тасымалдаған кәсіпкерлер анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 22 Ақпан, 2026
Қазақстанда автобустар жаңа Конституция жобасы туралы ақпарат тарату алаңына айналды
Еліміздің барлық өңірінде республикалық референдум қарсаңында ауқымды ақпараттық науқан жалғасып жатыр. Қазіргі сәтте қалалар мен облыс орталықтарында қатынайтын автобустар және басқа да қоғамдық көліктер негізгі арналардың біріне айналды, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 22 Ақпан, 2026
Еліміздің спортшылары мен өнер иелері жаңа Конституция жобасын қолдады
Қазақстандық спортшылар мен танымал өнер иелері жаңа Конституция жобасын қолдап, 15 наурызда өтетін республикалық референдумға қатысуға шақырды. Олар мемлекет тағдырына бейжай қарамай, дауыс беруге қатысудың маңызын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Ақпан, 2026
Шымкентте саябақ аумағынан ер адамның мәйіті табылды
22 ақпанда Шымкент қаласындағы Дендросаябақ аумағында ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 22 Ақпан, 2026
Астанада және еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Синоптиктер 23 ақпанда Астанада және еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ата заң • 22 Ақпан, 2026
Ата заңда адам құқығына қандай артықшылық берілді?
Конституция – қоғам мен билік арасындағы ең биік келісім. Ол мемлекеттің не үшін өмір сүретінін және кімге қызмет ететінін анықтайды. Осы өлшеммен қарағанда, 2026 жылғы жаңа Ата заң Қазақстанның құқықтық жүйесінде маңызды бетбұрыс жасады. Бұрынғы Конституция өтпелі кезеңде мемлекетті сақтауға бағытталса, жаңа құжат адамның қадір-қасиетін құқықтық саясаттың алдыңғы шебіне шығаруға талпынып отыр.